Connect with us

IN-THE-NEWS

Алаяқтар желіде жоқ брендтік заттарды миллион теңгеге сатқан

Published

on

By

Алаяқтар шымкенттіктерге жоқ брендтік заттарды миллион теңгеге сатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин (күдіктілердің ұсталу сәті)

Полиция 22 жастағы тараздық тұрғынды және оның Алматы мен Шымкенттегі екі досын ұстады. Олар әлеуметтік желіде брендтік аяқ киім мен сөмкелер сататын жалған интернет-дүкен ашып, түпнұсқа тауарлардың фотосуреттерін жүктеп жариялап отырған.

Сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндіріп, төлемді аударым жасау арқылы немесе қашықтықта төлеу шотын жіберу арқылы алған. Брендтік затын ұзақ күтіп, сол күйі ала алмаған тапсырыс берушілер полицияға арызданған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Тиімді бағадағы көлік: Түрмеде отырған алаяқтар халықты 2 миллиард теңгеге алдап кеткен


Бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. “Киберпол” бөлімінде онлайн-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер еліміздің барлық аймағында болуы мүмкін екені айтылды.

Еске салсақ, осыған дейін астаналық алаяқ адамдарды мемлекеттен пәтер алуға көмектесемін деп 550 миллион теңгеге алдап соққан.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Әйелдер күресінен Қазақстан кубогінің жеңімпаздары анықталды

Published

on

By

Таразда өтіп жатқан Қазақстан кубогі аясында әйелдер күресінен медалдар сарапқа салынып, жарыс жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан кубогінде әйелдер арасындағы жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды. Бозкілемде әйелдер күресінен барлық салмақтағы медаль иелері анықталды. Назарларыңызға жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін ұсынамыз: 

50 келіге дейін

1.Светлана Анкичева 

2.Марал Тәңірбергенова

3.Лаура Ғаниқызы 

3.Камила Әпекова

53 келіге дейін

1.Зейнеп Баянова 

2.Мадина Асан 

3.Балжан Шәкір 

3.Аяжан Марқашева

55 келіге дейін

1.Марина Седнева

2.Айнұр Әшімова 

3.Айымгүл Абылова 

3.Зульфия Яхьярова 

57 келіге дейін

1.Нилуфар Раймова 

2.Аида Әлжан

3.Шұғыла Өмірбек 

3.Асия Нұрбек

59 келіге дейін

1.Гүлдана Бекеш 

2.Ирина Кузнецова 

3.Мадина Аман 

3.Айжан Исмағұлова  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

62 келіге дейін

1.Виктория Хусаинова

2.Диана Каюмова 

3.Тыныс Дүбек

3.Софья Змазнева 

65 келіге дейін

1.Елена Шалыгина

2. Айзада Амангелді

3.Ақерке Жұмаділ 

3.Гаухар Мұқатай

68 келіге дейін

1.Ирина Казюлина 

2. Альбина Каиргельдинова 

3.Бейбіт Сейдуалы

3.Гүлдана Өсербай 

72 келіге дейін

1.Анастасия Панасович

2.Жібекжан Сабыржанова

3.Шәмшиябану Тастанбек 

3.Қымбат Абуова 

76 келіге дейін

1.Гүлмарал Еркебаева 

2.Алина Ертөстік

3.Арайлым Алтынбек 

4.Эльмира Сыздықова

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматыдағы Halyk Arena мен “Алматы арена” нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

Published

on

By

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елде заңсыз жекенің қолына өтіп кеткен нысандардың мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді. Олардың қатарында Алматыдағы Halyk Arena мен Алматы Арена да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы Арена, olympic.kz

Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифинг барысында мемлекет меншігіне өткізілген спорт нысандары жайлы айтты.

“Ақтаудағы “Мұз сарайы” спорт кешені коммуналдық меншікке қайтарылды. Нысан 2018 жылы “Бейбарыс-Ақтау” хоккей клубының басқарушысы, жеке кәсіпкерге негізсіз берілген. Осыған ұқсас Алматы қаласындағы мемлекеттік серіктестік арқылы өтеусіз негізде жекеменшік басқаруда болған Halyk Arena мен “Алматы Арена” нысандары коммуналдық меншікке қайтарылды. Батыс Қазақстан облысында ұйымның сенімгерлік басқаруында болған футбол алаңы бар стадион мемлекетке қайтарылды”, – деді ол брифинг барысында.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұдан бөлек Шымкентте 108 миллион теңгеге сатылған “Мұз сарайы” спорт кешенінің 67% үлесі мемлекетке өткен. 

“Жамбыл облысында 2017 жылы жекешелендірілген “Айша бибі” су полосы спорт клубы мемлекет меншігіне өткен. Бұдан бөлек спорттық атақтарды заңсыз беру деректері де анықталды”, – деді Бигайдаров. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алаяқтарға алданып қалған Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыхановқа қатысты тың дерек шықты

Published

on

By

Алаяқтарға алданып қалған халық әртісі Роза Рымбаева мен депутат Дәулет Тұрлыхановқа қатысты тың дерек айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды 

Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясында эстрада әншісі Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыхановты ондаған миллион теңгеге алдап кеткен сотталушыға қатысты апелляциялық шағым қаралды. 

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, азамат Бекқайыровтың үстінен шағым жәбірленушілердің бірінен түскен.

“Айыппұлдың бір бөлігі өзгеріссіз қалды. Бірақ жәбірленушілердің біріне келтірілген шығын мөлшері алдын ала мәлімет бойынша 39 миллион теңгеден 54 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды”, – делінген ресми мәлімдемеде.  

Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айында Алматы қаласы Медеу аудандық соты Бекқайыровты 190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы (“Аса ірі көлемдегі алаяқтық”) бойынша кінәлі деп танып, оны белгілі бір мерзімге қауіпсіздігі орташа колонияда 6 жыл 8 ай жазасына кескен болатын. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Шешім бойынша жәбірленушілердің бірі Дәулет Тұрлыхановқа 533,7 миллион теңге, ал Роза Рымбаеваға 91,1 миллион теңге және тағы екі жәбірленушіге жалпы сомасы 60 миллион теңгеден астам шығынды өтеуі тиіс еді.



Айта кетейік, Бекқайыров 2022 жылы осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған болатын.

 Бекқайыров Тұрлыхановты жоқ инвестициялық жобаға – асфальт-бетон зауытының құрылысына 1,2 миллион доллар инвестициялауға сендірген.

Одан кейін 2017 жылы Роза Рымбаеваның жылжымайтын мүлік сататынын білгенде достары арқылы хабарласқан. Ол әншімен сатып алу-сату шартын жасап, қалған соманы кейін беретінін айтып, оған 195 мың доллар берді. Алайда уәде етілген 69 миллион 427 мың 350 теңгені мүлдем төлемеген. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!