Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстанда ерлердің денсаулығын жаппай тексеруге арналған жоба іске қосылмақ

Published

on

By

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүрек-қан тамырлары, онкология аурулары елдегі ересектер арасында ең көп таралғанын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: Pixabay.com

Министр жыл сайын миллиондаған қазақстандық скринингтен өтетінін айтты. Биыл 3,4 миллионнан астам ересек пен 4,5 миллион бала ауруларды ерте сатысында анықтауға және мүгедектікке әкелетін көптеген асқынуларды болдырмауға көмектесетін тексерістен өтті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Көптеген ересек үшін мүгедектіктің негізгі себебі – жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкология. Биыл 68 мың адам инсульт орталықтары мен коронарография орталықтарында көмек алды. Оңалтуға ерекше назар аударылады — пациенттердің көбірек белсенді өмірге оралуына көмектесу үшін оңалту төсектерінің саны 12 мыңға дейін ұлғайтылды”, – деп мәлімдеді Әлназарова.

2025 жылдан бастап паллиативтік көмек қаржыландыру 42% өседі. Келесі жылы 50 жастан асқан ер адамдарда, инфаркт пен инсульт қаупі жоғары топтарда жүрек-қан тамырлары қаупін ерте анықтау жобасы басталады. 

“Денсаулығымызға бүгіннен бастап қамқорлық жасауымыз керек. Тек тұрақты тексерулер мен профилактикаға назар аудару өмір сапасын сақтауға және көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі. Скринингтен өтіңіздер, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар”, – деді денсаулық сақтау министрі. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстан мен Вьетнам араларында қылмыскерлерді алмастырады

Published

on

By

Тоқаев Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Елдер арасындағы келісім сотталғандарды берудің шарттары мен тәртібін реттейді. Бұл ретте сотталған адам немесе оның заңды өкiлi ерiктi және хабардар етiлген жазбаша келiсiмiн беруге тиiс.

Құжатта сотталған адамды ауыстырудың мынадай шарттарын белгілейді:

– сотталған адам Қазақстан немесе Вьетнам азаматы болуы керек;

– жазасын өтеушінің әрекеті екі елде де қылмыс деп танылуға тиіс; READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

– ауыстыру туралы өтініш түскен кезде сотталғанға қатысты шығарылған үкім заңды күшіне енген және сотталған адамның өтеу мерзімі кемінде бір жыл болса;

– сотталған адамға қатысты үкім заңды күшіне енген және оны берген елде бұл азаматқа қатысты басқа қылмыстық іс жоқ жағдайда;

– аусытыруға екі тарап өзара келіскен;

– сотталған адамның жасына, дене немесе психикалық жай-күйіне байланысты ауыстыруға келісім беру мүмкін болмаса, сотталған адамның немесе оның заңды өкілінің жазбаша келісімі бар.

Әрбір тарап беру туралы тәуелсіз шешім қабылдау құқығын сақтайды. Сондай-ақ құжатта оны орындауға байланысты шығындарды реттейтін ережелер мен шартты түсіндіруге немесе қолдануға байланысты тараптар арасындағы келіспеушіліктерді шешу тәртібі қарастырылған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Интернеттегі ата-ана бақылауы қызметтеріне шолу

Published

on

By

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар, ұялы байланыс, теледидар маңызы арта түсуде. Интернет тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас, ойын-сауық және білім берудің әмбебап ортасына айналды. Интернет қолданушыларының саны да күн сайын артып келеді.

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Интернеттің үздіксіз өсуіне және ауқымының кеңеюіне байланысты ондағы заңсыз материалдардың да саны көбеюде. Қазіргідей цифрлық әлемде балаларды желідегі қауіптерден қорғау маңызды мәселеге айналды. Мемлекеттік органдар осындай қауіптерге қарсы тұру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Дегенмен, интернеттегі заңсыз әрекеттер мәселесін тек мемлекеттік құрылымдардың күшімен шешу мүмкін емес. Сондықтан, БАҚ саласындағы заңнамалық талаптардың орындалуын қадағалайтын ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі ата-аналар үшін қолжетімді шешімдер шолуын ұсынады.

Ата-ана бақылауы сервистері заңсыз контентке қол жеткізуді шектеуге, онлайн-әрекеттерді қадағалауға және құрылғыларды пайдалану уақытын бақылауға көмектеседі.

Ата-ана бақылауына арналған танымал қосымшалар:

– Kaspersky Safe Kids: сайттарды бұғаттау, геолокация, белсенділік туралы есептер.

– Dr.Web Security Space: антивирус және ата-ана бақылауы, контентті сүзу.

– Qustodio (Испания): контентті сүзу, экран уақытын шектеу, әлеуметтік желілерді бақылау.

– Net Nanny (АҚШ): контентті бұғаттау, экран уақытын шектеу және орналасқан жерді қадағалау. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

– Norton Family: сайттарды сүзу, пайдалану уақытын шектеу және іздеу сұрауларын қадағалау.

– Kidslox: экран уақытын шектеу, қосымшаларды бұғаттау және орналасқан жерді қадағалау.

– Parental Control Kroha (Украина): қосымшаларды бұғаттау, веб-бақылау, белсенділікке мониторинг жасау.

– Google Family Link: Android жүйесінде белсенділікті бақылауға арналған тегін қосымша. Ата-ана мен баланың құрылғыларына орнату қажет.

– Kidlogger: белсенділікті қадағалауға мүмкіндік беретін пассивті бақылау.

– Кірістірілген мүмкіндіктер: Android үшін Google Play арқылы, iOS үшін — геопозицияны қадағалау үшін “Экран уақыты” және “Орналасқан жерді анықтау”.

– TikTok Family Pairing: жасөспірімдердің TikTok қолдануын бақылау, экран уақытын шектеу және контентті сүзу мүмкіндігімен.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жалғас Жұмағұлов еуропалық тұжырымдағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Published

on

By

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon тұжырымындағы алғашқы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: UFC

UFC тұжырымының экс-спортшысы Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon тұжырымындағы дебютті жекпе-жегінің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыз өзінің дебюттік кездесуін ертең Словакияда өтетін турнирде өткізеді. Жалғас бұл турнирде Аарон Эбиге қарсы жұдырықтасады. екеуі де салмақ өлшеу рәсімінде тиісті салмақта көрсетті. Жұмағұлов 57,1 келі көрсетсе, Аарон 56,8 келі болды. Енді қос спортшы ертең өзара мықтыны анықтайды.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін биыл 24 ақпанда Алматыдағы Naiza FC 57 турнирінде өткізді. Ол сол жекпе-жекте америкалық спортшы Кливленд Маклинді төрешілердің  шешімімен жеңген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!