Connect with us

IN-THE-NEWS

Нидерландыда израильдік жанкүйерлерге шабуыл жасалды

Published

on

By

Амстердамда 7 қараша күні өткен футбол ойынынан кейін израильдік жанкүйерлер шабуылға тап болды. Салдарынан онға жуық түрлі жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euro.news басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Peter Dejong/AP

3000 израильдік жанкүйер Еуропа лигасының матчына келген. Амстердамдағы жергілікті “Аякс” пен Тель-Авивтің “Маккаби” арасындағы футбол матчынан кейін израильдіктерге шабуыл жасалды. Бүлік бастағандар зардап шеккендердің кейбіріне пышақ жарақатын салған. 

Израиль билігі жарақат алып, жапа шеккендерді ел қайтару үшін екі жолаушылар ұшағын жіберді. Елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Нидерланд үкіметі мен қауіпсіздік күштерінен “бүлікшілерге қарсы батыл әрі жылдам шара қолдануды” талап етіп отыр.

Полиция бүлікке қатысы бар 57 адамды ұстады. Нидерланд премьер-министрі Дик Шуф ​​бұл бүлікке “орынсыз” және “антисемиттік” деп баға берді. Сондай-ақ өзінің израильдік әріптесімен байланыста екенін айтты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Тәртіпсіздікке куә болғандардың айтуынша, бүлік бастағандардың кейбірінің қолында Палестинаның туы болған және олар “Палестинаға еркіндік” деп ұрандаған.

Бүлікшілер израильдік жанкүйерлерге шабуыл жасап қана қоймай, “Маккаби” футбол клубының жанкүйерлері тоқтаған қонақүйге басып кіруге әрекеттенген.

“Бізге “арафатка” (араб елдеріндегі ерлер орамалы) киген бір топ ашулы адам шабуыл жасады. Кейбіреулер қолдарына Палестина туын ұстаса, басқалары “Еврейлер өлсін” деп айқайлады. Бұл өте қорқынышты болды. Біз Холокост кезінде Еуропаға тап болғандай күй кештік”, – дейді жанкүйерлердің бірі.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Алматыдағы Наурызбай ауданының 50 мыңнан астам тұрғыны орталық коммуникациялармен қамтылады

Published

on

By

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданына жұмыс сапары барысында “Карғалы” сүзгі станциясының кәріз коллекторын салу бойынша ауқымды жобаны іске асыру барысымен танысты.

Бұл ауданда су бұру мәселесін түбегейлі шешу үшін 2023 жылдың соңында “Карғалы” сүзгі станциясы салынды. Бұл станцияның толық жұмыс істеуі үшін кәріз коллекторының құрылысы қажет.

“2019 жылы “Карғалы” сүзгі станциясын жобалау кезінде кәріз коллекторының құрылысы ескерілмеген. Осы кемшіліктерді жою және жұмыстың дұрыс реттілігін қамтамасыз ету үшін біз қазір магистральдық желілерді жүргіземіз, содан кейін  оларды бөлетін боламыз. Коллектордың құрылысы аяқталғаннан кейін ол “Қарғалы” сүзгі станциясына қосылады, бұл тұрғындарды тұрақты сумен және орталықтандырылған кәрізбен қамтамасыз етеді”, – деді Ерболат Досаев.

Коллектордың жалпы ұзындығы 8,6 км. жұмысты энергетика және сумен жабдықтау басқармасының және аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша екі мердігер ұйым – “НКО” және “Көлсай Строй” ЖШС жүргізеді. Бүгінгі таңда жобаның дайындығы коллектордың жалпы көлемінің шамамен 70%-ын  құрайды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жобаны іске асыру Қарағайлы, Құрамыс, Қарғалы және Таусамалы шағын аудандарының 50 мыңнан астам тұрғыны үшін су бұруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қарқынды дамып келе жатқан ауданда экологиялық қауіпсіздікке ықпал етеді, ластану қаупін азайтады және халықтың санитарлық жағдайын жақсартады.

Қала басшысы Наурызбай ауданының әкімі мен энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысына жұмыстардың орындалу қарқынын жеделдетуді және коллектор құрылысының сапалы, уақтылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ерболат Досаев кәріз коллекторының құрылысын аяқтау қалаға қосылған шағын аудандардың тұрғындарына орталық коммуникацияларға қосылуға және Наурызбай ауданының инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматының Әуезов ауданында 90%-ға тозған ескі инженерлік желілер жаңартылып жатыр

Published

on

By

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында жұмыс сапары барысында Мамыр-4 шағын ауданындағы инженерлік желілердің құрылысы барысымен танысты.

Бұл шағын ауданда жаңғыртуға дейін тұрғындар 1980-1990 жылдары салынған желілер пайдаланып келген, олар 90% тозған. Биылғы тамыз айында қала әкімінің тапсырмасымен Мамыр-4 шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстары басталды. Жалпы ұзындығы – 12,3 км: сумен жабдықтау желілері – 6,5 км, су бұру желілері – 5,8 км. Инженерлік желілердің құрылысы биыл осы шағын аудандағы 14 өтпелі жолда өтеді. 

Қазіргі таңда су бұру желісінің 2 км және сумен жабдықтау желісінің 1,5 км салынған. Жоба 750-ден астам тұрғыны бар 197 үйді қамтиды. Құрылысты келесі жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

2025 жылы тағы 4 көшеде – Абай даңғылы, Момышұлы, Саин және Мұстай Кәрім көшелерінде желілерді салу жоспарлануда.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ерболат Досаев Әуезов ауданының әкіміне Мамыр-4 шағын ауданында инженерлік желілерді салу жұмыстарын сапалы және белгіленген кестеге сай аяқтауды тапсырды. Қала басшысы барлық үйді жаңа желілерге уақытылы қосу және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігін атады. 

Айта кетейік, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту белсенді түрде жүргізілуде. Биылғы жылдың 9 айында 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңғыртылды. 2025 жылы тағы 240 км желі салу және 48 км желіні жаңғырту жоспарланған.

Осылайша, қабылданған шаралар кешені арқасында шамамен 100 мың қала тұрғыны үшін инженерлік желілердің жоғары тозуына байланысты сумен жабдықтау және су бұрудың көпжылдық мәселесі шешіледі.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда жылжымайтын мүлік сатылымы 13%-ға өскен

Published

on

By

Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тұрғын үй сатылымының саны 304,4 мыңға жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда жекелеген айлар бойынша да, жалпы кезең бойынша да айтарлықтай өсім байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: Finprom.kz

Осы жылы 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда жылжымайтын мүлік сатылымы 12,7%-ға өсті. Көрсеткіштің жалпы санының 68,4 мыңы жеке үйлерге тиесілі, ал көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге 236 мың мәміле жасалған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Өңірлер бойынша Алматы (59,7 мың) қаласында ең көп мәміле жасаған. Одан кейінгі орында Астана (53,1 мың) тұр. Сондай-ақ Қарағанды ​​облысыда 24,1 мың транзакция жасалған.

“Батыс Қазақстан облысында (40,5%), Алматыда (28,5%) және Шымкентте (23,8%) үй алып-сату мәмілелерінің өсімі байқалады. Алып-сатудың басым көпшілігі жаңа салынған үйлерге тиесілі. Өйткені мұндай тұрғын үйді ипотекаға алу оңайырақ. Ал ипотека –  Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығының негізгі қозғаушы күші”, – деп жазды басылым.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!