Connect with us

IN-THE-NEWS

Ақтөбе облысында 1,5 миллион теңге пара алғаны үшін депо бастығы сотталды

Published

on

By

Ақтөбе облысында 1,5 миллион теңге пара алған депо басшысы сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақтөбе облысындағы Ембі тұрғыны жұмысқа орналасқысы келіп, Жем эксплуатациялық локомотив депосында машинист көмекшісі болып істейтін досына жүгінген. Ол депоның кадрлармен жұмыс жөніндегі менеджеріне хабарласқан. Менеджер басшыға пара беруге кеңес берген.

Басшы ембілік тұрғынды параға жұмысқа алуға келісіп, сұхбаттасу үшін оған сұрақ-жауапты беруді тапсырды. Үміткер тестілеуден қажетті балл жинап, сұхбаттан сәтті өтті. Ер адамда қажетті сома болмағандықтан, ол әйелінен 4 миллион теңге несие алуды сұраған. 1,5 миллионын ол өзінің досына аударған, ол кадр бөлімінің бастығы арқылы депо бастығының міндетін атқарушы Дәулетқали Жалмұхамбетовке пара беріп үлгерген. Оның 300 мыңы медиация үшін кадр қызметкеріне жіберілді.

Сот отырысында пара берді деп айыпталған азамат 1,5 миллион теңгені басшылыққа аударғаннан кейін екі күннен кейін жұмысқа қабылданғанын мойындады. Ол бар болғаны алты ай жұмыс істей алды, содан кейін оны жұмыстан шығарып жіберді. Пара алды деп айыпталған бастық та кінәсін мойындады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Алған ақшамды депо ғимаратын жөндеуге жұмсадым, өйткені бөлінген қаражат жеткіліксіз болды”, – деді бұрынғы депо бастығы міндетін атқарушы Жалмұхамбетов.

Сот төрт айыпталушыны да кінәлі деп тапты. Депо бастығы Дәулетқали Жалмұхамбетов үш жарым жылға, пара беруші үш жылға бас бостандығынан айырылды. Делдал деп айыпталған оның досы да үш жыл жазасын алды. Менеджер бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Төртеуіне де өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Дина Төлепбергеннің жаңа образы жұртты шошытты

Published

on

By

Танымал журналист, продюсер Дина Төлепбергеннің жаңа образы жұртты шошытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/

Медиа маманы үйсіз-күйсіз жүрген әййелдің образын сомдап, қызу талқыға түсті. 

Түрімді көріп, шошымаңыз! Өзімнің жаңа бағдарламамның соңын Тіріғали мен Мағрипа аяқтасын деп шештік. Расында, әр бейнеге ену – түйсігіңді тереңдетуге жетелейді екен. “Неге осы образ?” – деп ойланып көріңізші. Бұл жай ғана кейіп емес, жүректен шыққан үн. Ойыңызды бөлісіңіз! Бәлкім, сіздің пікіріңізде шындықтың өзі жатқан шығар”, – деп жазды журналист. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, БАҚ өкілінің керемет актриса екенін жарыса жазып жатыр. 

“Пікірлерге зер салсам, сізді талант иесі ретінде танып жатыр”, “Жынды қыз-ай, шошыттың ғой”, “Бәрін образбен күшті алып шықтыңыз”, “Оқымаған актриса болып тұрсыз”, “Танысы жоқ талант екенсіз”, – деп жазып жатыр көпшілік.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова орынсыз сұрақ қойған Дина Төлепбергенмен тікелей эфирде сөзге келіп қалған еді. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда 57 қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына сот үкімі шықты

Published

on

By

Қаржы мониторингі агенттігі жыл басынан бері 20 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген 57 қаржы пирамидасының жолын кесті. Қылмыстық іс қозғалып, 12 миллиард теңгеден астам қаражат өтелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

Мәліметтерге сенсек, Алматыда “HitBeatMusic” қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

“Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан. Осылайша салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15%-на дейін пайдасын уәде етті. Келтірілген залал сомасы 255 миллион теңге. Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды”, – делінген жазбада.

Агенттік IT құралдарды пайдалана отырып, әлеуметтік желілерге талдау жасайды. Биыл қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,5 мыңнан аса сайт сілтемелері бұғатталды. WhatsApp, Telegram және Instagram желілерінде 292 чат бұғатталған. Осылайша 2 миллионнан астам әлеуетті салымшылардың қаржы шығындарының алды алынды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, “Qnet”, “World Business Consulting”, “Finiko” “Antares”/”Antares Trade”, “Sincere Systems Group”/”S-Group”, “Hermes LTD”, “Life is good”, “Chia Tai Tianding”/”Chia Tai Pharmaceutical” “Energy Eolus Oazqstan”/”Eolus” сияқты елде жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапқа тартылды.

Агенттік адам ақша салғысы келетін компанияны қаржы пирамидасының белгілеріне тексеруге мүмкіндік беретін телеграм ботты іске қосты.



Еске салайық, бұған дейін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ресей азаматын аса ірі көлемдегі ақшаға қатысты трансұлттық ұйымдасқан топты құрып, басқарғаны және қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ер адам “Questra Holding ins” компаниясын құрып, кейін 2016 жылы бірі инвестициялық компания ретінде “Atlantic Global Asset Management”, екіншісі брокерлік компания “Questra World” болып екі компанияға бөлінді. Қылмыстық іс-әрекеттердің салдарынан қылмысқа қатысушылар Қазақстанның 529 азаматына жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам материалдық залал келтірді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жас теннисшілеріміз алғаш рет Дэвис кубогінің ширек финалына шықты

Published

on

By

Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дэвис кубогінде тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Анталияда (Түркия) Megasaray Tennis Academy ашық грунтты топырақта өтіп жатқан Juniors Davis Cup плей-оффына шыққан алғашқы қатысушылар анықталды. Топтық кезеңнің екінші күнінде теннистен Қазақстан командасы Гонконг құрамасын жеңді. Айта кетсек, мамыр айында Шымкентте өткен Азия іріктеу турнирінің жартылай финалында аталған командамен кездесу өткен еді. Сол ойында Қазақстан 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Қос команда арасындағы сайыстың алғашқы матчын Дамир Жалғасбай (#198 ITF Juniors) мен Николас Чэн (#298 ITF Juniors) бастады. Алғашқы сетте Дамир 6:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезеңде Гонконг құрамасының өкілі 6:4 есебімен айласын асырды. Шешуші сетте Дамир 6:3 есебімен жеңіп, мамыр айындағы іріктеуде Чэнге кеткен есені қайтарды.

Келесі ойында Заңғар Нұрланұлы (#77 ITF Juniors) Джек Чэнді (#205 ITF Juniors) жеңді. Бұл ойында тек алғашқы сетте ғана тартысты бәсеке болды, онда Заңғар 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Қазақстан теннисшісі қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай 6:0 есебімен басым түсті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет Juniors Davis Cup жарысының ширек финалына мерзімінен бұрын жолдама алды.

Айта кетейік, 13 қараша күні Қазақстан құрамасы Францияға қарсы ойнайды. Екі команда да әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!