Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстандық турагенттіктер Kaspi Travel қызметі жұмыс істеуге мұрша бермей жатқанынына наразы

Published

on

By

Қазақстандық турагенттіктер жаппай банкроттыққа ұшырап, жабылудың аз-ақ алдында тұр. Олардың айтуынша бұған себеп нарықтағы Kaspi Travel-дің үстемдігі. Турды клиенттерге бөліп төлеуге беру үшін турагенттіктерге банкке 12-13% аралығында төлеуге тура келеді. Сондықтан клиенттерге ұсынатын бағаға да қосымша ақы қосылады. Ал Kaspi Travel клиенттерге пайызсыз төлем ұсына алады.  Турагенттіктер бұл мәселені көтеріп тіпті министрлікке дейін шыққан. Stan.kz тілшісі сала мамандарынан нарықтағы жағдайдың қалай болып жатқанын сұрап білді. 

Фото: pixabay.com

Туризм саласында 13 жыл жұмыс істеп келе жатқан алматылық Жанар Kaspi Travel-дің өзге туагенттіктерге кері әсері тиіп жатқанын растады. Айтуынша платформа Kaspi банкінің ішінде болғандықтан олар үшін бәрі жеңілірек.

“Kaspi Travel-ге банк бөліп төлеу қызметін берген кезде ешқандай пайызын ұстап қалмайды. Ал біз сияқты қарапайым турагенттіктерге банк бөліп төлеуге беру үшін 12-13% үстемақы алады. 

Мәселен, турдың Kaspi Travel-де де, бізде де бағасы бірдей болуы мүмкін. Бірақ Kaspi Travel-де бөліп төлеу бар. Ал біз дәл осы турды бөліп төлеуге беретін болсақ, үстіне жаңағы банк пайызын өтеу үшін сәл қымбаттатуға тура келеді. Мұндай жағдайда клиент әрине, Kaspi Travel-ді таңдайды”, – деді ол. 

Жанардың айтуынша, қазіргі нарықтағы жағдай дәл бұрынғы авиа мен темір жол билеттерін сататын кеңселердің жойылуымен ұқсас болып отыр. 

“Мәселен, бұрын мұндай кассалар көп болатын. Алайда қазір көшеден авиа, темір жол билеттерін сататын кеңсе көрмейсіз. Себебі бәрі Kaspi-ден алады. Яғни Kaspi монополиялық түрде бағаны арзан етіп, бөліп төлеуге берудің арқасында нарықтағы кассалардың барлығы банкротқа ұшырап жойылды. Біздің жағдай да осыған ұқсас болып отыр. Барлық турагенттік жойылып кетеді деп айта алмаймын. Бірақ нарықтағы жас турагенттіктер шынымен жабылып жатыр. Бұл тең емес бәссекелектік деп есептейміз. 

Компаниямыз туристік агенттіктердің ассоцияциясында бар. Ассоциация осы мәселе бойынша зерттеу жүргізді. Туризм және спорт министрлігіне шығып, Kaspi Travel-дің де әр бөліп төлеуге пайыз төлейтіндей етуін сұрады. Алайда бәрібір бұл ақшаның бір қалтаға түсіп жатқанын біз түсінеміз. Талабымыз Kaspi Travel де біз сияқты әр бөліп төлеуге сатқан туры үшін пайыздық үстемеақы төлесін. Сонда олар да турларын қымбаттатып, біздің бағамен бірдей етіп қояды”, – деп қосты Жанар. 

Осы тұста турагент Kaspi Travel-дің де кемшіліктері бар екенін алға тартты. 

“Негізі Kaspi Travel-дегі боттар барлық жауапкершілікті туристердің өздеріне артады. Мәселен, шетелге барған туристерде қонақүй дұрыс болмай қалса немесе сақтандыру бойынша мәселе шықса, сұрақтар туындаса ешкімнен сұрай алмайды. Өздеріне ғана шешуге тура келеді. Соған қарамастан туристер бөліп төлеу ыңғайлы болғанына қарап алып жатады”, – деді маман. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Осы салада 12 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Данияр да бұл бәсекелестіктің кедергі келтіретін тұстары барын жасырмады. 

“Турситер бізге келіп бар сұрақтарын қойып кеңесімізді алады. Алайда кейін біздің кеңесіміз арқылы турды Kaspi Travel-ден сатып алып жатады. Біздің бұған уақытымыз бен энергиямыз кетеді. Көзімізше Kaspi Travel-ден тур алғандар да болды. 

Kaspi Travel-дің ең үлкен артықшылығы –  бөліп төлеу қызметі. Одан кейінгі ең үлкен басымдылығы деректер жинағында. Олар сол деректер арқылы клиенттеріне қызметтерін ұсынып, жеңілдіктер туралы хабарламалар жіберіп отырады. Қазірдің өзінде ай басталмай жатып жарнамаға 70 доллар төлеп отырмыз. Ал олар болса өздерінің жеңілдіктері туралы еш шығын шығармай-ақ каспий қосымшасына хабарлама жібере алады. Одан кейін турагенттіктердің сайтын іздегенге қарағанда жай ғана Kaspi Travel-ден кіріп, бағаларды қарай салуды жеңіл көреді. Осы жағынан бізді ұтып тұр”, – деді ол.

Данияр Kaspi Travel шыққалы бері жас туристік компаниялардың шығынға ұшырап жабылып қалғанын жеткізді.

“Компаниялардың Kaspi Travel-дің кесірінен банкроттыққа ұшырап жатыр деген ақпаратты растаймын.

