Connect with us

IN-THE-NEWS

15 жастағы бала компьютер ойындарына тыйым салған анасын балтамен шауып өлтірді

Published

on

By

Ресейдің Мәскеу облысында 15 жастағы мектеп оқушысы анасын балтамен ұрып өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Сергиев Посад маңындағы Красная Сторожка ауылында 15 жастағы балаға анасы ұрысқан. Ол жасөпірімнің планшеті мен телефонын алып, компьютерде ойнауға тыйым салған екен. Өйткені жасөспірім сабаққа бармаған.

Кезекті жанжалдан кейін мектеп оқушысы анасының жатын бөлмесіне келіп, оның басынан балтамен бірнеше рет ұрған. Әйел оқиға орнында мерт болды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Облыстық тергеу комитетінің мәліметінше, жасөспірімнің өзі полицияға мойындаған. 

“Қазір тергеушілер онымен жұмыс істеп жатыр, кәмелетке толмаған баланың қылмысқа қатысы, басқа да объективті айғақтары алынды, барлық мән-жайлар мен себептер анықталып жатыр”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін 13 жасар оқушы қыз екі сіңлісін аяусыз өлтірген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Алматының Әуезов ауданында 90%-ға тозған ескі инженерлік желілер жаңартылып жатыр

Published

on

By

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында жұмыс сапары барысында Мамыр-4 шағын ауданындағы инженерлік желілердің құрылысы барысымен танысты.

Бұл шағын ауданда жаңғыртуға дейін тұрғындар 1980-1990 жылдары салынған желілер пайдаланып келген, олар 90% тозған. Биылғы тамыз айында қала әкімінің тапсырмасымен Мамыр-4 шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстары басталды. Жалпы ұзындығы – 12,3 км: сумен жабдықтау желілері – 6,5 км, су бұру желілері – 5,8 км. Инженерлік желілердің құрылысы биыл осы шағын аудандағы 14 өтпелі жолда өтеді. 

Қазіргі таңда су бұру желісінің 2 км және сумен жабдықтау желісінің 1,5 км салынған. Жоба 750-ден астам тұрғыны бар 197 үйді қамтиды. Құрылысты келесі жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

2025 жылы тағы 4 көшеде – Абай даңғылы, Момышұлы, Саин және Мұстай Кәрім көшелерінде желілерді салу жоспарлануда.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ерболат Досаев Әуезов ауданының әкіміне Мамыр-4 шағын ауданында инженерлік желілерді салу жұмыстарын сапалы және белгіленген кестеге сай аяқтауды тапсырды. Қала басшысы барлық үйді жаңа желілерге уақытылы қосу және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігін атады. 

Айта кетейік, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту белсенді түрде жүргізілуде. Биылғы жылдың 9 айында 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңғыртылды. 2025 жылы тағы 240 км желі салу және 48 км желіні жаңғырту жоспарланған.

Осылайша, қабылданған шаралар кешені арқасында шамамен 100 мың қала тұрғыны үшін инженерлік желілердің жоғары тозуына байланысты сумен жабдықтау және су бұрудың көпжылдық мәселесі шешіледі.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда жылжымайтын мүлік сатылымы 13%-ға өскен

Published

on

By

Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тұрғын үй сатылымының саны 304,4 мыңға жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда жекелеген айлар бойынша да, жалпы кезең бойынша да айтарлықтай өсім байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: Finprom.kz

Осы жылы 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда жылжымайтын мүлік сатылымы 12,7%-ға өсті. Көрсеткіштің жалпы санының 68,4 мыңы жеке үйлерге тиесілі, ал көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге 236 мың мәміле жасалған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Өңірлер бойынша Алматы (59,7 мың) қаласында ең көп мәміле жасаған. Одан кейінгі орында Астана (53,1 мың) тұр. Сондай-ақ Қарағанды ​​облысыда 24,1 мың транзакция жасалған.

“Батыс Қазақстан облысында (40,5%), Алматыда (28,5%) және Шымкентте (23,8%) үй алып-сату мәмілелерінің өсімі байқалады. Алып-сатудың басым көпшілігі жаңа салынған үйлерге тиесілі. Өйткені мұндай тұрғын үйді ипотекаға алу оңайырақ. Ал ипотека –  Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығының негізгі қозғаушы күші”, – деп жазды басылым.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасынан Mercedes S-кластағы көлік тәркіленіп сатылымға қойылды

Published

on

By

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Марат Әйтеновтің ағасынан алимент бойынша миллиондаған қарызын төлей алмағаны үшін Mercedes S-класты көлігі тәркіленді. Ол үш баласына 23 миллион теңгеден астам төлеуге тиіс. Көлік қазір өзінде айыппұл тұрағында сатылымға шығарылмақшы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: zhso_astana

Мұны елордалық жеке сот орындаушылар палатасы мәлімдеді. 

“Жеке сот орындаушысы үш балаға алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкердің автомашинасын алып, айыппұл тұрағына қамады. Қарыз 23 миллион теңгеден астам соманы құрады”, – деді орындаушылар.

Mercedes S-класы Марат Әйтеновтың балаларына қарызын өтеу үшін электронды сауда-саттық бойынша сатылады. Оның бұрынғы әйелі Дана Атешева қымбат көлікті тәркілеуге көмектескен жеке сот орындаушысы мен судьяға алғысын білдірді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



“Мұндай байланыстар мен шағымдар санына бәрі бірдей төтеп бере алмайды. Әділ және адал судьялар бар. Олардың арқасында мен алға жылжып келемін”, – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Еске салайық, Дана Әтешова 12 шілде күні бұрынғы күйеуі мен оның адамдары тәртіп сақшыларымен өзін үйден күштеп, қуып шықпақ болғанын айтты. Әтешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің үстінен бірнеше рет шағымданған. Ол – Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің ағасы. Сондай-ақ Дана Әтешова президенттен көмек сұраған еді.

Бұған дейін Марат Әйтеновтың 5 тәулікке қамауға алынғаны туралы жазған едік. Ал 2 тамызда сот Марат Әйтеновті бұрынғы әйелін ұрып-соққаны үшін 12 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!