Connect with us

IN-THE-NEWS

Депутат сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың паралимпиада комитетінің басшысы қызметіне тағайындалуын сынға алды

Published

on

By

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов кәсіпкер Қайрат Боранбаевты соттылығына байланысты паралимпиада комитетінің президенті қызметінен алуды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/kairat4

Мәжілістің жалпы отырысында Әбенов “бюджеттен ұрлық жасағаны үшін” сотталған адамның президенттің қасында қоғамдық шараларға қатысуы дұрыс емес екенін айтты. 

“Бюджеттен ұрлық жасағаны үшін сотталған адам паралимпиада спортына жетекшілік етіп, ел намысын қорғайтын болса, қоғам қалай қарайды? Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамытуды ақша ұрлаған адамға сену қаншалықты дұрыс”, – дейді депутат. 

Ал спорт министрі Мырзабосынов министрліктің Боранбаевтың жұмысына шағымы жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, соңғы жылдары елімізде паралимпиада спорты қарқынды дамып келеді және бас хатшы ресми және халықаралық іс-шараларда комитет атынан өкілдік етеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Соңғы жылдары паралимпиада комитеті даму жолында үлкен жұмыс атқаруда. Басшылықтың ауысуына келетін болсақ, оны тағайындайтын нақты атқару комитеті бар. Бүгінде паралимпиада комитетінің жұмысына қатысты министрлік тарапынан түсініспеушілік жоқ. Қоғамдық ұйымның жұмысына шағым жоқ”, – деді министр.

Еске салсақ, 2023 жылдың наурыз айында Астана соты Қайрат Боранбаевты квазимемлекеттік сектордан ақша жымқырғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Кейінірек екінші сатыдағы сот оның мерзімін екі жылға қысқартты. Ал 2023 жылдың қараша айында сот Боранбаевтың мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтегенін, тергеуге белсенді атсалысқанын және істеген ісіне өкінгенін ескеріп оны түрмеден босатты. 2024 жылдың маусым айында Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы болып қайта сайланған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстанда әуе рейсін кешіктіргендерге жаза қатаңдатылып, айыппұл 2 есе артады

Published

on

By

Көлік министрлігі әуе рейсі кешігіп, кесте немесе бағыт өзгерген жағдайда айыппұлды екі есе арттыру қарастырылғанын жария етті. Министрлік бұл “Ашық НҚА” порталында талқыланып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фотоны Stan.kz тілшісі түсірген

Көлік министрлігінің дерегіне сенсек, қазіргі кезде рейс мәртебесінің өзгеруіне байланысты жолаушыларға қызмет көрсетпеу жағдайында әуекомпанияларды жауапқа тарту мүмкін емес екенін түсіндіреді. 

Сондықтан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 567-бабына сәйкес (Тасымалдаушының кінәсінен рейс кешіккенде немесе орындалмағанда жолаушыға қызмет көрсетуді тиісінше орындамау) қаралады.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылы рейстердің кешігуінің 16 666 оқиғасы тіркелген. Ал 2024 жылдың қыркүйегінде бұл көрсеткіш 17 827-ге жеткен. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Осылайша, рейс мәртебесі өзгерген жағдайда тасымалдаушының өз міндеттерін орындамауы немесе тиісті дәрежеде атқарылмағаны үшін айыппұлды 400 АЕК-ке дейін ұлғайту ұсынылды. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған бұзушылық үшін айыппұл көлемі 2000 АЕК мөлшерінде болуы керек. Қазір бұл көрсеткіштер екі есе аз.



Еске салайық, бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда рейсті кешіктіргені үшін басқалармен қатар әуе компаниялары мен әуежайлардың топ-менеджерлерін жазалауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.  Үкімет отырысында министр қазір рейстердің кешігуіне үш фактор әсер етіп отырғанын түсіндірді. Министрдің сөзінше, елдегі алты әуежайда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстары, ауа райы жағдайлары және адам факторы және пайдаланылған әуе кемелерінің санының артуына әсер еткен жолаушылар ағынының өсуіне компания басшылары жауап береді

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әйелдер күресінен Қазақстан кубогінің жеңімпаздары анықталды

Published

on

By

Таразда өтіп жатқан Қазақстан кубогі аясында әйелдер күресінен медалдар сарапқа салынып, жарыс жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан кубогінде әйелдер арасындағы жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды. Бозкілемде әйелдер күресінен барлық салмақтағы медаль иелері анықталды. Назарларыңызға жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін ұсынамыз: 

50 келіге дейін

1.Светлана Анкичева 

2.Марал Тәңірбергенова

3.Лаура Ғаниқызы 

3.Камила Әпекова

53 келіге дейін

1.Зейнеп Баянова 

2.Мадина Асан 

3.Балжан Шәкір 

3.Аяжан Марқашева

55 келіге дейін

1.Марина Седнева

2.Айнұр Әшімова 

3.Айымгүл Абылова 

3.Зульфия Яхьярова 

57 келіге дейін

1.Нилуфар Раймова 

2.Аида Әлжан

3.Шұғыла Өмірбек 

3.Асия Нұрбек

59 келіге дейін

1.Гүлдана Бекеш 

2.Ирина Кузнецова 

3.Мадина Аман 

3.Айжан Исмағұлова  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

62 келіге дейін

1.Виктория Хусаинова

2.Диана Каюмова 

3.Тыныс Дүбек

3.Софья Змазнева 

65 келіге дейін

1.Елена Шалыгина

2. Айзада Амангелді

3.Ақерке Жұмаділ 

3.Гаухар Мұқатай

68 келіге дейін

1.Ирина Казюлина 

2. Альбина Каиргельдинова 

3.Бейбіт Сейдуалы

3.Гүлдана Өсербай 

72 келіге дейін

1.Анастасия Панасович

2.Жібекжан Сабыржанова

3.Шәмшиябану Тастанбек 

3.Қымбат Абуова 

76 келіге дейін

1.Гүлмарал Еркебаева 

2.Алина Ертөстік

3.Арайлым Алтынбек 

4.Эльмира Сыздықова

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматыдағы Halyk Arena мен “Алматы арена” нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

Published

on

By

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елде заңсыз жекенің қолына өтіп кеткен нысандардың мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді. Олардың қатарында Алматыдағы Halyk Arena мен Алматы Арена да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы Арена, olympic.kz

Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифинг барысында мемлекет меншігіне өткізілген спорт нысандары жайлы айтты.

“Ақтаудағы “Мұз сарайы” спорт кешені коммуналдық меншікке қайтарылды. Нысан 2018 жылы “Бейбарыс-Ақтау” хоккей клубының басқарушысы, жеке кәсіпкерге негізсіз берілген. Осыған ұқсас Алматы қаласындағы мемлекеттік серіктестік арқылы өтеусіз негізде жекеменшік басқаруда болған Halyk Arena мен “Алматы Арена” нысандары коммуналдық меншікке қайтарылды. Батыс Қазақстан облысында ұйымның сенімгерлік басқаруында болған футбол алаңы бар стадион мемлекетке қайтарылды”, – деді ол брифинг барысында.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұдан бөлек Шымкентте 108 миллион теңгеге сатылған “Мұз сарайы” спорт кешенінің 67% үлесі мемлекетке өткен. 

“Жамбыл облысында 2017 жылы жекешелендірілген “Айша бибі” су полосы спорт клубы мемлекет меншігіне өткен. Бұдан бөлек спорттық атақтарды заңсыз беру деректері де анықталды”, – деді Бигайдаров. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!