Турагенттіктерін жауып тастаған таныстарым да бар. Меніңше, бұл жерде турагенттіктерге платформадан асып түсу үшін туристермен жақсылап әңгімелесіп оларға не қажет екенін тереңнен түсініп, өзін оларға көрсете білу маңызды. Себебі адамдар тур алуға саған келген кезде тек құнын айтып, сатып отырсаң сенің де платформадан еш айырмаң болмай қалады. Мұндай жағдайда адамдар әрине үйден шықпай-ақ платформадан алуды таңдайды. 

Бұл – нарық! Кім қалай өз бизнесін жасай алады, солай дамиды. Бұл салада бізді қорқытатын нәрсе тек Kaspi Travel емес, бағасын түсіріп, түрлі дүниелер жасайтын өзіміздің әріптестеріміз де бар. Ал Kaspi Travel сияқты қосымшаның арқасында менің ойымша бәсекелестік дамиды. Біз туаргенттіктер платформа бере алмайтын нәрселерді жасауға ұмтылуымыз керек. Адамдарға құн емес, құндылық керек”, – деп қорытты ол.

Stan.kz тілшісі Kaspi өкілдерінен бұл жайтқа байланысты пікір сұратып, ресми пікірді күтуде.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

“Қазмұнайгаз” басшылығы Жаңаөзендегі ереуілшілерді жұмысқа кіруге шақырды

Published

on

By

“ҚазМұнайГаз” АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов “Өзенмұнайгаз” кәсіпорнындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қазмұнайгаз

Хасенов Жаңаөзендегі ереуілдің компанияға келтірген шығынын атады.

“Зақым әртүрлі, негізі күніне шамамен 100 тоннаны жоғалтып жатырмыз, бірақ негізгі техника мен негізгі бригадалар қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Сол үшін көлемі ұлғаяды”, – деді Хасенов брифингте.



Компания басшысы “ҚазМұнайГаз” басшылығы ереуілшілермен диалогқа дайын деп сендірді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біз барлығын жұмысқа шығуға шақырамыз. Екіншіден, адамдар дұрыс емес ақпарат алып жатыр. Ақпарат дұрыс жеткізілсе, рұқсат етілмеген әрекеттерге мүлдем негіз жоқ деп есептеймін. Біз диалогқа дайынбыз”, – деп атап өтті ол.

Хасенов қанша адам әлі де ереуілде екенін хабарлады.

“Бүгінгі күні 141 адам жұмысқа шықпады, қалғандары жұмыс орнында”, – деді Асхат Хасенов.

Бұған дейін ереуілге шыққан “Өзенмұнайгаз” қызметкерлері зейнеткерлердің балалары мен денсаулығынан айырылғандардың балаларын жұмысқа алуды, Жаңаөзендегі жұмыссыздықты шешуді және 2013 жылғы ұжымдық келісімдегі тәуелсіз еңбекақы жүйесіне қайта оралу мен жүргізушілер мен операторлардың мәртебесін көтеруді талап етті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Монополистер қазақстандықтарға жылу үшін 768 миллион теңгеден астам қаражат қайтарады

Published

on

By

Монополистер 2023/2024 жылдарда жылу энергиясы үшін төлеген артық ақшаны қазақстандықтарға қайтарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pexels.com

Қазақстанның табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет құнын қайта есептеуге міндетті.

Жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша қалыпты түрде көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға қайта есептеуге міндетті. Ал тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жылу ақысын жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша қалыпты түрде көрсетілетін қызмет ақысын төлеген кезде тарифті төмендету жолымен қайта есептейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Осылайша, жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін ТМС есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға 2023/2024 жылдарда жылу энергиясы үшін төленген төлемақыны қосымша құн салығын ескере отырып, жалпы сомасы 768,2 млн теңге мөлшерінде қайтарды.

“Ең көп қайтарылған сома (354,5 млн теңге) ШҚО-да тіркелді. Содан соң Алматы (95,4 млн теңге) және Маңғыстау облысы (60,9 млн теңге) тұр. Қызылорда (38,6 млн теңге), Ақтөбе (37,7 млн теңге), Ақмола (33,5 млн теңге) және Қостанай (32 млн теңге) облыстарында да қомақты қаражат қайтарылды”, – деп жазды басылым.

Ал Ұлытау және Қарағанды облыстарының тұтынушылары үшін өзге тәсіл қолданылады, себебі жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша қалыпты түрде көрсетілетін қызмет құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріліп есептеледі.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды

Published

on

By

Танымал продюсер, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы ел талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Қайрат Нұртастың келіншегі көпшілікке еліміздегі танымал дизайнердің жаңа топтамасын таныстырды. Актриса подиумға жылан терісіне ұқсас матадан тігілген көйлекті киіп шығып, ел назарын өзіне аударды. Бірі мақтап, енді бірі даттап та үлгерді. Оған қоса сән көрсетілімінің соңында өнер иесі модельдердің шеруін бастап шықты. 



Алайда көпшілікке актрисаның киген көйлегі ұнамай қалды. Бірі жақтаса, енді бірі қазақ келіндеріне жараспайтын киім деп даттады. 

“Осындай да көйлек бола ма?!”, “Жартылай жалаңаш көйлекті ешкім кимейді”, “Қазақ келіндеріне жараспайтын киім”, “Өте сұлу да өзіне сенімді ару”, “Қадамдары нық деп осындайда айтады екен. Кәсіби модельден еш жері кем емес”, “Не деген фигура, 4 баланың анасы деп кім айтады”, “4 бала туған әйел де жас қыздай көрінетінін тағы да дәлелдедің”, “Мүсінінде бір мін жоқ”, “Жоғары деңгейде жүріп өтті. Не деген харизма, энергия”, “Сөз жоқ, сұлусыз. Қарай бергің келеді”, – деп жазды оқырман қауым.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, жақында актриса Түркияға кетіп, емделіп келген болатын. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!