Connect with us

IN-THE-NEWS

Асхат Нұрмашев желі қолданушының пікірі үшін кешірім сұрады

Published

on

By

Қордың негізін қалаушы Асхат Нұрмашев “Асар-Уме” ресми парақшасында көпшілікке бейнеүндеу жолдады. Ол қорға қарысы ақпараттық тапсырыс жасалды деп санайды. Сондай-ақ ол Айтбек Амангелдіге арада түсініспеушілік болғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Асхат Нұрмашев “Асар-Уме” қайырымдылық қорына күмән келтіргендер үшін жиналған қаражаттың есептері бәріне қолжетімді екенін ерекше атап өтті.

“Адамдардың көп бөлігі наразы. Бұл қалай болғаны? Жылдар бойы халықтың қорына 100, 1000 теңге, одан да көп жібердік. Қаражаттың қажетті жерге жетпегені ме? Меніңше, “Асар-Уме” қайырымдылық қорына қарсы ақпараттық тапсырыс жүріп жатқандай. Қордың қаржылық есептері жалпыға қолжетімді. Бұл есептер туралы мыңдаған адам біледі. Апта сайын шығатын видео есептер де бар. Мыңдаған компаниялар бізбен серіктес болмай тұрып олар аудиторлық тексерістерді қарап, тексереді. Біз оны БАҚ-та қайта түсіндіруге дайынбыз. Қордың тексерістері мен есептері туралы мәселені қоя тұрайық”, – дейді қордың негізін қалаушы. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ол марқұм Салтанат Нүкеноваға қатысты пікір білдірген ерікті үшін кешірім сұрады.

“Бізді басқа мәселе бойынша қараламақшы. Алайда біздің мұндай сұмдық жағдайға еш қатысымыз жоқ және мұндаймен біз ешқашан келіспейміз. Бұл Салтанат Нүкеноваға қатысты қайғылы жағдай. Қазақстан бойынша біздің жүздеген еріктілеріміз бар. Сондай еріктілердің бірі Салтанат Нүкеноваға қатысы пікір білдіріп, өз ойын жазыпты. Осылайша бізді тығырыққа тіреді. Бұл қате пікір, десе де оның өз пікірі. Ол – “Асар-Уме” қайырымдылық қорының қызметкері емес. Енді бәз біреулер еріктінің пікірі арқылы менің кінәлі етпекші. Жоқ, бұл әділетсіздік. Бұл – бәрімізге ортақ трагедия болды. Біз еріктінің пікірі үшін кешірім сұраймыз. Бірақ бұл біздің пікіріміз емес. Осымен мәселе жабылды деген сенімдемін. Бәріңізге сенім артып, шыдамдылық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Айтбек, түсініспеушілік болды. Еріктінің пікірі үшін кешірім сұраймын. Біз бұл көзқарасты қолдамаймыз. Ол  “Асар-Уменің” өкілі емес”, – деді Асхат Нұрмашев.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Перизат Қайрат ісі бойынша тағы бір ақпарат анықталды

Published

on

By

Қаржы мониторингі агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу фактісі бойынша тағы бір қосымша ақпараттың анықталғанын мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше ол су тасқынынан бөлек, Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін жиналған қаражатты да жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Ведомство оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғанын алға тартты.

“2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. 

2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. “Sensata Plaza” элиталық кешенінен 49 миллион теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге “Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic” жаңа автокөлігін сатып алды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де “Rolex”, “Prada” және “Fendi” брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды”, – делінген хабарламада.

Ведомство бұл эпизод бойынша Перизат Қайраттың 200 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдікке ілінгенін жеткізді.  
 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Президент Аслан Бжания отставкаға кетуден бас тартты

Published

on

By

Абхазия президенті Аслан Бжания оппозиция өкілдерінің Сухумдағы парламент ғимаратына наразылық шабуылына қарамастан отставкаға кетуден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Sputnik Абхазия” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден 

Аслан Бжания бұл наразылыққа бола қызметінен ешқайда кетпейтінін алға тартты.

“Абхазия басшылығы, президент, вице-президент, премьер-министр, үкімет мүшелері осында. Абхазияда болады, осында қалады және әрі қарай жұмыстарын жалғастырады”, – деді ол үндеуінде. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Президент бұл наразылық акцияларының республиканы тағы да үлкен мәселелер алдына қойғанын атап өтті. Сонымен қатар билік наразы топтың зардаптарын жоюға күш салатынын айтты.



Еске салсақ, Абхазияда наразы халық үкімет ғимараттарын басып алған еді. Олар Абхазияның Ресеймен жасалған жаңа инвестициялық келісіміне қарсы.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жаңа жылдан бастап елімізде ресми тіркеуден өтпеген такси жүргізушілері “Яндекс”, “InDrive-тан” тапсырыс қабылдай алмайды

Published

on

By

Жаңа жылдан бастап жеке тасымалдаушы есебінде тіркелмеген таксисттер “Яндекс”, “Индрайв” секілді платформалар арқылы тапсырыс қабылдай алмайды. Олар сонымен қатар медициналық тексерістен өтуге міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Деректерге сүйенсек, тіпті бір мезгіл жолаушы тасымалдау үшін де алдымен тіркелу қажет. Сондай-ақ, әрбір жүргізуші еңбек және демалыс режимін сақтауға және медициналық тексеруден өтуге міндеттеледі. 

“Медтексерістен өту дегенге мен негізі өзім қарсымын”. Жолға шығардың алдында әркез тексеріліп отыру қиын ғой. Дегенмен сегіз сағаттан артық жүрмеуді қолдаймын. Апат сол кезде азаяды деп ойлаймын”, “Бізді тіркемей ме, мысалы оң рөлді. Осыны алдық бала-шағаны асырау үшін. Енді қалай сонда бала-шағамызды асыраймыз. Оң рөлді алып тастауына қарсымын”, – деп пікір білдірді жүргізушілер. 

Жүргізушілер кейбір талаптарды қайта қарауды ұсынып отыр. Пікірлерінше, рөлі оң жақта орналасқан көліктерді түбегейлі онлайн агрегаторлардан алып тастау дұрыс емес. Дегенмен бұл таксисттерге қойылатын жаңа талап өзгермейін деп тұр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



“Күнделікті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруден өтуге, автокөлікті күнделікті техникалық байқаудан өткізуге, сол жақтан басқаратын техникалық жарамды автокөліктерді пайдалануға, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауға міндетті болады”, – деді әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев. 

Комитет өкілінің айтуынша, қазір интернет-агрегаторлар қосымшаларының жұмысын пысықтап жатыр. Өйткені, жүргізушіні тіркеп, талапқа сәйкестігін нақтылайтын өздері. Тапсырысты да солар үлестіреді. Сондықтан талаптардың орындалған, орындалмағанына көз жеткізулері шарт. 

Еске салсақ, 1 қаңтардан бастап InDrive және Яндекс таксилері оң рульді көліктермен жүре алмайтынын хабарлаған болатынбыз. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!