Connect with us

IN-THE-NEWS

Ақшасын алмаз өндірісіне салған мыңдаған маңғыстаулық алданып, 9 миллиард теңгені қайтара алмай отыр

Published

on

By

Маңғыстау облысында мыңға жуық адам ақшасын алмаз өндірісіне инвестицияға саламын деп алданып қалды. Жәбірленушілердің айтуынша, қаражатты жинап алған компания басшысы елден қашып кеткен. Қазір Қаржы мониторинг агенттігі сотқа дейін тергеу жүргізіп жатыр. Салымшылар қылмыстық істің бабын өзгертіп, Ақтауда қаралсын деген талап қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Мәліметтерге сенсек, Ақтаудың прокуратура ғимараты алдына жиналған жұрттың көбі 2019 жылы мүлкін сатып, қолындағы қаражатын “Sax Invest” компаниясына санап берген. Айтуларынша, жарнамасы жер жарған компания халықты алмаз өндірісіне инвестиция салуға үгіттеген. Осылайша құйған қаражаттың үстінен ай сайын 2 пайыз пайда түсіп отырады деп сендіргенін айтады.

“Біз сол кісіге бала-шағамызға деп жинап отырған бүкіл қаражатымызды салғанбыз. Оның бер жағында өзгерістер болып, бізге мынадай міндеттеме қағазын берді. Осындай уақытта қайтарамыз ақшаны деп уәде берді. Қол хат жазып бергенімен ол кісі бұдан кейін хабарсыз кетті. Тек әлеуметтік желіден Анголадан жүргенін бақылаймыз. Біздің ақшамызды қайтарсын. Алаяқтық жолмен алдап, біздің ақшамызды қайтармай отыр”, – деді тұрғын Гүлшар Берғарина.

Маңғыстаулық тұрғындар компанияға 5 миллион теңге көлемінде ақша санап бергендерін айтады. Бүгінде елордада “қаржы пирамидасын құрды және ұйымдастырды” деген бап бойынша қозғалған қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алайда жиналған қауым істің бабын өзгертіп, Ақтауда қарауды сұрайды.

“Бұл кісі бізге келіп өз компаниясын жарнамалап, акцияға инвестиция саласыңдар деп алдады. Оның сөзіне сеніп, мен көлігімді сатып, 10 мың доллар салдым. Міне, 5 жыл бойы табыс түгілі, өз ақшамызды ала алмай отырмыз. Ақшамызды қайтар десек, Анголада жұмыс істеп жатырмын деп уәдеге сендіріп келді. Құзырлы органдар істің Маңғыстау облысында “Алаяқтық” бабы бойынша тергеуді сұраймыз”, – деді қала тұрғыны Алла Гафулер. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Арызын арқалаған жұртпен Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Данияр Төлегенов жеке кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

“Астана қалалық экономикалық тергеу департаментімен қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігімен сотқа (Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету) дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Осы іс бойынша аталған органмен күдікті тұлғалар ұсталды. Бұдан басқа тергеу әрекеттері тағы да жалғасады. Сонымен қатар бүгін Маңғыстау облысы прокуратурасының басшылық құрамымен осы салымшыларға жеке қабылдау жүргізілді, тиісті заңды түсіндірме берілді”, – деді прокурор.

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, компания 9 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген. Сонымен қатар агенттік осыдан бір ай бұрын “Sax Invest” қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеген еді.



Еске салайық, бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі жыл басынан бері 20 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген 57 қаржы пирамидасының жолын кескенін жаздық. Қылмыстық іс қозғалып, 12 миллиард теңгеден астам қаражат өтелді. Айта кетейік, “Qnet”, “World Business Consulting”, “Finiko” “Antares”/”Antares Trade”, “Sincere Systems Group”/”S-Group”, “Hermes LTD”, “Life is good”, “Chia Tai Tianding”/”Chia Tai Pharmaceutical” “Energy Eolus Oazqstan”/”Eolus” сияқты елде жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапқа тартылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Мақпал Жүнісова бала күніндегі ерекше қасиетін айтты

Published

on

By

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова бала кезіндегі әдетін айтып, елді күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/albums

Өнер иесі сахна алдындағы дайындығын көрсетіп, жанды дауыста ән айтты. 

