Connect with us

IN-THE-NEWS

Депутат “Арт-спорт” және “Даму бала” бағдарламаларын сынға алды

Published

on

By

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев “Арт-спорт” және “Даму бала” бағдарламаларын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: parlam.kz

Бұл туралы депутат премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында айтты. 

“Бұқаралық спортты дамыту үшін төрт жыл бұрын “Арт-спорт” бағдарламасы іске қосылды, идея жақсы, алайда қысқа уақыт ішінде шу шықты. Спортқа құмар балалар мүмкіндіксіз қалып, бағдарлама сәтсіздікке ұшырады. Кейін әр өңір өз бағдарламаларын іске қосты, ол бағдарламалар да бұқараны спортпен қамту міндетін толық атқара алмай отыр”, – деді депутат. 

Сондай-ақ депутат Алматыда бастау алған “Даму бала” спорттық бағдарламасының іске асырылу барысын да сынға алды. 


“Алматыдағы балалар бюджет есебінен лас бассейнде жаттықтан, сонымен қатар ол жерде тәулік бойы сауна, бильярд пен ТЖО жұмыс істейдә. Спорттық гимнастика үйірмесі желдеткіші жоқ, төбелері төмен жертөледе өткен, ал 100-ге жуық бала қатыссатын вокал және домбыра сабақтары суы мен дәретханасы, желдеткіші жоқ кабинеттерде өткен. Испан футбол академиясы жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелері жоқ ашық алаңға орналасқан”, – дейді депутат.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Депутаттың айтуынша, жоғарыда аталған фактілер Алматы қоғамдық кеңесі мен мәслихатының мүшелері “Даму бала” бағдарламасының жұмысына мониторинг жүргізу барысында анықталған. Олар 52 бөлім мен 1038 үйірмені тексеру барысында олардың тек 5%-ы ғана талаптарға екенін анықтаған.

Депутат бұқаралық спортты дамыту президент тапсырмасы екенін атап өтіп, өңірлік бағдарламалардың жұмысына өзгерістер мен түзетулер енгізуді ұсынды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 120 спорт түріне қаржы бөлу тоқтатылатыны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қарағанды соты әжесіне қамқорлық жасап, сабақтан қалған оқушыны арнайы мектепке жіберуден бас тартты

Published

on

By

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты полиция басқармасының кәмелетке толмағанды арнаулы білім беру ұйымына 1 жылға жіберу туралы арызы бойынша азаматтық істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:depositphotos.com

Мәліметтерге сенсек, арызда Қарағанды агротехникалық колледжінің 16 жастағы 2-курс студентінің сабаққа бармауы, ата-анасының ұлына тәрбие бермеуі, оған көңіл бөлмеуі және оқуын қадағаламауы туралы айтылған.

Сот жасөспірімнің 71 жастағы науқас әжесіне күтім жасауына байланысты сабақты шынымен босатқанын және білім алғысы келетінін растады.

Сонымен қатар ол бейресми табысының бір бөлігін әжесіне беріп, қалғанын үй қажеттіліктеріне (отын мен көмір сатып алуға) және киім-кешекке жұмсаған.

“Есепте тұрмаған, қаңғыбастық, алкогольдік ішімдіктерді немесе есірткі заттарын тұтыну фактілері байқалмаған, қоғамдық тәртіпті бұзбаған, қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, полициялық есепте жоқ. Ата-анасы бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген және оған қамқорлық көрсетпеген, олар басқа қалада тұрады”, – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Анаға “Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және бағып-қағу бойынша өз міндеттерін орындамаған ата-ана” санаты бойынша есепке алынып, алкогольдік ішімдіктерді ішкені және ата-анасының баланы тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Студенттің әкесі ата-ана ретінде ұлына дұрыс көңіл бөлмегені үшін кінәсін мойындап, басқарманың мәлімдемесімен келіспейтінін білдірді.



“Прокурор арыздан бас тарту туралы шешім қабылдады. Осыны ескерген сот полиция басқармасының арызын қанағаттандырудан бас тартты. Алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында уәкілетті органдарға арнайы ұйғарым шығарылды. Сот әлеуметтік және отбасын дамыту ұйымдарымен бірлесіп кәмелетке толмағанды кешкі мектепке қабылдау шараларын қабылдады”, – деді Жоғарғы соттағылар.

