Connect with us

IN-THE-NEWS

Сенат депутаты Хасан Қасымбаевпен туыстығы барын мойындады

Published

on

By

Алматы облысының парламент сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Талғардағы “Хутор” қылмыстық тобының басшысы деп аталған Хасан Қасымбаевпен туыстығы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин/instagram.com/zhanbolatzhorgenbaev

Әлеуметтік желіде сенатор Жанболат Жөргенбаевтың Хасан Қасымбаевтың алыс туысы екені туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ “оның болып жатқан жағдайға әсер етуі мүмкін” деген сөздер желдей есті. Яғни, сенатор Хасан Қасымбаевтың ағасы, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаевты қызметінде қалдырып, жұмыстан шығармауын өтінген болуы мүмкін деген ақпарат та бар. 

“Иә, әлеуметтік желіде “Талғар ауданындағы ағайынды Қасымбаевтарға қатысты жағдайға әсер етті” деген жазбалар мен видеоларды көрдім. Мен ешкімге өтініш жасамағанымды, қазіргі Талғар ауданы әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Қасымбаевтың өз орнын сақтап қалуы үшін ешқандай шара қолданбағанымды ресми түрде мәлімдеймін. Оның үстіне, мен Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу барысына ықпал еткен жоқпын және ықпал етуге тырысқан да емеспін”, – дейді депутат Жанболат Жоргенбаев.



Сондай-ақ ол Хасан Қасымбаевтың алыс туысы болып келетінін мойындады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Туыстыққа келер болсақ: иә, облыстың көптеген тұрғындары сияқты Хасан Қасымбаевтың менің алыс туысым екенін растаймын. Өздеріңіз білесіздер, қазақтың ағайын-туысы көп. Бірақ біз тұрақты түрде араласқан емеспіз. Көбіне оны үлкен отбасылық жиындарда немесе қазаға көңіл айта барған кезде, барлық алыс туыстар жиналған кезде көріп қалатынмын. Маған қатысты мәлімдемелердің бәрін  жала деп есептеймін және жала жапқандарға заң жүзінде шара қолданамын”, – дейді Жанболат Жөргенбаев. 

Бұған дейін сенатор Жақып Асанов Хасанмен туыстығы және “Хутор” бандасымен байланысы туралы айтқан еді.

Еске салсақ, “Хутор” бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Кейін оның Ережесіз жекпе-жек спортшысын аяусыз ұрып жатқан видеосы тарап, не үшін ұсталғаны белгілі болды. Сонымен қатар күні кеше, Хасан Қасымбаевтың анасы ұлының жазықсыз екенін айтып, президенттен көмек сұрады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

Published

on

By

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Бұл  туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ресей сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастықтың достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұған жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог, сондай-ақ екі ел үкіметтері мен парламенттерінің үйлесімді жұмысы айтарлықтай ықпал етіп отыр.

Әңгімелесу барысында Ресей президентінің Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесіне айрықша мән берілді. 

“Біз алдағы сапарға тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Бұл мемлекетаралық байланыстардағы айтулы оқиға болады деп санаймыз. Екі елдің ынтымақтастығы үлгі тұтарлықтай және қарқынды дамып келеді. Осы сапар стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасқа тың серпін береді”, – деді президент.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сергей Лавров Ресей мен Қазақстанның көпжақты ықпалдастығы, соның ішінде алдағы сапардың күн тәртібі үкіметтер мен сыртқы саясат ведомстволары арасында егжей-тегжейлі пысықталып жатқанын жеткізді. 

Ресей Сыртқы істер министрі Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 80 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сенат сот жүйесін реформалау туралы заңды мақұлдады: Алдағы уақытта не өзгереді

Published

on

By

7 қарашада сенат сот жүйесін реформалау туралы заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді. Заң қабылданса, елдегі сот жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Жоғарғы сот мәліметіне сәйкес 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық және қылмыстық істер бойынша дербес кассация енгізіледі. Кассациялық сатыда алдын ала қарау кезеңі алып тасталады. Сәйкесінше азаматтар сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат емес, кассациялық шағым береді.

