Connect with us

IN-THE-NEWS

Не себепті еліміздің ауруханаларында тегін дәрілер уақытынан бұрын таусылып қалады – Денсаулық министрлігі түсіндірді

Published

on

By

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев тегін дәрі-дәрмектің неге мерзімінен бұрын бітетінін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Журналистер үкімет брифингінде қазақстандықтардың не себепті тиісті дәрі-дәрмекті тегін ала алмай жүргенін сұрады. 

“Бізде қазақстандықтар өздеріне тиісті дәрі-дәрмекті ала алмай жатады, дәрігерлер бітіп қалды дейді. Бұл мәселе жыл сайын қайталанады. Не себепті дәрілер мерзімінен бұрын бітеді? – деп сұрады журналистер.

Вице-министр бұл жоспарлау шығындарына байланысты екенін айтады.

“Мұндай жағдай қайталанбауы үшін денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекті жеке есепке алып, өтінімдермен жұмыс істеп жатыр. Дәл диспансерлік есепте тұрған науқастар жеке өтініштер арқылы дәрі-дәрмектерін алады” – деді вице-министр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Шенеуніктің айтуынша, дәрі-дәрмектің дербес есебі оны дәлірек болжауға мүмкіндік береді.

Енді ақпараттық жүйелер диспансерлік есепте тұрған жеке науқастың аты-жөні бойынша өтініш жасалатындай етіп құрылады. Жылдық көлем біздің дәрігерлер тағайындаған алгоритмді, емдеу режимін ескере отырып жасалады. Болашақта бұл науқасқа арналған препараттың қозғалысы Қазақстан аумағына әкелінген сәттен бастап тұтынылып, науқасқа тікелей берілгенге дейін бақыланады”, – деді Нұрлыбаевв.

Енді пациенттің дәрі-дәрмек алғанын тіркеу және растау үшін биометриялық технологиялар қолданылады.

Жыл ортасында немесе жыл соңында осындай жағдайлар орын алып жатады. Бұл бір жағынан қашықтан бақылауға келетін науқастардың көбеюіне байланысты және осы препараттармен, дәрі-дәрмектің қосымша көлемімен қамтамасыз ету үшін біраз уақыт қажет. Бұл жүйе мұндай жағдайларды барынша азайтуға және пациенттеріміз кездесетін қауіптерді төмендетуге мүмкіндік береді”, – деді ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстанда Жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

Published

on

By

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар 2025 жылдың 1-4 қаңтары аралығында демалатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Фото: pixabay.com

Министрлік 2025 жылдың қаңтар айындағы демалыс күндерін ауыстыруды қарастыратын бұйрық жобасын әзірледі. жұма 3 қаңтардағы жұмыс күні 5 қаңтарға ауыстырылды. 

“Қазақстандықтар 2025 жылдың 1-4 қаңтар аралығында демалады. Ал 5-6  қаңтар жұмыс күні. Сейсенбі 7 қаңтар демалыс. Әрі қарай әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейміз. Бұл демалыс күндерін ауыстыру жұмыс уақытын тиімді бөлуге және демалыс үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді”, – деп хабарлады Еңбек министрлігі.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы қазақстандықтарды Жаңа жыл мен Наурыз мерекелерінде ұзақ демалыс күтіп тұрғаны туралы жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматының Бостандық ауданында бос жатқан аумақта жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды

Published

on

By

Алматыда “Халық қатысатын бюджет” бағдарламасы аясында тағы бір қоғамдық кеңістік ретке келтірілді. Бұл Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары кезінде Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында көріп шыққан жаяу жүргіншілер аймағы.

Орбита-4 шағын ауданындағы 6 және 7 үйлердің арасындағы аумақтағы көріктендіру жұмыстары биыл шілде айында басталып, осы айда аяқталды.

Жаяу жүргіншілер аймағының бойына шахмат үстелі, спорт тренажерлері мен воркаут аймақтары орнатылды. Бүлдіршіндер үшін балалар ойын алаңы жабдықталды. Аумақты көріктендіру, ойын алаңдарын, спорттық құралдарды және демалыс орындарын көбейту тұрғындардың күнделікті өмірін сан алуан әрі қызықты ете түсті.

Жоба аясында 1 817 шаршы метр кеспе тас, 1 704 шаршы метр асфальт жабындысы, 840 шаршы метр резеңке жабынды төселіп, 175 метрлік габион құрылысы салынды және 42 көше шамы орнатылды.

“Халық қатысатын бюджет” жобасы бізге ойымызды ұсынып, жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Жаңарту нәтижесінде үйлеріміздің айналасы айтарлықтай өзгеріп, жайлы әрі ыңғайлы орынға айналды”, – деді аудан тұрғыны әкімге алғысын білдіріп.

Өз кезегінде Ерболат Досаев шаһар тұрғындары үшін жайлы қалалық ортаны дамыту жұмыстары жалғасатынын атап өтті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Жоба аулалық кеңістіктерді жаңғыртуға арналған жаңа стандарттарды ескере отырып жүзеге асырылды. Қаланың жоспары аясында ересектер мен балаларға арналған жеке аймақтары бар аумақтарды қайта құру жұмыстары қарастырылған”, – деді қала әкімі тұрғындармен кездесу кезінде.

Аудан тұрғындарының өтінішімен Ерболат Досаев жаяу жүргіншілер аймағы бойына бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды.

Сондай-ақ аудан әкіміне аула аумақтарын тазалау жұмыстарын мердігер ұйым тарапынан жүйелі және толық қамтамасыз ету тапсырылды.

Айта кетейік, мегаполисте “Халық қатысатын бюджет” бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Биыл бұл жобаға 18,8 миллиард теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 миллиард теңгеге көп. Алматы тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді көріктендіру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Төтенше жағдай министрі Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Published

on

By

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов 1,5 миллиард теңге ақша жымқырды деп күдікке ілінген Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz/instagram.com/01pk

Министр төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге көмектескен еріктілердің көп болғанын айтады.

“Төтенше жағдай кезінде кімнің шын көңілмен, кімнің қалай көмектескенін аңғарып жататындай болмадық. Біздің міндетіміз гуманитарлық көмекті зардап шеккен аймақтарға жеткізу болды. Бұл міндетті егжей-тегжейлі тексермей-ақ орындадық. Перизат Қайраттың бір жерге жіберілгені есімде жоқ. Бірақ гуманитарлық көмектің діттеген жерге жеткені – факт”, – дейді министр.

Шыңғыс Әрінов Перизат Қайраттың ұсталғаны күтпеген жағдай болғанын айтты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Иә, біз үшін тосыннан болған жағдай. Бірақ қазір жедел іс-шаралар жүріп жатыр, мен қалай пікір білдіремін”, – деді Шыңғыс Әрінов.



Еске салайық, редакция Перизат Қайраттың 18 наурызда Газа секторына көмек көрсеткені туралы айтқандары шындыққа сәйкес келмейтінін жазған едік. Шынында, бұл сапарға Рано мен Марго есімді блогерлер қатысып, мұқтаж жандарға көмек көрсеткен. Өздерінің жеке парақшаларында бұл әрекеттерінің дәлелдері болғанына қарамастан, олар Перизаттың өз атынан ақпарат жариялап жатқанын айтып, наразылық білдірді. Олар бірнеше рет Перизаттан бұл посттарды алып тастауды сұрағанымен, блогер бұл әрекетін жалғастыра берген.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!