“Әншілерден бұрын келіп, даусын жаттықтырып жатыр. Қанша жыл сахнада жүрсе де, өнерге деген адалдық осындай болса керек. Репетиция халық әртісіне дайындық қажет емес деп ойлаппын. Мақпалды ұйықтап жатқан жерінен оятып алып, ән айттыра беруге болады”, – деп жазды желі қолданушысы. 



Өз кезегінде эстрада жұлдызы бала кезіндегі ерекше қасиетін айтып берді. 

“Сөзіңіз рас. Одан зорын айтып берейін. Бала кезімде ұйықтап жатып, ән айтатын болғанмын. Анам талай қызықтарды айтып берген. Тіпті, ұйықтап жатып, ән айтады екенмін. Әнші болатыным сол кезде-ақ белгілі болды-ау”, – деп естелігін бөлісті өнер иесі.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, Мақпал Жүнісова домбыраны бортқа кіргізбеген әуе компаниясына шүйліккен еді. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстан мен Катар әуе кеңістігі мен әскери полигондарды бірлесіп қолданбақ

Published

on

By

14 қарашада сенат отырысындаа Қазақстан мен Қатар үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық келісімін ратификациялау туралызаң қаралды. Заңға сәйкес екі ел әуе кеңістігі мен әскери полигондарды бірлесіп қолданбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: bm.ge

Екі мемлекет үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім 2023 жылы 12 желтоқсанда Доха қаласында жасалған екен.

“Келісімді ратификациялау екі мемлекет арасындағы  әскери білім беруге, әскери қызметшілерді даярлауға, біліктілікті арттыруға, әскери медицина, ғылым, мәдени, спорт саласында ынтымақтастық іс-шараларын өткізуге, және өзге де салалаларда келісілген қызметтер мен жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді”, – деді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ қызметкерлерді тілге үйрету, ақпараттардың құпиялығын сақтау, кедендік рәсімдеу, дауларды шешу, тәжірибе алмасу, бірлескен оқу-жаттығу өткізу, бейбітшілік пен бітімгерлікті қолдау операцияларда консультациялар алу қарастырылған, заң мәселелері бойынша түзетулер енгізу тәртібі айқындалған.

“Келісім жауынгерлік даярлық іс-шараларын өткізу кезінде осы елдердің әуе кеңістігін және әскери полигондарын өзара келісілген мерзімдерде пайдалану, техникаларды тасымалдау мүмкіндігін көздейді. Осы Заңды орындау барысында туындайтын шығыстарды, егер әрбір нақты жағдайларда өзге тәртіп көзделмесе,  мемлекеттердің заңнамасы аясында тараптар көзделген қаражат шегінде өздері дербес көтеретін болады. Қазақстан және Қатар Мемлекеттері Үкіметтерінің  Заңды іске асыру жөніндегі уәкілетті органдары ретінде екі елдің Қорғаныс министрліктері белгіленген”, – деп қосты ол өз баяндамасында.  

Келісім 5 жыл мерзімге жасалды. Егер ағымдағы мерзім аяқталғанға дейін тараптар алты айдан кешіктірмей келісімнің қолданысын тоқтату туралы хабардар етпесе, уағдаластық келесі бес жылға автоматты түрде ұзартылады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада Сауран көшесін су басты

Published

on

By

Астанада Сауран көшесін су басты. Желіде су кешкен көліктердің видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: желі кадрларынан 

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше су Сығанақ пен “Анвар” дүкенінің аралығын алып жатыр. Жұртшылық көшедегі тола судың әсерінен қозғалыстың нашарлағанын жазды.

“Қалай мектепке барамыз?”, “Жүзу білесің деп үміттенемін”, “Бұл тұрақтылық қой”, “Қайта ертең сырғанайтын боламыз”, “Жүзетін кезең басталды”, – деп әзілдеп жазды жұртшылық. 

Бұл оқиғаға байланысты Stan.kz тілшісі “Астана су арнасынан” пікір сұрады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Сауран көшесі, 10 мекенжайында құдықтан су кету болды. Оқиға орнына жедел бригада бірден барды. 

Судың тасуының алды алынды. Қазіргі уақытта апаттық бригада жолдарды тазарту жұмыстарын аяқтауда. Су штаттық режимде жұмыс істейтін жаңбыр суын ағызатын арнаға жиналады. 

Тұрғын үйлер мен кешендерде сумен қамту ажыратылмады”,- деді ведомство. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!