Connect with us

IN-THE-NEWS

Жапонияның премьер-министрі сайлау кезінде ұйықтап қалған

Published

on

By

Жапонияның премьер-министрі қайта сайлану кезінде ұйықтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Жапония премьер-министрі Шигеру Ишиба өзінің қайта сайлануы үшін дауыс беру жүріп жатқан кезде ұйықтап қалған. Премьер-министрдің оғаш әрекетіне қарамастан, парламент оған тағы да сенім білдіріп, үкімет басшысы етіп қайта сайлады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Ишиба сайлаудың екінші турында 221 дауыс жинап, жеңіске жетті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Легионер спортшыларды мемлекеттің ақшасына қаржыландырмайды

Published

on

By

Енді өзге елден келген легионерлер спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Туризм және спорт министрілігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Orda.kz

Елімізде кәсіби спортты мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер ұсынылды. Заң жобасы бойынша, кәсіби клубтарды ұстауға мемлекет тарапынан қаржыландыру лимиттері белгіленетін болады. Бұл шара бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттырады. Заң жобасында тағы да бір маңызды өзгеріс бар: ҚР азаматтары болып саналмайтын спортшыларды мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу. Бұл шара ел азаматтарының спортта да, қаржылық қолдауда да басымдыққа ие болуын қамтамасыз етеді.

“Бұл өзгерістер спорттық саладағы басқаруды оңтайландырып, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз жоғары жетістіктер спортына ерекше көңіл бөліп, кәсіби спорттың қаржыландыру жүйесін тұрақты әрі әділ етуді мақсат етіп отырмыз”, – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Заң жобасының қабылдануы еліміздегі спорттық жүйені жетілдіруге, мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуына және спорттың кәсіби деңгейде дамуына серпін береді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбеде алаяқ адамдарды медициналық университеттің грантына түсіремін деп алдап кеткен

Published

on

By

Ақтөбеде алаяқ медицина университетінің грантына түсіруге уәде етіп, халықтан ақша алған. Ол үш жылдық жазасын бостандықта жүріп өтейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша іс қаралды. Айыптау актісіне сүйенсек, 2024 жылдың қаңтар айында сотталушы өзінің таныстарына “барлық жерде таныстарым бар” деп алдап, медицина университетінің грант бөліміне оқуға түсіруге уәде еткен. Бұл қызметі үшін ақша сұраған. 

“Жәбірленушілердің сеніміне кіріп, өз қызметінің ақысын айтып, қаражатты қолма-қол және анасының есепшотына аударып алған. Салдарынан 3 жәбірленушіге жалпы 5 млн теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген. Сот отырысында сотталушы айыпты толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін, жәбірленушілерге келтірген залалды толық өтегенін айтты. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жылына 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады”, – деп хабарлады  соттың баспасөз қызметі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, осыған дейін алаяқтар желі арқылы жоқ брендтік заттарды миллион теңгеге сатқан.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Үйінен 129 млн теңге ақша табылған: Астанада салық қызметкері сотталды

Published

on

By

Астана қаласында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қалалық соттың шешімі бойынша, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы бөлімінің басшысы Р. Төлегенов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

“Сот анықтағандай, Төлегенов жеке компания директорынан қосымша құн салығының (ҚҚС) артық төленген сомасын қайтару үшін 3,6 миллион теңге көлемінде пара алған. Бұл сома қайтарылуға тиісті 36 миллион теңгенің 10 пайызын құраған. Тергеу барысында антикор қызметкерлері оның үйін тінту кезінде 129 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақшаны тәркілеген”, – делінген хабарламада 

Төлегеновтің адвокаттары сотқа шағым түсіріп, жазаны жеңілдетіп, айыппұлмен алмастыруды сұраған. Алайда апелляциялық сот бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сот қызметкердің жасаған әрекеті салық органдарының беделіне нұқсан келтіріп, мемлекеттік қызметке деген сенімді әлсіреткенін атап өтті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұл іс мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі қатаң ұстанымын тағы да көрсетті және мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершілік жүктелетінін ескертті.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысында мас күйде жол апатын жасаған әкімдік қызметкері жұмыстан шығарылмаған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!