Connect with us

IN-THE-NEWS

Қырғызстан ата-аналарға балаларды ұрып жазалауға мүлде тыйым салмақ

Published

on

By

Қырғызстан және тағы сегіз ел 18 жасқа толмаған балаларды ұрып жазалауға тыйым салатын болды. Енді бұл елдерде балаларды шапалақпен ұруға, түртіп қалуға жол берілмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Басылымның хабарлауынша, мемлекеттер тізімінде Уганда, Бурунди, Шри-Ланка, Панама және Чехия да бар.

“Бұл дене жазасына толық тыйым салу. Осылайша, Гамбия мен Нигерияда мұндай жаза түрі мектептерде де жойлады. Бұл міндеттемелер Колумбияда өткен БҰҰ-ның бірінші дүниежүзілік тақырыптық конференциясына талқыланды”, – деп жазады басылым.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының өкілі Бесс Герберттің айтуынша, аталған елдерде барлығы 150 миллионға жуық бала тұрады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Дене жазасына ауырсыну немесе ыңғайсыздық тудыру үшін қолданылатын физикалық күш (тіпті ең жеңіл дәрежеде), сондай-ақ қатыгез және ар-намысты қорлайтын жазаның физикалық емес түрлері де жатады.

БҰҰ-ға кіретін 193 елдің 67-сінде дене жазасына толық тыйым салынған. Заң шығарушы деңгейдегі зорлық-зомбылықты тоқтатқан алғашқы ел 1979 жылы Швеция болды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жетісу облысында екі ер адам итті өлтіріп, сойып тастаған

Published

on

By

Жетісу облысы Текелі қаласында екі ер адам итті өлтіріп, сойып тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Жетісу облысы Текелі қалалық соты денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету бойынша айыпталған 3 адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

“Осы жылдың қыркүйек айында Текелі қаласында ер адамдар К, С және П бірге уақыт өткізіп, ішімдік ішкен. Жолда олар М есімді азаматты кездестіріп, өздеріне қосылуды ұсынады. Дастархан басында жәбірленуші М мен айыпталушылар арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Төбелес нәтижесінде жәбірленуші дене жарақаттарын алып, бұл жарақаттар денсаулыққа жеңіл зиян келтіру деп бағаданды. Жанжалдан кейін К және С жәбірленушінің итін өлтіріп, оның етінен тамақ дайындауға шешім қабылдаған. Сол мақсатта олар итті ваннаға апарып өлтірген, бірақ оның етін пайдаланудан бас тартқан”, – делінген ақпаратта. 

Жәбірленуші сотқа айыпталушылармен татуласуына және келтірілген зиянды өтеуіне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап жүгінген. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Айыпталушылар кінәларын толық мойындап, істегендеріне өкінетіндерін білдіріп, жәбірленушінің өтінішін қолдады және оларға қатысты қылмыстық істі ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатуды өтінген.

Сот жәбірленушінің өтінішін қанағаттандырып, С және П қатысты қылмыстық істі ҚР ҚК 68-бабына сәйкес тоқтатты. К-ға қатысты қылмыстық іс 2023 жылдың ақпан айында бір рет тоқтатылғандықтан, заңнамаға сәйкес, оның ісі тоқтатылуға жатпайды. Айып тағылған баптың санкциясы бір жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасын қарастырады. Кінәні жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот күдіктілерге 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады”, – делінген соттың хабарламасынжа. 

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, Ақтөбедегі ауылдардың бірінде оқушы мойнына жіп байланған итті сүйреп, қатыгездікпен пышақтап тастағаны туралы хабарлаған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Көкшетаудағы ойын-сауық орталығында әлдекімдер 22 жастағы жігітті өлтіріп кеткен

Published

on

By

Көкшетаудағы ойын-сауық орталықтарының бірінде 22 жастағы жігітті әлдекімдер өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Қазір жігіттің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Сол себепті оқиғаның нақты қай ойын-сауық орталығында болғаны әзірге белгісіз.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Небәрі 22 жаста болған жас жігіт үйлену тойы күні көз жұмған. Полицейлер бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін түсіндірді. Туыстары өз кезегінде қылмыскерлер жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қорқады. Ақмола облысының әкімі бұл істі өз бақылауына алғанын қалаймыз”, – делінген желіде тараған ақпаратта

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мейіржан Шермаханбет Қазақстан кубогінің чемпионы атанды

Published

on

By

Мейіржан Шермаханбет Таразда күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан Республикасының кубогінде топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Фото: UWW

Әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионы Мейіржан Шермаханбет Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды. Грек-рим күресінің шебері 67 келіде бақ сынап, қарсыластарының бәрінен басым түсті. Ол жартылай финалда былтырғы ҚР кубогінің финалисі Мерей Бекеновке қарсы күресіп, тартысқа толы өткен белдесуде 7:6 есебімен жеңіске жетті. Ал финалда астаналық Бағдат Сабазды айқын басымдықпен ұтты. 

. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан кубогінің алғашқы жарыс күнінде топ жарғандар анықталғанын жазған едік. 

.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!