Connect with us

IN-THE-NEWS

Сәкен Майғазиевтің әйелі желіде тегін психологиялық тренинг өткізді

Published

on

By

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара әлеуметтік желі арқылы психологиялық тренинг өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Өнер иесі әйелінің психология туралы айтып отырған видеосын жариялап еді, желі қолданушылары тарапынан қолдау тапты. 

“Көз – қорқақ, қол – батыр, ми – жалқау. Ал көз – мидың бір бөлігі. Қазақтар білген соны. Қазір соны психологтар айтып жүр. Бірақ қазақтар оны баяғыда айтып қойған, расшифровкасын білмейміз тек. Әр нәрсені қаламмен жазу керек. Сонда бейсанамызға белгі береміз. Бейсанаға белгі беру бұрыннан бар. Қолмен іс-қимыл жасау керек” – деді Динара Майғазиева. 



Желі қолданушылары түрлі пікір айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

“Өте дұрыс айтып отыр”, “Осындай тегін кеңестерді ақшаға сатып жатқандар бар”, “47 жаста деп кім айтады, өте әдемі келіншек екен”, “Сәкен ағамыз жар таңдаудан қателеспеген”, “Жақсы сөз – жарым ырыс дегенді қазақтар бұрын айтқан, қазір соны психологтар аффирмация деп жүр”, “Өте дана әйел екен”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, Сәкен Майғазиев су жаңа үйін көрсетіп, қоныс той жасаған еді. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Елімізде ФИФА мен УЕФА-дан түскен 31 миллиард теңге легионерлерді ұстауға жұмсалып келген

Published

on

By

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифинг барысында УЕФА, ФИФА және букмекерлік компаниялардан футболды дамытуға бөлінетін қаржы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Данияр Бигайдаровтың сөзінше, соңғы 6 жылда (2018-2023 жылдар аралығы) УЕФА, ФИФА желісі бойынша шамамен 31 миллиард теңге түскен.

“Бұл ретте осы қаражатты бөлу және жұмсау жөніндегі ақпарат қол жетімсіз болып қалады. Талдау нәтижелері өз инфрақұрылымын құрудың орнына миллиардтаған долларлық бюджет қаражаты өнімсіз легионерлерді ұстауға, шетелдік алымдарға, артық төлемдерге, қымбат агенттік және өзге де қызметтерді сатып алуға жұмсалғанын көрсетті. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша Агенттік Туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізгенін атап өтеміз”, – деді ол өз баяндамасында. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Антикор мәліметіне сәйкес аталған ұсыныстардан кейін елде кәсіби спорт клубтарындағы легионерлердің үлесін қысқарту жөнінде шешім қабылданған. 

“Қаражатты бұқаралық (балалар-жасөспірімдер спортына) қайта бағыттау жөнінде шаралар қабылдау, жоғары жетістіктер спортын қаржыландыруды орталықтандыру, спорт, инфрақұрылым, спорттық іс-шаралар мен жетістіктер саласында айналысатын адамдар бойынша спортты қаржыландыру нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін толық деректерді қамтитын Е-sport ұлттық цифрлық платформасын енгізу ұсынылды”, – деп қосты ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда легионерлерді бюджет есебінен қаржыландыру тоқтатылатыны туралы хабарлаған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

“Астана” футбол клубы соңғы 6 жылда мемлекеттен 50 миллиард теңге алған

Published

on

By

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі футболға соңғы 6 жылда бөлінген қаржы сомасын атады. Соның ішінде “Астана” клубы бюджеттен ең көп қаржы алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: “Астана” футбол клубынан

Антикор өкілі Данияр Бигайдаровтың сөзінше, 2018 және 2023 жылдар аралығында футбол клубтарына бюджеттен 200 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

“Талдау шеңберінде ең қымбат футбол клубы – “Астана” ФК шығындары талданды, оған барлық қаражаттың 25%-ы (футболға арналған барлық бюджеттен) – 50,1 млрд теңге (“Самұрық-Қазына” АҚ демеушілік қаражаты) тиесілі. 6 жыл ішінде (2018-2023 ж.ж.) “Астана” ФК қаражатының 66%-дан астамы, яғни 33,1 млрд теңге еңбекақы төлеуге жұмсалды”, – деді өз баяндамасында Антикор өкілі.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Антикор мәліметінше жалақы мөлшері футбол клубы басшылығы мен ойыншылардың қалауы бойынша анықталған. 

“Агенттік төлемдер бойынша да елеулі тәуекелдер белгіленді. Тек “Астана” футбол клубы соңғы 5 жылда делдал-агенттерге футболшыларды тарту үшін 4,5 млрд теңге төледі. Шетелде оқу-жаттығу бөлінді. 2018 жылдан бастап футбол клубтары осындай алымдарға 6,4 млрд теңге жұмсады. Мысалы, “Астана” ФК осы мақсаттарға Түркия мен Дубайға жиынға шығып, 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Кәсіподақ клубтарының мұндай саясаты спорттық инфрақұрылымды дамытуға ресурстарды шектеді. Ең қымбат “Астана” футбол клубының өз академиясы мен футбол алаңы жоқ. Нәтижесінде клуб футбол алаңдарын жалға алуға 6 жыл ішінде (2018-2023 ж.ж.) шамамен 1,4 млрд теңге жұмсады”, – деп қосты Данияр Бигайдаров. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Аида Балаева Перизат Қайратқа қатысты тергеуге пікір білдірді

Published

on

By

Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева су тасқыны кезінде 1,5 миллиард теңге жымқырды деп күдікке ілінген “Біз біргеміз” қоғамдық қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда. Аида Балаева / Іnstagram/01pk Перизат Қайрат

Министрдің сөзінше, елімізде қайырымдылық дамып жатыр. Дегенмен алаяқтық пен пайдакүнемдік әрекеттер үшін де қолайлы жағдайлар туғызады деді ол.

“Волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр. Сондықтан барлық қазақстандықты қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын”, – деді Аида Балаева. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, таяуда мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәжілісте қайырымдылықтың барлығы мемлекет бақылауына алынатынын мәлімдеді. Бұл шаралар қазақстандықтарды алаяқтардан қорғау үшін маңызды дейді ол. Қазір елімізде қайырымдылық негізінен азаматтардың емделуіне ақша жинау түрінде көрсетіледі. Мәдениет министрлігі көмек көрсетудің бірыңғай тетігін құруды ұсынып отыр.



Еске салайық, бұған дейін ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінгенін жаздық. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол қайырымдылық ақшасын сән бұйымдары, автокөліктер, жылжымайтын мүлік сатып алуға және қымбат қонақүйлерде демалуға жұмсаған. Сонымен қатар ол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, достары мен туыстарына сыйақы берген. Перизат Қайрат ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!