Connect with us

IN-THE-NEWS

Медициналық сақтандыру қоры төлейтін ең қымбат қызметтер аталды

Published

on

By

Медициналық сақтандыру қоры төлейтін ең қымбат қызметтер белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

2024 жылы Алматы тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында 1156 түрлі консультациялық-диагностикалық қызмет алған. Биылғы жылдың алғашқы 9 айында бұл қызметтер үшін Медициналық сақтандыру қоры шамамен 18,1 млрд теңге жұмсады деп хабарлады қордың Алматы қалалық филиалы.

Қала тұрғындары арасында ең көп сұранысқа ие маман – акушер-гинеколог. Сондай-ақ офтальмолог, невропатолог, хирург, отоларинголог және эндокринолог қызметтері де жиі қолданылатындар қатарында.

МӘМС пакеті аясында азаматтар қалқанша безді ынталандыратын гормонды (ТТГ), D дәруменін, бос тироксинді (Т4) анықтауға, жатыр мойны жағындысына цитологиялық зерттеу жүргізуге, ПАП сынамасы мен гемокульт сынамасына талдау тапсыруға мүмкіндік алады.


 

 

Еліміздегі барлық емханаларда науқастарды тіркеу үшін дәрігерлер кабинетіне камера орнатылады READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 


Ең қымбат талдау – ПТР әдісі арқылы ісік тінінің биопсиясынан KRAS генінің мутациясын анықтау болып табылады. Бұл сынақ глюкозаға төзімділік бұзылған жағдайда және қант диабетін ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. МӘМС пакетінде мұндай талдау шамамен 108 мың теңге тұрады.

Алматылықтардың мемлекеттік сақтандыру жүйесі бойынша алған ең қымбат қызметі – MARS жасанды бүйрек аппаратының көмегімен альбуминді диализ жасау. Оның құны 2,1 миллион теңге.

Компьютерлік диагностиканың ішінде ең қымбаты – бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография. Мұндай зерттеудің құны Медициналық сақтандыру қоры үшін 87 мың теңге.

Салалық мамандардың айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін сақтандырылған азаматтар арасында компьютерлік томография (КТ) және магниттік-резонанстық томографияға (МРТ) сұраныс өсті. 2024 жылдың алғашқы 9 айында 594,8 млн теңгеге 35 мың компьютерлік томография және 686,8 млн теңгеге 48 мыңнан астам МРТ жасалды.

Еске салсақ, шетелге кеткен қазақстандықтар бұдан былай МӘМС арқылы дәрі-дәрмек ала алмайды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Тоқаев Саран қаласы әкімінің қызметінен кетуі әкімдерге сабақ болу керегін айтты

Published

on

By

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымы өзінің ерекше бақылауында екенін айтты. Ол жақында Сауран қаласындағы жағдайды еске салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда/instagram.com/baulykov_yerkin

“Саран қаласы ауа-райының суытуына дайын болмай шықты. Мұндағы үйлер жақында ғана жылу жүйесіне қосылған еді. Кемшілікке жол берген жауапты тұлғалар тиісті жазасын алды. Бұл барлық әкімге сабақ болуы керек. Жылыту маусымына дайын болмау басшылардың өз қызметіне сай келмейтінін көрсетеді”, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Тоқаев биыл ел аумағында энергия көздері мен жылумен жабдықтау желілерін жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгенін және қоймалардағы отын қоры жеткілікті екенін атап өтті. Десе де жағдайды үнемі бақылауда ұстау керегін айтты.

“Жолдауда бюджет қаржысын тиімді пайдалануға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырғанымды білесіздер. Әлбетте, бюджет саясатында прагматизм қағидаты басты орында болуы керек. Бірақ әлеуметтік шығындардан, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысынан, зейнетақы мен жәрдемақыдан үнемдеуге болмайды. Бұл – менің берік ұстанымым”, – дейді президент. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Тоқаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды есте ұстау керегін ескертті.

“Зейнетақы жүйесінің әлеуетін арттырудың, оны жетілдірудің тәсілдерін табу керек. Дені сау, қажыр-қайраты мол зейнеткерлердің ел дамуына қосып жүрген үлесін ынталандыру маңызды. Орташа өмір сүру жасын біртіндеп ұлғайту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты жетістіктерінің бірі. Бұл көрсеткіш қазірдің өзінде 75 жастан асты. Осы тұрғыдан алғанда аталған мәселе өзекті бола түседі”, – дейді президент.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Президент асыл тұқымды жылқыны көбейтуді тапсырды

Published

on

By

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жылқы малын асылдандыру үшін Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Биыл елімізде қазақ жылқысының тұқымын сақтау және көбейту үшін арнайы заң қабылданады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысының айтуынша елімізде асыл тұқымды жылқының үлесі өте аз. 

