Connect with us

IN-THE-NEWS

Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионатының өтетін орны ауысты

Published

on

By

Қазақ боксшылар қатысатын 2024 жылғы Азия чемпионатының өтетін орны ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Фото: ҰОК

Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметі 2024 жылғы Азия чемпионатының өткізілетін орнын өзгерту туралы ресми мәлімдеді. Азия чемпионаты әу баста Иорданияның Амман қаласында өтуі тиіс еді. Бірақ ресми мәліметтер бойынша, биылғы жылы чемпионат Таиландтың Чиангмай қаласында өтетін болып өзгертілді. Жарыс бұрын белгіленген күндерде, яғни 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. Таиланд Азия чемпионатын соңғы рет 2019 жылы қабылдаған еді.

. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Азия чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан құрамасының құрамы әлі нақтыланған жоқ. 

.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Мопедтерге қатысты заң күшіне енген соң жеткізу қызметі қымбаттай ма – Сарапшы жауап берді

Published

on

By

Қазақстанда мопедтерге қатысты заңның күшіне енуіне байланысты қала ішіндегі жеткізу қызметі қымбаттауы мүмкін. Автосарапшылардың болжауынша, самокат пен мопедшілердің жүргізуші куәлігін алуға, мемлекеттік нөмір тағуға міндеттейтін тәртіп курьер санын біршама қысқартады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Қала ішінде тапсырыс берушілердің асы мен затын мопедпен тасып табыс тапқан Наурызбек Сабыров жеткізу қызметімен айналысуды жарты жыл бұрын бастаған. Сөзіне сенсек, оның күнделікті кірісі 20 мың теңгеге жетеді.

“Басында жаяу курьер болып шықтым. Содан ақшамды жинап мопед алып, мопедпен шығып жүрмін. Енді тіркейін деп жатырмын, жүргізуші куәлігім бар, уайымдамаймын. Курьерлер азайса, қызмет қымбаттайды ғой. Енді 50%-ы балалар ғой. 16-17 жаста”, – деді курьер Наурызбек Сабыров.

Ал автосарапшылардың пікірінше, курьер қызметі қымбаттайды, бірақ айтарлықтай емес. Өйткені жеткізу қызметінің мол табысынан қағылмау үшін мопед мінгендер заңға сай жүруге тырысады дейді. Нәтижесінде жол тәртібі реттеледі деген пікірде. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Осылайша біз бұл қызметпен кәмелетке толмаған жеткіншектердің айналысуына жол бермей, олардың өміріне қауіпті азайтамыз. Заңға сәйкес, мопедті техникалық тексеруден де өткізу міндет. Ал ол қымбат тұрмайды. Сондықтан курьерлер шығынға бата қоймас. Әуелі қауіпсіздік маңызды екенін ескергеніміз жөн. Жаңа заң жол апатын азайтады”, – деді сарапшы Алексей Алексеев.

Бүгінде жеткізушілер өз қызметін мопедке мініп қана емес, осындай электросамокаттарды да тізгіндеп іске асырып жатыр. Сондықтан ертеңгі күні заң күшіне енсе, мопедшілер қатары азайғанмен, жеткізушілер қызметі тоқтамайды дейді сарапшылар.

Айта кетсек, келесі жылдың сәуіріне дейін еліміздегі мопед мінгендер мемлекеттік нөмір тағып, “А” және “А-1” санатындағы жүргізуші куәлігін алуы қажет. Көлік құралының ауаға шамадан тыс улы газ бөліп, қозғалыс кезінде артық дыбыс шығаруына жол берілмейді. Заң сақтамағандар автокөлік жүргізушілерімен бірдей жауапкершілікке тартылады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Өрт шыққан үйдің мұржасынан баллон табылды

Published

on

By

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Жітіқарадағы 5 баланың өліміне не себеп болғанын айтты. Министрдің айтуынша, үйдің мұржасынан бөгде зат табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Өрт шыққан үйдің мұржасынан кішкентай баллон табылған.

“Көмір пеші болған. Мұржа жүйесі тазартылмаған екен. Сондай-ақ мұржаның ішіне баллон салып жіберген. Баллон кішкентай. Ол сондай екен… Салдарынан жарылыс болып отыр”, – дейді Шыңғыс Әрінов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Баллонның мұржада қалай пайда болғаны белгісіз. “Балалар салып жіберуі мүмкін бе?” деген сұраққа төтенше жағдай министрі тергеу жұмыстары аяқталған соң жауап беретінін айтты.



Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында үйден өрт шығып, бес бала тірідей жанып кеткені туралы жазған едік. Кейіннен өрт кезінде балалардың анасының достарына қонаққа кеткені, ал әкелерінің түрмеде екені анықталды. 5 баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Украинадағы жағдайға байланысты министрлермен шұғыл жиын өтті

Published

on

By

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты министрлермен жедел кеңес өткізді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өтті.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бектенов оған мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі туралы айтылды.

Уәкілетті құрылымдардың басшылығына президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылды.

Бұған дейін Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!