Connect with us

IN-THE-NEWS

Сот алқасының төрағасы есірткі жасырушыларға қатысты жазаның жеңілдемейтінін айтты

Published

on

By

Жоғарғы сот азаматтар істер бойынша сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов сенат кулуарында есірткі жасырушыларға қатысты жаза жөнінде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

Сенат отырысынан кейін журналистер Шәріповтен есірткі жасырушыларға қатысты жазаның қатаңдығы жайлы сұраған. Өз сөзінде сот алқасының төрағасы президенттің тапсырмасымен осы тектес қылмыстарға жазаның күшейтілгенін айтты. 

“Иә, көбіне жастардың ұсталатыны рас, олар түрмеден қандай адам болып шығады? Енді қарсы сұрақ қояйын: олар жастардың арасында есірткі таратып жүр ғой, жастарды ауыр әрі емделмейтін затқа тәуелді етіп, елдің болашағына үлкен зиянын тигізуде. Бұл адамдарды кім ойлайды?” – деді Шәріпов.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ бұл мәселеге келгенде бақылау мен тепе-теңдікті сақтау маңызды екенін атап өтті. 

“Жазаны қатаңдата отырып, мемлекет мұндай қылмыстың алдын алу шараларын жүргізуі керек. Қылмысты біле тұра жасайды, жайдан-жай кездейсоқ адам синтетикалық есірткіні жасырушыға айналмайды. Олар 10-15 жылға сотталады, мұның аз емес екенімен келісемін. Бірақ осыны біле тұра қылмысқа барады. Оның үстіне біз оларды ғана емес, уланып жатқан адамдарды да ойлауымыз керек”, – дейді ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Есен Елеукен алғаш рет отбасын көрсетті

Published

on

By

“Жайдарманның” бұрынғы басшысы, продюсер Есен Елеукен алғаш рет көпшілікке отбасын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/eseneleuken_resmi/

Продюсер ел алдында әйеліне алғыс айтты. 

“Күні кеше ғана сияқты еді. Ширек ғасыр өте шығыпты. Осы деңгейде жүргенім отбасымның арқасы. Әрқашан тек қолдау көрсетіп, түсіністік танытты. Сүйікті жұмысыммен айналысуыма кедергі келтірмей, керісінше ақылшы болып, демеу берді. Қос қарлығашымның тәрбиесі осы жанның мойнында. Бар болғаныңа рақмет! Күміс тойымыз құтты болсын”, – деп жазды Есен Елеукен. 



Еске салайық, әзіл әлемінің өкілі әйелінің ұлтына қатысты сұраққа жауап берген еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Ол кісі де өнердің адамы. Киім тігу, жалпы дизайнмен айналысады. Өзінің әлемі бар. Есімі – Евгения. Есімінің де тарихы бар, негізі қазақ. Өз ісі бар, ең бастысы, менің жұмысыма кедергі келтірмейді. Қолдап, өзінің бағасын беріп отырады”, – деген еді продюсер. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Батыс Қазақстанда көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген экс-әкім бостандыққа шықты

Published

on

By

Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев көңілдесін өлтіруге тапсырыс бергені үшін 11 жылға сотталған. Араға 8 жыл салып қалған өтелмеген жазасын шартты жазаға ауыстыруды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: “Мой город”

Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев өтелмеген жазаны шартты жазамен ауыстыру туралы өтініш берген. Серікқалиев сот тағайындаған 11 жылдың 8 жылын өтеді. Ол 2027 жылдың 14 наурызында бостандыққа шығуы керек еді. Алайда экс-шенеуніктің нақты жазасы шартты жазаға 2024 жылдың сәуір айында ауыстырылған. Бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жеңіс Серікқалиев жазасын өтеу кезінде тәртіп бұзбаған, жұмыс істеген, іс-шараларға қатысып, 15 рет мадақтау алған.

Еске салайық, 2016 жылдың 23 ақпанында Теректі ауданының бұрынғы әкімінің көңілдесіне екі ер адам шабуыл жасап, көптеген пышақ жарақатын салған. Әйел аман қалып, Теректі ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысының жүргізушісін таныды. Сот барысында Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев досы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Қожамұратовқа көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген. Өйткені экс-әкім мен оның көңілдесінің ортақ қызы бар екен. Әйел оны қызымен бопсалаған. Қожамұратов бұйрықты орындаушы болып, әйелді өлтіру үшін жүргізушісін 500 мың теңгеге жалдаған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Блогер 100 мың лайк үшін әкесін соққыға жықпақ болды

Published

on

By

Өзбекстандық блогер 100 мың лайк үшін әкесін соққыға жығатынын айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

.

Фото: Ташкент облысының Ішкі істер басқармасы 

Ташкент облысы Шыршық қаласының 24 жастағы тұрғыны 100 мың лайк үшін әкесін ұрып-соғатынын айтқан видеосы үшін жауапкершілікке тартылды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Шыршық қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты істі қарап, ер адамды Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 183-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп таныды. Сот ер адамды 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды”, – делінген хабарламада.

Ақтөбеде жасөспірімдер итті аяусыз пышақтап, әрекеттерін видеоға түсірген (видео) Өзбекстанда квадроберлерге айыппұл салынбақ

Бұған дейін Ақмола облысында ер адам ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткішті бүлдіріп кеткен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!