Connect with us

IN-THE-NEWS

“Жаз бойы жөндегендерінің нәтижесі”: Рудныйда жақында салынған жылу құбыры жарылып үйлер жылусыз қалды (Видео)

Published

on

By

Қостанай облысының Рудный қаласында жақында салынған жылу құбырында апат болып, үйлер жылусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша газета” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

. Фото: желі кадрларынан

Деректерге сүйенсек, апат Топорков көшесінде болған. Жарылған құбырдан пайда болған субұрқақтың видеосы жариялады. 

Оқырмандар бұл жердегі құбырлардың жақында салынған айтады. Нәтижесінде түн ортасына қарай көше бойындағы үйлер жылусыз қалған.

Енді қазақстандықтар коммуналдық қызметке кім және қанша тұтынатынына байланысты төлейді

Ақтаулықтар жаппай жарықсыз қалды: Мамандар себебін түсіндірді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Жаз бойы жөндеу жұмыстарын істеді. Нәтижесі міне”, “Қыс әлі басталмады, ал бұл облыстағы бір аптадағы екінші апат”, “Ұрыспаңыздар, субұрқақ сіздерге сырғанайтын жер жасап жатыр”, – деді оқырмандар. 

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Наша Газета|Новости| Костанай (@ng.kz_)

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Елімізде баспананы сақтандыру міндеттелмек

Published

on

By

Енді қазақстандықтардың коммуналдық қызметтер түбіртегіне тағы бір төлем түрі қосылуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мамандары азаматтарға мүлікті апаттан сақтандыруды міндеттеуді ұсынып отыр. Өйткені елімізде баспанасын төтенше жағдайлардан сақтандыратындар аз екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мамандары төтенше жағдайлардан сақтандырудың жаңа үлгісін әзірлеп жатыр. Себебі елімізде баспанасын табиғи апаттан ерікті түрде сақтандыратын азаматтар тым аз. Сондықтан тұрғындардың коммуналдық төлемдеріне енгізіп, міндеттеуді ұсынады. Дегенмен қазақстандықтардың қанша төлейтіні әзірге белгісіз.

“Бұл тек ұсыныс. Әзірге баспананы апаттан сақтандыруды міндеттеу шарасын әзірлеп жатырмыз. Көптеген шет мемлекеттер осы әдісті қолданады. Сондықтан тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мұндай жаңалыққа қарсы болмайды деп үміттенеміз”, – деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Агенттіктің бұл ұсынысына халықтың көзқарасы екі түрлі. Бірі коммуналдық төлемдер онсыз да қымбат десе, кейбірі елдегі төтенше жағдайлардың жиілегенін айтып, сақтандыруды қолдайды.

“Қосуға болады деп ойлаймын. Өйткені ертең бірдеңе болып қалса, сақтандырудың ақшасы қалады”, “Сақтандыру әркімнің өзінің жеке құқығы емес пе? Оны міндеттеу дұрыс емес. Көлікті міндеттеп қойды, енді үйіңді, жеріңді міндеттеп қойса не болады?”, “Жоқ, дұрыс емес. Онсыз да коммуналдық төлем қымбат шығады” деді жұртшылық.

Жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыру елдегі табиғи апаттардан кейін жиі айтыла бастады. Агенттік өкілдері  коммуналдық төлемге міндетті сақтандыруды енгізбес бұрын ол қоғам талқылуына шығарылады дейді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Легионер спортшыларды мемлекеттің ақшасына қаржыландырмайды

Published

on

By

Енді өзге елден келген легионерлер спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Туризм және спорт министрілігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Orda.kz

Елімізде кәсіби спортты мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер ұсынылды. Заң жобасы бойынша, кәсіби клубтарды ұстауға мемлекет тарапынан қаржыландыру лимиттері белгіленетін болады. Бұл шара бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттырады. Заң жобасында тағы да бір маңызды өзгеріс бар: ҚР азаматтары болып саналмайтын спортшыларды мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу. Бұл шара ел азаматтарының спортта да, қаржылық қолдауда да басымдыққа ие болуын қамтамасыз етеді.

“Бұл өзгерістер спорттық саладағы басқаруды оңтайландырып, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз жоғары жетістіктер спортына ерекше көңіл бөліп, кәсіби спорттың қаржыландыру жүйесін тұрақты әрі әділ етуді мақсат етіп отырмыз”, – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Заң жобасының қабылдануы еліміздегі спорттық жүйені жетілдіруге, мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуына және спорттың кәсіби деңгейде дамуына серпін береді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбеде алаяқ адамдарды медициналық университеттің грантына түсіремін деп алдап кеткен

Published

on

By

Ақтөбеде алаяқ медицина университетінің грантына түсіруге уәде етіп, халықтан ақша алған. Ол үш жылдық жазасын бостандықта жүріп өтейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша іс қаралды. Айыптау актісіне сүйенсек, 2024 жылдың қаңтар айында сотталушы өзінің таныстарына “барлық жерде таныстарым бар” деп алдап, медицина университетінің грант бөліміне оқуға түсіруге уәде еткен. Бұл қызметі үшін ақша сұраған. 

“Жәбірленушілердің сеніміне кіріп, өз қызметінің ақысын айтып, қаражатты қолма-қол және анасының есепшотына аударып алған. Салдарынан 3 жәбірленушіге жалпы 5 млн теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген. Сот отырысында сотталушы айыпты толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін, жәбірленушілерге келтірген залалды толық өтегенін айтты. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жылына 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады”, – деп хабарлады  соттың баспасөз қызметі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, осыған дейін алаяқтар желі арқылы жоқ брендтік заттарды миллион теңгеге сатқан.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!