Шешім заңды күшіне енді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Баян Алагөзова “Қазақ аруы” байқауына қатысты пікір білдірді

Published

on

By

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы “Қазақ аруы” байқауы әділ өтпеді дегендерге жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Медиа маманы дауыс әділ саналмады деген пікірді жоққа шығарды. 

“Байқау біткеннен кейін түсінбеушілікке тап болдық. Адамдар әділ өтпеді, дауыс беру боты жұмыс істемеді деп жатыр. Дауыс берушілер саны өте көп болды. Telegram ресми парақшасының өзі бізге адамның көптігінен бот жүктеліп жатқанын хабарлады. Біз барлығын хаттамаға енгіздік. Дауыс беру ашық әрі өткені жайлы дәлел бар. Байқау өткен залда интернет дұрыс істемеді. Ондағы халық, яғни 700 адам дауыс бере алмады. Бірақ қалған 65 мың адам дауыс берді”, – деп түсіндірді продюсер. 



Сондай-ақ арулар төңірегіндегі байқаудың арты үнемі дауға ұласатынын да ажсырмады.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Осындай шараға қыруар ақша жұмсап, жеңісті біреуге алып беру бізге қызық емес. Ондаймен айналыспаймыз. Жеңімпаздарды сөкпейді. Адамдар неше түрлі пікір айтады. Байқаудың әділ өтпеуі бойынша жыл сайын маған айып тағылады. Бізде барлық дәлел, хаттама бар”, – деді Алагөзова. 

Еске салайық, “Қазақ аруы-2024” байқауының жеңімпазы анықталған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сицилияда толассыз жауған жаңбыр соңы су тасқынына айналып, үйлер мен көліктерді шайып әкетті (видео)

Published

on

By

Италияның оңтүстігіндегі Сицилия аралдарына қарасты Катания қаласында су тасқыны болды. Толассыз жауған жаңбырдан жиналған тасқын қала көшелерін өзен арнасына айналдырып, көліктерді басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Palermo.corriere басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Елдегі төтенше жағдайлар қызметкерлері көлігінде қысылып қалған жүргізушілерді сыртқа шығарды. Азаматтық қорғау қызметі көлік жүргізушілеріне қызыл кодпен белгіленген жолдармен жүруге тыйым салды. 



“Қоңыраулар саны минут сайын артып келеді. Өрт сөндірушілер 70 құтқару жұмысын жүргізді. Төтенше жағдайға байланысты көмек көрсету үшін өрт сөндіру бөлімінің қосымша қызметкерлері шақырылды. Ал Сиракузадағы басшылық жергілікті құтқарушыларға көмек көрсету үшін сүңгуірлер мен құтқарушылар жіберді”, – делінген хабарламада. 

Алтарелло-ди-Рипосто өңірінде адамдар үйінен шыға алмай қалған. 4 адам тұратын тұрғын үйдің бірінші қабатын жаңбыр суы басып қалған. Тұрғындардың екеуі мүгедек болған. Оларды құтқарушылар амфибиялық көліктің көмегімен аман алып шықты. 

Катания және басқа да қалаларда сақтық шарасы ретінде мектептер жабылды. Өткен түні Сиракуза қаласында да қатты жаңбыр жауып, тұрғындардың үйін, жертөлесін, бақшалары мен террассаларын су басты. Су тасқыны көшелерді өзенге айналдырып, құлаған жапырақтар арықтар мен дренаждық арналардың торларын бітеп тастады.

“Біздің үй апатты жағдайға тап болды. Тура фильмдегі көрініс сияқты. Шкафтар суда қалқып жүр, қабырғалар дымқыл, есігіміз қирап, жиһаздарды лақтыруға тура келдң”, – деді тұрғындардың бірі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Италиялық БАҚ мәліметінше, алты сағат ішінде 350 мм жауын-шашын жауды. Соңғы бес күнде 700 мм, он күнде 1000 мм жауын түскен екен. 

Айта кетейік, бұған дейін 30 қазанда Испанияның Валенсия аймағында қатты жаңбыр жауып, су тасқыны болған еді. Салдарынан 200-ден аса адамның мәйіті табылған.

Ал 9 қарашада Испанияның Мадрид пен Валенсия қалаларында 130 мыңға жуық тұрғын су тасқынына байланысты үкіметке қарсы митингке шыққан. Олар провинция президенті Карлос Мейсонға қарсы шығып, су тасқынының жойқын зардаптарына байланысты оның отставкаға кетуін талап еткен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!