Connect with us

IN-THE-NEWS

2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болмақ

Published

on

By

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым 2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ungeneva басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: news.day.az

Метеорологиялық ұйым мәліметінше, 2015 жылдан 2024 жылға дейінгі кезең тарихтағы ең жылы онжылдық болмақ. Ұйым климаттың күрт өзгеруіне байланысты “қызыл қауіп деңгейін” жариялады. Ол атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының таралуынан жеделдеп жатыр. 



“Мұздықтардың еруі, теңіз деңгейінің көтерілуі және мұхиттардың жылынуы жеделдеп жатыр. Ал экстремалды ауа райы бүкіл әлем экономикасына зиянын тигізіп отыр. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы орташа жаһандық жер бетінің температурасы өнеркәсіпке дейінгі деңгейден 1,54 градус Цельсий жоғары болды. Бұл Эль-Ниньо табиғи құбылысынан туындаған жылынуға көмектесті”, – делінген БакудеГІ БҰҰ-ның климаттық конференциясының ашылуында.

Біріккен ұлттар ұйымының мәлімдеуінше, Париж келісімінің мақсаттары орындалмауы мүмкін. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Климаттық апат халықтың денсаулығына зиянын тигізіп, теңсіздікті арттырып, тұрақты дамуға нұқсан келтіріп, бейбітшілік негіздеріне нұқсан келтіріп отыр. Бұл жағдайда халықтың осал топтары көп зардап шегіп жатыр”, – деді Антониу Гутерриш.

2024 жылы орташа жаһандық температура 2023 жылғыдан да асып кетуі мүмкін. 

Айта кетейік, бұған дейін “Қазгидромет” РМК 2023 жылға арналған Қазақстандағы жағдай мен климаттың өзгеруін бақылауға арналған жыл сайынғы бюллетень шығарған еді. Аспаптық бақылаулардың нәтижесінде 2023 жыл тарихтағы ең жылы жыл ретінде тіркелген. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Заманбек Нұрқаділовтің экс-жұбайы дүниеден озды

Published

on

By

Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің экс-жұбайы Нұрбике Ілімбайқызы дүние салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

. Коллаж: Stan.kz

Қаралы хабарды қызы Құралай Нұрқаділова жеткізді. 

“Бүгін түнде біздің еліміз үшін маңызы бар адам өмірден озды. Заманбек Нұрқаділовтің саяси жолына көп еңбек сіңірген адам. Ол – ақылды, білімді әрі саясатта сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Өте қарапайым және ақылды еді. Ол туралы көп айтуға болады. Осы жылдар ішінде оның үнсіздігі, Кеңес одағы кезіндегі және одан кейінгі ел туралы көп айтары бар еді. Оның ақыл-кеңесінің арқасында көп жас саясаткер саясатқа араласқан. Ол барлық тарихи фактіні іштей есіне алатын, өте қызықтырып айтатын. Менің анамның даналығына оны білетіндердің бәрі үнемі таңданатын. Иманда бол, анашым. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым! – деп жазды Құралай Нұрқаділова.

“Ажалы адамнан болды”: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі күйеуі туралы бар шындықты жайып салды

“Әкең атылып кетті”: Нұрқаділовтің бірінші әйелі күйеуінің қазасын кім естірткенін айтты READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Мақпал Жүнісова тұратын үйді  “қораға” теңеген еді. 

 

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Куралай Нуркадилова | Психолог Миллионеров №1 (@kuralaiofficial)

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ресей әскерлерінің құрамында соғысқан Солтүстік Корея әскерінің генералы жараланды – БАҚ

Published

on

By

Курск облысында Украинаға қарсы Ресей әскерлерінің құрамында соғысқан Солтүстік Корея әскерінің генералы жараланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “The Wall Street Journal” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

.

Фото: pixabay.com

Болған оқиға туралы толық ақпарат әлі жоқ. Алайда Батыс шенеуніктері алғаш рет Солтүстік Кореяның жоғары дәрежелі әскери қызметкері Ресей аумағында Украинаға қарсы іс-қимылдарға қатысып, жарақат алғанын растады.

Ал бір күн бұрын Курск облысындағы Солтүстік Корея әскери күштерін генерал Ким Али Бок басқарғанын хабарлады. Генералға КХДР әскерлерін Ресей армиясына біріктіру және соғыстың заманауи әдістерін зерттеу тапсырылды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Зеленский Қырымды қайтару үшін мыңдаған адамның өмірін қауіпке тікпейтінін айтты

АҚШ Украинаға жаяу әскерлерге қарсы қолданылатын миналарды жеткізеді

“Ким Али Бок бұған дейін КХДР арнайы күштерін басқарған және ұзақ уақыт жасырын қызметкер боп жүрген. Оның міндеті 2024 жылдың маусымында стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылған кезде Ресей мен Солтүстік Кореяның жақындасуы аясында жария болды. Содан бері генерал КХДР жетекшісі Ким Чен Ынмен бірге ресми іс-шараларға үнемі қатысып келеді”, – деді басылым.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

“Қазмұнайгаз” басшылығы Жаңаөзендегі ереуілшілерді жұмысқа кіруге шақырды

Published

on

By

“ҚазМұнайГаз” АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов “Өзенмұнайгаз” кәсіпорнындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қазмұнайгаз

Хасенов Жаңаөзендегі ереуілдің компанияға келтірген шығынын атады.

“Зақым әртүрлі, негізі күніне шамамен 100 тоннаны жоғалтып жатырмыз, бірақ негізгі техника мен негізгі бригадалар қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Сол үшін көлемі ұлғаяды”, – деді Хасенов брифингте.



Компания басшысы “ҚазМұнайГаз” басшылығы ереуілшілермен диалогқа дайын деп сендірді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біз барлығын жұмысқа шығуға шақырамыз. Екіншіден, адамдар дұрыс емес ақпарат алып жатыр. Ақпарат дұрыс жеткізілсе, рұқсат етілмеген әрекеттерге мүлдем негіз жоқ деп есептеймін. Біз диалогқа дайынбыз”, – деп атап өтті ол.

Хасенов қанша адам әлі де ереуілде екенін хабарлады.

“Бүгінгі күні 141 адам жұмысқа шықпады, қалғандары жұмыс орнында”, – деді Асхат Хасенов.

Бұған дейін ереуілге шыққан “Өзенмұнайгаз” қызметкерлері зейнеткерлердің балалары мен денсаулығынан айырылғандардың балаларын жұмысқа алуды, Жаңаөзендегі жұмыссыздықты шешуді және 2013 жылғы ұжымдық келісімдегі тәуелсіз еңбекақы жүйесіне қайта оралу мен жүргізушілер мен операторлардың мәртебесін көтеруді талап етті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!