Connect with us

IN-THE-NEWS

Маңғыстау облысында 11 баланың анасы әлеуметтік желіде билікті сынағаны үшін сотталды

Published

on

By

Маңғыстау облысында билікті сынағаны үшін көпбалалы ана сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Жаңаөзендік Жадыра Досекеева қылмыстық кодекстің “телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру” бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл шартты жазаға кесілді. Енді ол 100 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тартылады. Әрі тұрғынға үш жыл әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды.

Сот жаңаөзендік тұрғынның биыл сәуірде “Tik-Tok” әлеуметтік желісінде жариялаған бейнежазбасын әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыру деп таныды. Белсендіге қатысты қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған . READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Прокурор оның бас бостандығын 4 жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Ал сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, оны үш жыл шартты жазаға кескен.

“Сотталушы өзінің кінәсін мойындамады. Алайда оның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді. Сот жаза тағайындау барысында асырауында балалары барын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық тұрғын Tiktok-тағы тікелей эфирі үшін сотталған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Петропавлда адам өлтірген екі жасөспірім 12 жылға сотталды

Published

on

By

Петропавлда кісі өлтірді деп айыпталған екі жасөспірім 12 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Максим Ивановский мен Евгений Баширов Мағжан Жұмабаев ауданындағы Медвежка ауылында адам өлтіріп, марқұмның 150 мың теңгесін қолды қылған. Көп ұзамай полицейлер күдікке ілінгендерді құрықтап, қылмыстық іс қозғады. Алайда, алқабилердің соты оларды ақтап шықты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Артынша жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, аппеляцияға берген. Араға бірнеше ай салған соң, жаңадан қаралған істің нәтижесінде айыпталушылар кінәлі деп танылды. Қос қылмыскер кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған мекемеде жазасын өтейтін болады. 

Еске салсақ, Алматыда мамыр айында мас күйінде жасөспірімді пышақтап кеткен ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда 281 мың адам табысы туралы декларация тапсырмаған

Published

on

By

Қазақстанда 281 мың адам жалпыға бірдей декларация тапсырмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com

Қосымша бір жарым ай уақыт берілсе де кәсіпкерлер, серіктестік басшылары, заңды тұлғалар мен олардың жұбайлары елдегі және шетелдегі дүние-мүлкін көрсетпеген. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері ескертуді елемей, тәртіпке бағынбаған азаматтарға жаппай айыппұл салынатынын мәлімдеді. Айыппұл құны 55 мың теңге. Бұдан бөлек олардың банктегі есепшоттары да бұғатталмақ.

Жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңінің соңғы күні 16 қыркүйек болған. Алайда бір ай қосымша уақыт берілгеніне қарамастан 281 мың азамат талапты орындамаған. Оның 20 мыңға жуығы Жамбыл облысында тұрады.

“19 мыңнан астам салық төлеушілерге бүгінде хабарламалар шығарылды. Аталған хабарламалар салық төлеушімен 30 күнде орындалуы қажет. Орындалмаған жағдайда мемлекеттік кірістер тарапынан аталған салық төлеушілерге банктік есеп шоттарына бұғат қойылатын болады”, – де READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ал, декларация тапсырғандардың 17 триллион теңгеден астам ақшасы бары анықталды. Бұл 800 мың заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлердің қаржысы. Сондай-ақ шетелдегі бар байлығы бойынша 19 мыңға жуық адамның елден тыс жерде жылжымайтын мүліктері бар екен. 10 мыңға жуық қазақстандық өзге мемлекеттердің банкінен шот ашқан. Жат елде инвестиция ретінде алтын сақтағандар да көп. Бұл ақпаратты мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.

Табысын көрсетіп үлгермеген азаматтарға ескерту берілген берілген еді. Олар хабарлама алған соң 30 күн үшінде есеп беріп үлгеруі тиіс еді. Алайда тиісті құжатты толтырмағандар енді 55 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Сондай-ақ, банк шоттары бұғатталады. Айта кетейік, келесі жылы 18 жасқа толған барлық ел азаматары декларация тапсырады.

Еске салсақ, бұған дейін декларация тапсырмаған қазақстандықтардың шоттары бұғатталатыны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Оралда өзен жағасынан 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Published

on

By

Орал қаласында Шаған өзені жағалауынан 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жас натуралистер станциясы маңында болған.

“Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сараптамаға жіберілді. Жігіттің өзен жағасында балық аулағаны анықталды”, – делінген полиция хабарламасында.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

БҚО полиция департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, барынша абай болу керектігін ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылғаны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!