Connect with us

IN-THE-NEWS

Маңғыстауда тергеу изоляторында күдіктіге дымқыл майлық қаптамасына телефонды жасырып беріп жіберген

Published

on

By

Маңғыстауда тергеу изоляторына күдіктіге дымқыл майлықтың қаптамасына телефон салып, беріп жібермек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Маңғыстау ҚАЖД

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеті тіркелді.

“Қамаудағы азаматтың танысы әкелген сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері “NOTHING” маркалы смартфон мен екі SIM-картаны тәркіледі. Смартфон дымқыл майлықтардың қаптамасына жасырылған”, – делінген хабарламада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Тәртіп бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 481-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Осы дерек бойынша материалдар Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жоғалған затты тауып алған қазақстандықтар жаза арқалауы мүмкін

Published

on

By

Елімізде жоғалған затты тауып алған адам айыппұл арқалауы мүмкін. Олар енді күдікті ретінде ұрлық бабымен жауапқа тартылу қаупі бар. Сондықтан мамандар көшеде жатқан бөтеннің затын алмауға кеңес береді. Ал иесін табуға көмектесетін ниет болса, дәлел-дәйек жинау маңызды дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Freepik.com

Көшеде немесе қоғамдық орында ақша, әмиян, ұялы телефон тауып алған жағдайда оны қай жерден, қалай тапқанын видеоға түсіріп алу керек. Содан кейін полицияға хабарласып, тәртіп сақшыларының келгенін күту керек.

Жоғалған ақшаны тапқан адамға “ұрлық” бабымен іс қозғалуы мүмкін. Заңгерлер мұндай жағдайлар кездескенін айтады. Мамандар смартфон тауып алған жағдайда иесі табылғанша өзіңізде сақтай аласыз деп отыр. Бірақ телефонды қосуға болмайды. Өйткені оның ішінде адамның фото-суреттері, банк қосымшалары мен жеке мәліметтері сақталады. Ол азаматтың жеке өміріне қол сұғу болып саналады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Көшеде немесе қандай да бір мекемеде зат, мүлік тауып алса, міндетті түрде жергілікті атқарушы органдарға, полиция қызметкерлеріне хабарлауға міндетті. Ол затты өзіңіз пайдаланып кетсеңіз, полиция қызметкерлері сізден оны тапқан жағдайда айып тағуы мүмкін. Уақытында хабарламағаныңыз үшін күдіктіге айналасыз. Сізге сақтауға берсе, қолхатпен тапсырылады. Сонымен қатар, сақтау шығындарын да талап ете аласыз”, – деді заңгер Нұрболат Ибраев.

Егер тауып алған заттың иесі анықталса,  ол адамнан сыйақы сұрауға құқыңыз бар екен. Зат құнының 30%-ын қаражат түрінде ала аласыз. Азаматтық кодекске сәйкес полиция жоғалған заттың иесін жарты жыл іздейді. 6 айдан кейін табылмаса, тауып алған адам меншік құқығына ие болады. Яғни аталған затты өзіне қалдыра алады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда енді төрт түліктің түр-әлпеті арнайы базада тіркеледі

Published

on

By

Елімізде енді үй жануарларының түр-әлпеті арнайы базада тіркеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

.

Фото: Pixabay.com

Елімізде бірінші сиырларды идентификациядан өткізу жоспарланған. Жасанды интеллект әрбір жануарды бас пішіні, тұмсығы мен құлағы бойынша бірден таниды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қараусыз жылқылар”: Төрт түліктің қатысуымен болған жол апатында көліктің шығынын кім өтейді

Бұл жүйені жетілдіруге “Жас ғалым” жобасы бойынша грант бөлінеді. Бұл мүйізді жануардың санын, мекенін нақтылауға таптырмас тәсіл дейді ғалымдар. Сондай-ақ жоқ малға субсидия алу алаяқтығын азайтады. Бөлінген субсидиялар төл басына сәйкес келмей не құжаттамадағы қателіктерден болатын қағазбастылықты да жояды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жетісу облысында екі ер адам итті өлтіріп, сойып тастаған

Published

on

By

Жетісу облысы Текелі қаласында екі ер адам итті өлтіріп, сойып тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Жетісу облысы Текелі қалалық соты денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету бойынша айыпталған 3 адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

“Осы жылдың қыркүйек айында Текелі қаласында ер адамдар К, С және П бірге уақыт өткізіп, ішімдік ішкен. Жолда олар М есімді азаматты кездестіріп, өздеріне қосылуды ұсынады. Дастархан басында жәбірленуші М мен айыпталушылар арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Төбелес нәтижесінде жәбірленуші дене жарақаттарын алып, бұл жарақаттар денсаулыққа жеңіл зиян келтіру деп бағаданды. Жанжалдан кейін К және С жәбірленушінің итін өлтіріп, оның етінен тамақ дайындауға шешім қабылдаған. Сол мақсатта олар итті ваннаға апарып өлтірген, бірақ оның етін пайдаланудан бас тартқан”, – делінген ақпаратта. 

Жәбірленуші сотқа айыпталушылармен татуласуына және келтірілген зиянды өтеуіне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап жүгінген. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Айыпталушылар кінәларын толық мойындап, істегендеріне өкінетіндерін білдіріп, жәбірленушінің өтінішін қолдады және оларға қатысты қылмыстық істі ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатуды өтінген.

Сот жәбірленушінің өтінішін қанағаттандырып, С және П қатысты қылмыстық істі ҚР ҚК 68-бабына сәйкес тоқтатты. К-ға қатысты қылмыстық іс 2023 жылдың ақпан айында бір рет тоқтатылғандықтан, заңнамаға сәйкес, оның ісі тоқтатылуға жатпайды. Айып тағылған баптың санкциясы бір жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасын қарастырады. Кінәні жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот күдіктілерге 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады”, – делінген соттың хабарламасынжа. 

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, Ақтөбедегі ауылдардың бірінде оқушы мойнына жіп байланған итті сүйреп, қатыгездікпен пышақтап тастағаны туралы хабарлаған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!