Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстанда жылжымайтын мүлік сатылымы 13%-ға өскен

Published

on

By

Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тұрғын үй сатылымының саны 304,4 мыңға жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда жекелеген айлар бойынша да, жалпы кезең бойынша да айтарлықтай өсім байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: Finprom.kz

Осы жылы 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда жылжымайтын мүлік сатылымы 12,7%-ға өсті. Көрсеткіштің жалпы санының 68,4 мыңы жеке үйлерге тиесілі, ал көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге 236 мың мәміле жасалған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Өңірлер бойынша Алматы (59,7 мың) қаласында ең көп мәміле жасаған. Одан кейінгі орында Астана (53,1 мың) тұр. Сондай-ақ Қарағанды ​​облысыда 24,1 мың транзакция жасалған.

“Батыс Қазақстан облысында (40,5%), Алматыда (28,5%) және Шымкентте (23,8%) үй алып-сату мәмілелерінің өсімі байқалады. Алып-сатудың басым көпшілігі жаңа салынған үйлерге тиесілі. Өйткені мұндай тұрғын үйді ипотекаға алу оңайырақ. Ал ипотека –  Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығының негізгі қозғаушы күші”, – деп жазды басылым.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылды

Published

on

By

Тараз орталығындағы жалдамалы пәтерден зорлық белгілері бар екі әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

Олардың бірі Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі тараздық екені хабарланды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жамбыл облыстық полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

“Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Жамбыл облыстық ІІД басшылығы шықты. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде”, – деп хабарлады полиция басқармасы.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстан мен Вьетнам араларында қылмыскерлерді алмастырады

Published

on

By

Тоқаев Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Елдер арасындағы келісім сотталғандарды берудің шарттары мен тәртібін реттейді. Бұл ретте сотталған адам немесе оның заңды өкiлi ерiктi және хабардар етiлген жазбаша келiсiмiн беруге тиiс.

Құжатта сотталған адамды ауыстырудың мынадай шарттарын белгілейді:

– сотталған адам Қазақстан немесе Вьетнам азаматы болуы керек;

– жазасын өтеушінің әрекеті екі елде де қылмыс деп танылуға тиіс; READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

– ауыстыру туралы өтініш түскен кезде сотталғанға қатысты шығарылған үкім заңды күшіне енген және сотталған адамның өтеу мерзімі кемінде бір жыл болса;

– сотталған адамға қатысты үкім заңды күшіне енген және оны берген елде бұл азаматқа қатысты басқа қылмыстық іс жоқ жағдайда;

– аусытыруға екі тарап өзара келіскен;

– сотталған адамның жасына, дене немесе психикалық жай-күйіне байланысты ауыстыруға келісім беру мүмкін болмаса, сотталған адамның немесе оның заңды өкілінің жазбаша келісімі бар.

Әрбір тарап беру туралы тәуелсіз шешім қабылдау құқығын сақтайды. Сондай-ақ құжатта оны орындауға байланысты шығындарды реттейтін ережелер мен шартты түсіндіруге немесе қолдануға байланысты тараптар арасындағы келіспеушіліктерді шешу тәртібі қарастырылған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Интернеттегі ата-ана бақылауы қызметтеріне шолу

Published

on

By

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар, ұялы байланыс, теледидар маңызы арта түсуде. Интернет тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас, ойын-сауық және білім берудің әмбебап ортасына айналды. Интернет қолданушыларының саны да күн сайын артып келеді.

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Интернеттің үздіксіз өсуіне және ауқымының кеңеюіне байланысты ондағы заңсыз материалдардың да саны көбеюде. Қазіргідей цифрлық әлемде балаларды желідегі қауіптерден қорғау маңызды мәселеге айналды. Мемлекеттік органдар осындай қауіптерге қарсы тұру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Дегенмен, интернеттегі заңсыз әрекеттер мәселесін тек мемлекеттік құрылымдардың күшімен шешу мүмкін емес. Сондықтан, БАҚ саласындағы заңнамалық талаптардың орындалуын қадағалайтын ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі ата-аналар үшін қолжетімді шешімдер шолуын ұсынады.

Ата-ана бақылауы сервистері заңсыз контентке қол жеткізуді шектеуге, онлайн-әрекеттерді қадағалауға және құрылғыларды пайдалану уақытын бақылауға көмектеседі.

Ата-ана бақылауына арналған танымал қосымшалар:

– Kaspersky Safe Kids: сайттарды бұғаттау, геолокация, белсенділік туралы есептер.

– Dr.Web Security Space: антивирус және ата-ана бақылауы, контентті сүзу.

– Qustodio (Испания): контентті сүзу, экран уақытын шектеу, әлеуметтік желілерді бақылау.

– Net Nanny (АҚШ): контентті бұғаттау, экран уақытын шектеу және орналасқан жерді қадағалау. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

– Norton Family: сайттарды сүзу, пайдалану уақытын шектеу және іздеу сұрауларын қадағалау.

– Kidslox: экран уақытын шектеу, қосымшаларды бұғаттау және орналасқан жерді қадағалау.

– Parental Control Kroha (Украина): қосымшаларды бұғаттау, веб-бақылау, белсенділікке мониторинг жасау.

– Google Family Link: Android жүйесінде белсенділікті бақылауға арналған тегін қосымша. Ата-ана мен баланың құрылғыларына орнату қажет.

– Kidlogger: белсенділікті қадағалауға мүмкіндік беретін пассивті бақылау.

– Кірістірілген мүмкіндіктер: Android үшін Google Play арқылы, iOS үшін — геопозицияны қадағалау үшін “Экран уақыты” және “Орналасқан жерді анықтау”.

– TikTok Family Pairing: жасөспірімдердің TikTok қолдануын бақылау, экран уақытын шектеу және контентті сүзу мүмкіндігімен.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!