Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматыда төбелес кезінде полиция капитанын пышақтап кетті

Published

on

By

Алматының Алатау ауданында 12 қарашаға қараған түні төбелес болып, полиция қызметкерін пышақтап кеткен. Қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

.

Фото: pixabay.com

Telegram-арналардың бірінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, қаладағы дәмхананың маңында төбелес болған. Жанжал кезінде пышақ жарақатын алған полиция капитаны ол кезде қызметте болмаған. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша Алатау аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.

Испанияда ер адам өзін Иса Мәсіхпін деп жариялап, монахты ұрып өлтірген Алматыда мас күйінде жасөспірімді пышақтап кеткен ер адам сотталды

Бұған дейін Нидерландыда матчтан соң израильдік жанкүйерлерге шабуыл жасалғаны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

“Қазақ аруы-2024” байқауының жеңімпазы анықталды

Published

on

By

13 қарашада Алматыда “Қазақ аруы” байқауы өтті. Аруды халық дауыс беру арқылы таңдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Баян Алагөзованың ұйымдастыруымен өтетін “Қазақ аруы” байқауының нәтижесі анықталды. 

Қызылорда облысының тумасы 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы – “Қазақ аруы-2024” атанды. Оған тәж және арнайы шапан тағылды.

Екінші орынды Алматы қаласының тумасы Назерке Мырзағалиева иеленсе, ал үшінші орын алматылық Ақерке Серікжанға бұйырды. 

Биыл байқаудың ерекшелігі – жеңімпазды халық таңдағаны. Себеі бұған дейін кімнің ару екенін қазылар алқасы анықтайды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Алайда желі қолданушылары байқаудың ұйымдастыру деңгейіне наразы. Сөздерінше, Telegram бот істемеді, дауыс берілген жоқ. Сол себепті жеңімпаз әділ анықталмады деп санайды. 

“Халықты алдап не керегі бар еді ! Одан гөрі жюридің шешімімен болғаны дұрыс еді. Адамдардың сезімдерімен ойнағандай Соншама жұрт дауыс бере алмай дал болды”, “Ақкербез жеңсе жеңсін, бірақ неге сол қызға ғана дауыс қабылданып, қалған қатысушыларға дауыс қабылданбады?”, “Көреалмаушылық емес. Бірақ биыл ең әділетсіз және қызықсыз өткен “Қазақ аруы” болды. Қазылар алқасы жиналып, ең лайықты адамды таңдағаны дұрыс еді” деп жазды желідегілер.


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Елімізде баспананы сақтандыру міндеттелмек

Published

on

By

Енді қазақстандықтардың коммуналдық қызметтер түбіртегіне тағы бір төлем түрі қосылуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мамандары азаматтарға мүлікті апаттан сақтандыруды міндеттеуді ұсынып отыр. Өйткені елімізде баспанасын төтенше жағдайлардан сақтандыратындар аз екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мамандары төтенше жағдайлардан сақтандырудың жаңа үлгісін әзірлеп жатыр. Себебі елімізде баспанасын табиғи апаттан ерікті түрде сақтандыратын азаматтар тым аз. Сондықтан тұрғындардың коммуналдық төлемдеріне енгізіп, міндеттеуді ұсынады. Дегенмен қазақстандықтардың қанша төлейтіні әзірге белгісіз.

“Бұл тек ұсыныс. Әзірге баспананы апаттан сақтандыруды міндеттеу шарасын әзірлеп жатырмыз. Көптеген шет мемлекеттер осы әдісті қолданады. Сондықтан тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мұндай жаңалыққа қарсы болмайды деп үміттенеміз”, – деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Агенттіктің бұл ұсынысына халықтың көзқарасы екі түрлі. Бірі коммуналдық төлемдер онсыз да қымбат десе, кейбірі елдегі төтенше жағдайлардың жиілегенін айтып, сақтандыруды қолдайды.

“Қосуға болады деп ойлаймын. Өйткені ертең бірдеңе болып қалса, сақтандырудың ақшасы қалады”, “Сақтандыру әркімнің өзінің жеке құқығы емес пе? Оны міндеттеу дұрыс емес. Көлікті міндеттеп қойды, енді үйіңді, жеріңді міндеттеп қойса не болады?”, “Жоқ, дұрыс емес. Онсыз да коммуналдық төлем қымбат шығады” деді жұртшылық.

Жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыру елдегі табиғи апаттардан кейін жиі айтыла бастады. Агенттік өкілдері  коммуналдық төлемге міндетті сақтандыруды енгізбес бұрын ол қоғам талқылуына шығарылады дейді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Легионер спортшыларды мемлекеттің ақшасына қаржыландырмайды

Published

on

By

Енді өзге елден келген легионерлер спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Туризм және спорт министрілігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Orda.kz

Елімізде кәсіби спортты мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер ұсынылды. Заң жобасы бойынша, кәсіби клубтарды ұстауға мемлекет тарапынан қаржыландыру лимиттері белгіленетін болады. Бұл шара бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттырады. Заң жобасында тағы да бір маңызды өзгеріс бар: ҚР азаматтары болып саналмайтын спортшыларды мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу. Бұл шара ел азаматтарының спортта да, қаржылық қолдауда да басымдыққа ие болуын қамтамасыз етеді.

“Бұл өзгерістер спорттық саладағы басқаруды оңтайландырып, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз жоғары жетістіктер спортына ерекше көңіл бөліп, кәсіби спорттың қаржыландыру жүйесін тұрақты әрі әділ етуді мақсат етіп отырмыз”, – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Заң жобасының қабылдануы еліміздегі спорттық жүйені жетілдіруге, мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуына және спорттың кәсіби деңгейде дамуына серпін береді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!