Connect with us

IN-THE-NEWS

Тұмаудан емделемін деп күніне 4 литр су ішкен әйел өлім аузынан қалды

Published

on

By

41 жастағы Нина Манро ЖРВИ-ден емдеу үшін күніне төрт литр су ішіп жансақтау бөліміне түсті. Айтуынша суық тигіздім деп дәрігерге қаралғанда оған көп су ішуге кеңес берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Surrey LIVE басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Surrey LIVE

2024 жылдың жазында әйел аурудың алғашқы белгілерін сезген. Оның құлағы мен тамағы ауырып, жөтел пайда бола бастаған. Дәрігерлерге барғанда, олар көбірек су ішуге кеңес беріп, бірнеше дәрі жазып берген.

Алайда әйел емделу үшін дәрілермен қоса күнделікті төрт литр су ішіп жүрген. Нәтижесінде Манроның жағдайы нашарлады құсып, ұстамасы пайда болған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Онда қанында натрийдің өлімге әкелетін төмен деңгейі анықталған. Дәрігерлер пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағдай микоплазмалық инфекциядан және микроэлементтердің жетіспеушілігінен туындағанын жеткізді. Әйел көп мөлшерде су ішкендіктен барлық қажетті заттар шайылып кетіп отырған. Манро құнды заттардың деңгейі қалпына келгенше жансақтау бөлімінде бес күн жатты.

“Дәрігерлер менің мұндай жағдайдан қалай аман қалғаныма таң қалды. Реанимациядағы алғашқы бірнеше күнде мен ештеңе іше алмадым. Енді мен шөлдеген кезде ғана су ішемін. Күніне 1,5 литрден артық ішпеймін”, – деді әйел.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қостанай облысының соты орман шаруашылығының бұрынғы басшысынан 21 миллиард теңге өндірді

Published

on

By

Қостанай облысында “Басаман” орман шаруашылығы кәсіпорнының бұрынғы басшысы Асхат Жақашев Аманқарағайдағы орман өрті үшін 21 миллиард 436 млн теңге төлеуге міндеттелді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдай министрлігі

Экс-директор қазірдің өзінде өрт маусымында ағаш кесушілерді заңсыз жұмысқа жібергені үшін жазасын өтеп жатыр. Салдарынан 40 гектар орман мен ауыл тұрғындарының үйлері өртке оранды. 

Бір жыл бұрын “Басаман” орман шаруашылығы кәсіпорнының экс-басшысы Асхат Жақашев 4,5 жылға сотталып, жалпы режимдегі колонияға жіберілген еді. Дәл осы орман шаруашылығынан 2022 жылдың қыркүйегінде алапат өрт шықты. Жақашев өрт қаупі жоғары кезде Қостанай облысының орман қоры аумағында адамдардың болуына тыйым салынғанына қарамастан, жеке бригаданың орманда ағаш кесу жұмыстарына жіберген. Мұның соңы қайғылы жағдайға әкеп соқты. 

Сондай-ақ ағаш өңдеушілер ақшаны оның жеке шотына аударуға мәжбүр болған. Қазір Қостанай қалалық соты экс-директордан 20 миллиард теңгеден астам шығынды өндіріп алды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Талап арызды ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден мемлекетке 21 миллиард 436 миллион шығын өндірілді. Оның 326 миллионы аудандық бюджетке, қалғаны облыстық бюджетке түсті. Сот ортақ үлестік меншікті құру және жұбайының ½ үлесін өндіріп алу туралы талаптарды мерзімінен бұрын қойылған деп санады”, – деп мәлімдеді Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Ләззат Байғожина.



Бұған дейін Қостанай облыстық соты Асхат Жақашевті қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқаруға тыйым салып, сотталушыны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Бұған дейін Астанада өрттен қаза тапқан төрт баланың өлімі туралы көршілері айтып берген еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстандық балуан Армениядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Published

on

By

Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінен тағы бір қола жүлде қоржынымызға түсті. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот

Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде кезекті рет қазақ балуаны жеңіс тұғырына көтерілді. Еркін күрестен 86 келі салмақта сынға түскен Рүстем Мырзағалиев үздік үштіктен көрінді. Отандасымыз ширек финалда ресейлік балуан Арслан Багаевқа есе жібергенімен қола жүлде үшін белдесу мүмкіндігіне ие болды. Рүстем кіші финалда маңғолиялық балуанды 5:4 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық еркін күрес шебері Мейіржан Әшіровтің әскерилер арасында әлем чемпионы атанғанын жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты әскери шараларды қабылдауды тапсырды

Published

on

By

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты әскерді күшейтіп, қауіпсіздік шаралар қабылдауды тапсырды.

Тоқаев премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.



Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау”, – делінген хабарламада.

Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген еді.

Бұған дейін Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!