“Қазір елімізде жылқы саны үздіксіз өсіп келеді. Бұл – жақсы үрдіс. Дегенмен асыл тұқымды жылқының үлесі бір пайызға да жетпейді. Яғни 4,2 миллион жылқының 40 мыңы ғана асыл тұқымды. Сондықтан мал тұқымын асылдандыру жұмысына баса мән берген жөн.

Қазақстанда жылқының бірнеше түрі бар. Оның ішінде қазақпен бірге жасап келе жатқан жабының орны ерекше. Кейін оған Қостанай, Көшім және Мұғалжар тұқымдары қосылды. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар.

Мен бұған дейін Адай жылқысы Маңғыстаудың баға жетпес қазынасы екенін айттым. Оны әлемге таныту үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырдым. Қазір Адай жылқысы ресми түрде бөлек тұқым ретінде тіркелді. Бұл арғымақтар Ұлы дала жорығында, басқа да аламан бәйгелерде топ жарып жүр”, – деді ол. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар Қостанай жылқысы да мықты екенін алға тартты. Алайда, ол жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр екен. 

“Небәрі 280 бас қалды. Сондықтан жылқының санымен қатар, сапасын арттыру – маңызды міндет.

Биыл қазақ жылқысының тұқымын сақтау және көбейту үшін арнайы заң қабылдадық. Енді бұл бағытта тағы бір маңызды қадам жасаймыз. Мен Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырамын. Білікті мамандар мұны көптен бері айтып жүр. Құзырлы органдар қысқа мерзім ішінде осы мәселені пысықтап, қаржы көздерін нақтылауы керек”, – деп қорытты президент.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мемлекеттік қызметкерлерді сыйақысыз қалдырмау керек – Президент

Published

on

By

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атаулы әлеуметтік көмекті кей мұқтаж емес адамдар алып жүргенін жеткізді. Айтуынша ондай азаматтарымыз жұмыс істеп, еңбек етуге де құлықсыз. Ал түнімен жұмыста отыратын мемлекеттік қызметкерлерді сыйақысыз қалдырмау керек екенін алға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Президент жақында қызу талқыланған мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беру тақырыбын қозғады.

“Қаржы министрлігі оған тыйым салуға негіз жоқ екенін түсіндіріп берді. Мемлекеттік қызметкерлер – елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары. Олардың табысы айтарлықтай көп емес. Кей кездері түнімен жұмыста отырады. Мемлекеттік қызметкерлердің де отбасы мен міндеті, қала берді қарапайым адам ретіндегі қалауы мен жоспары бар. 

Мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру үшін қатардағы қызметкерлердің еңбекақысы бәсекеге қабілетті болуы керек. Сыйақы аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Басқа жолмен мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тартып, кадр тұрақсыздығы проблемасын шешу қиын”, – деді ол.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Мемлекет басшысы сонымен қатар үкіметтіңазаматтарға әлеуметтік көмек беру жүйесін қайта қарауы қажет екенін алға тартты. Айтуынша мемлекеттен берілетін атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж емес жандар да алып жүр.

“Кейбір ауылдық жерде бір отбасыдан бірнеше адам атаулы әлеуметтік көмек алатын жағдайлар жиі кездеседі. Өкінішке қарай ондай азаматтарымыз жұмыс істеп, еңбек етуге де құлықсыз. Себебі мемлекеттен түсетін жәрдемге сенеді. Бұл, әрине, дұрыс емес. Түптеп келгенде, мұндай әрекет әлеуметтік масылдықты туғызып отыр”, – деп қосты президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев осы тұста барлық саладағы жұмыстың ашық болуына көңіл бөлінетінін жеткізді. Алайда цифрландыру дамыған заманда азаматтардың табысын жаппай декларациялаудың қаншалықты орынды екенін ойлануды тапсырды.

“Бұл талап 2021 жылдан бері біртіндеп енгізіліп жатыр. Алғашқы үш кезеңде 4 миллионнан астам адам декларация тапсырды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектордағы басшылар, кәсіпкерлер және осы санатқа кіретін азаматтардың жұбайлары бар. Келесі жылы тағы 8 миллионға жуық адам декларация тапсырады деп жоспарланып отыр. Алайда бір мәселені ескеру қажет. Жаппай декларация тапсыру тұжырымдамасы осыдан 14 жыл бұрын қабылданған. Содан бері елімізде цифрландыру ісі және финтех саласы қарқынды дамып келе жатыр. Түрлі мемлекеттік мекемелерге ортақ мәліметтер базасы пайда болды. Қаржы және салық бақылауы күшейді. Демек осындай ауқымды өзгерістерден кейін төртінші, яғни, соңғы кезеңде азаматтарды декларация тапсыруға міндеттеу қаншалықты орынды деген сұрақ туады. Үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтауы қажет”, -деп қорытты ол. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!