Connect with us

IN-THE-NEWS

Еліміздегі барлық емханаларда науқастарды тіркеу үшін дәрігерлер кабинетіне камера орнатылады

Published

on

By

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде елде науқастардың емханаға келгенін тіркеу үшін дәрігерлер кабинетіне камера орнатылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Аталған жоба пилоттық режимде Астананың 48 емдеу мекемесінде іске қосылған екен. Ал 2025 жылдан бастап елдің барлық аймағында енгізіледі. 

“Медициналық мекемелер науқасты тіркеп, бет-әлпет арқылы тексеруден өткізу үшін веб-камера сатып алуға міндеттеледі. Камералардың бағасы 3000-4000 теңге аралығында, егер қымбатын алғысы келсе, онда 15000 теңгеден басталады. Біз бағасы шамамен 4000 теңге болатын камералармен сынап көрдік, барлығы дұрыс жұмыс істеп тұрды”, – деді ол. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сонымен қатар Face ID жүйесін енгізу үшін қаржы бөлінбегенін, ал жүйені денсаулық сақтау министрлігі үш аптада жасап шыққаны айтылды. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда алдағы уақытта сегіз медициналық анықтама цифрлық форматқа ауыстырылатыны туралы хабарлаған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасынан Mercedes S-кластағы көлік тәркіленіп сатылымға қойылды

Published

on

By

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Марат Әйтеновтің ағасынан алимент бойынша миллиондаған қарызын төлей алмағаны үшін Mercedes S-класты көлігі тәркіленді. Ол үш баласына 23 миллион теңгеден астам төлеуге тиіс. Көлік қазір өзінде айыппұл тұрағында сатылымға шығарылмақшы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: zhso_astana

Мұны елордалық жеке сот орындаушылар палатасы мәлімдеді. 

“Жеке сот орындаушысы үш балаға алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкердің автомашинасын алып, айыппұл тұрағына қамады. Қарыз 23 миллион теңгеден астам соманы құрады”, – деді орындаушылар.

Mercedes S-класы Марат Әйтеновтың балаларына қарызын өтеу үшін электронды сауда-саттық бойынша сатылады. Оның бұрынғы әйелі Дана Атешева қымбат көлікті тәркілеуге көмектескен жеке сот орындаушысы мен судьяға алғысын білдірді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



“Мұндай байланыстар мен шағымдар санына бәрі бірдей төтеп бере алмайды. Әділ және адал судьялар бар. Олардың арқасында мен алға жылжып келемін”, – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Еске салайық, Дана Әтешова 12 шілде күні бұрынғы күйеуі мен оның адамдары тәртіп сақшыларымен өзін үйден күштеп, қуып шықпақ болғанын айтты. Әтешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің үстінен бірнеше рет шағымданған. Ол – Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің ағасы. Сондай-ақ Дана Әтешова президенттен көмек сұраған еді.

Бұған дейін Марат Әйтеновтың 5 тәулікке қамауға алынғаны туралы жазған едік. Ал 2 тамызда сот Марат Әйтеновті бұрынғы әйелін ұрып-соққаны үшін 12 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мадина Сәдуақасова жақсы жаңалығын бөлісті

Published

on

By

Отандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Мадина Сәдуақасова жақсы жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Өнер иесі жақында АҚШ-қа аттанатынын хабарлады. 

“Достар, бұл екі күннен кейін “визаға рұқсат берілді” деген мөрі бар құжатты алдым деген сөз. Америкаға он жылға виза бар. Бір ай бұрын дайындалдым. Көптеген сұраққа қалай жауап беру керек, қалай сөйлеу керек екенін үйретті. Соның арқасында азғантай уақыт ішінде көп сұрақ қоймай, мөрді басып, паспортымды алып қалды. Енді сол визаны алуға келіп тұрмын. Қазір АҚШ елшілігінің алдына келдік. Кезекте тұрмыз. Бұл визаны не үшін алғанымды кейінірек айтып беремін”, – деп қуанышын жасырмады Сәдуақасова. 



Еске салайық, Ерке мен Райымның АҚШ-қа ән сапары кейінге қалдырылған еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“АҚШ-тағы концерттеріміз визамыздың дайын болмағанына байланысты ақпан айына ауысты. Қазір Америкада қыдырып жүретін едім. Әрине, барлығына шүкір”, – деген еді Ерке Есмахан. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Айжан Аймағанова балалар қылмысының артып жатқанына алаңдаушылық білдірді

Published

on

By

Атышулы Қуандық Бишімбаевтың ісінде мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова Астанада өткен Аналар кеңесінің 10 жылдығына арналған республикалық форумға қатысып, сөз сөйледі. Прокурор Айжан Аймағанова “Тәртіпті өзіңнен баста!” акциясын бастауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің 10 жылдық мерейтойымен құттықтаған Айжан Аймағанова ана ретінде балаларының тағдырына алаңдаушылық білдіретінін жасырмады. 

“Өздеріңізге мәлім, кейінгі кездері жастар арасындағы құқық бұзушылықтың көбеюі байқалады. Зорлық-зомбылық, вандализм, бұзақылық фактілері, балаларға қатысты қылмыстардың артуы алаңдатады. Прокурор ретінде осындай істердің куәсімін. Бұл бізге моральдық, психологиялық тұрғыдан өте ауыр. Бір жағынан, ана ретінде аяғын шалыс басқан жастардың болашағына уайымдаймыз. Екінші жағынан, заңгер ретінде жаның ауырады. Қалай десек те, заңды шешім шығарып, жастарды тура жолға салуға тырысамыз. Бірақ біздің балаларымыз неге заң бұзады? Неге қатігездік танытады? Осы ойлар мені көп мазалайды”, – дейді Айжан Аймағанова. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Прокурор бұған отбасындағы тәрбиенің төмендігі себеп болып отыр дейді. Сондықтан ол “Тәртіпті өзіңнен баста” қоғамдық науқанын бастауды ұсынды.

“Балалардың құқық пен бостандық сақталатын, өздерін қауіпсіз сезінетін қоғамда өскенін қалаймын. Қоғам заңның үстемдігі арқылы ғана дамитынына сенімдімін. Мемлекет басшысы дәл осыны атап өтті. “Тәртіпті өзіңнен баста” қоғамдық науқанының басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үндеу, құқық бұзушылық пен тәртіпсіздіктің алдын алу, қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін насихаттау. Осы арқылы жастарды құқық бұзушылықтан аулақ болуға тәрбиелейміз”, – деді мемлекеттік айыптаушы.

Бұған дейін Бишімбаев ісіне қатысқан прокурорлар мемлекеттік наградамен марапатталғаны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!