“Сот ісін жүргізудің барлық түрлеріне кассациялық қадағалаудың бірыңғай ережелері енгізілуде. Әкімшілік істерге ұқсас, қылмыстық және азаматтық істерді кассациялық сатыда қарау мерзімі қисынды мерзімде, бірақ 6 айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады”, – делінген хабарламада.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Мұнымен қоса 2027 жылғы 1 шілдеден бастап мүліктік мүдделеріне байланысты даулар бойынша жеке тұлғалардың талап қою сомасы 2 мың АЕК-тен төмен және заңды тұлғалардың талап қою сомасы 30 мың АЕК-тен төмен болуы керек деген талап алып тасталады. Бұл өзгеріс қылмыстық құқық бұзушылықтар және ұсақ қылмыстарға да қатысты болмақ.

Әкімшілік істер бойынша сот шешімі апелляциялық шағымнан кейін заңды күшіне енеді.

Сонымен қатар 2025 жылдың 1 наурызынан бастап “әкімшілік істер бойынша эксаумақтық соттылық” енгізіледі. Мұнда жауапкер әкімшілік орган болмақ. Бұл мемлекеттік органдардың қызметіне де тиімді әсер етеді делінген.

“Дербес кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді. Оның негізгі мақсаты сот практикасын және сот төрелігін жүзеге асыруда заңдылықты сақтау мәселелерін зерделеу әрі қорыту болмақ”, – делінген хабарламада. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қытайдағы төмен сатылым мен техникалық ақауға байланысты BMW компаниясының табысы төмендеді

Published

on

By

Неміс автоөндіруші BMW компаниясының 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы табысы 61%-ға төмендеді. Оған Қытайдағы әлсіз сатылым мен бірқатар модельдердегі техникалық ақаулар себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: wallhere.com

BMW үшінші тоқсанда 1,7 миллиард еуро пайда тапқанын хабарлады. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл 4,35 миллиард еуро болған. 

Сарапшылар операциялық пайдадан 1,8 миллиард еуро күткен. Топ акцияларының саудасы 3%-ға төмен ашылды. Компания Қытай нарығындағы жағдайдың “қиын” болып қалатынын айтты.

Агенттік мәліметінше, қыркүйекте BMW тежегішінде ақау пайда болған. Сол себепті көлік кері қайтарылып, бұл жағдай 1,5 миллионнан астам көлікке әсер еткені. Сонымен бірге компания шамамен 320 мың автокөлікті жеткізу кешіктірілгенін атап өтті.

30 қазанда Financial Times (FT) неміс автоөндіруші Volkswagen-нің (VW) тоқсандық таза кірісі Қытайдағы сату көлемінің төмендеуіне байланысты 64%-ға төмендегенін хабарлады.

Шілдеден қыркүйекке дейін компанияның таза пайдасы 1,57 миллиард еуроға дейін төмендеді (өткен жылы бұл көрсеткіш 4,34 миллиард еуро болған). Автоконцерннің кірісі 78,5 миллиард еуроға дейін (0,5%-ға) азайған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Компания 2024 жылы операциялық кірісті шамамен 18 миллиард еуро болады деп болжайды. Бұл 5,6% пайда маржасына сәйкес келеді.

Өткен жылдың тоғыз айында Қытайдағы көлік сатылымы жергілікті брендтердің бәсекелестігі салдарынан 12%-ға төмендеді. Батыс Еуропада да сату көлемі 1%-ға төмендеді.

22 тамызда BMW алғаш рет Еуропадағы электромобильдер сатылымы бойынша Tesla-ны басып озғаны белгілі болды. Сарапшылар 2024 жылдың шілде айындағы деректерді есептеп шықты. Олардың айтуынша, BMW электромобильдерінің Еуропалық Одақтағы сатылымы шамамен үштен біріне өсіп, 14 мың 869 дана болды. Осы кезеңде Tesla сатылымы 16%-ға төмендеп, 14 мың 561 дана болды.

Tesla жыл басынан бері жеткізілімдер бойынша көшбасшы болды, яғни 178 мың 700 бірлік BMW 97 мың 525-ке қарсы.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!