Connect with us

IN-THE-NEWS

Ерке Есмахан отбасындағы тосын жаңалықты бөлісті

Published

on

By

Белгілі әнші Ерке Есмахан туған күні қарсаңында тосын мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/erke_esmahannn

Өнер иесі өзінің және ұлының туған күнін тойламайтынын айтып, елді таңғалдырды. Есесіне жолдасы екеуі отбасылық қуаныштарын біріктіріп, жазда үлкен той жасауға ниетті екенін жеткізді. 

“Қарашаның 23-і Исламның туған күні, ал 30-ы менің туған күнім болады. Екі туған күнді де тойламаймыз. Өзіміз үйде боламыз. Алла бұйыртса, бәрін қосып, жазда үлкен той жасаймыз деп отырмыз. Туған күндер, қоныстой, тұсаукесер, сүндет той, бәрі бұйыртса жазда болады. Жылдың ең үздік тойы болады”, – деп жазды Ерке Есмахан. 



Еске салайық, жұлдызды жұп үйлену тойларын да жазға қалдырғанын айтқан еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бұйырса жазда. Мен той қаламап едім. Күйеуім үлкен той жасаймын деп қоймай отыр. Мен келістім”, – деп жауап берген еді Ерке. 

Бұған дейін, Ерке Есмахан концерт кезінде сөзінен шатасқанын мойындаған болатын. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Батыс Қазақстанда алаяқтар адамды сан соқтырды

Published

on

By

Батыс Қазақстан облысында үш адамнан құралған алаяқтық топ адамдарға өзін баласы деп таныстырып, бар ақшасын ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Polisia.kz

Күдіктілер WhatsApp қосымшасы арқылы педагогтердің іс-шарасын өткізу үшін құрылған жалпы чатқа кірген. Чаттың мазмұны мен хаттарды зерттегеннен кейін ол ондағы адамдардан ақша аударуды сұрап, жекелеріне шыққан.

“Олар өздерін адамдарға баласы ретінде таныстырған. Телефоны сөніп қалды деп сылтауратып басқа нөмірден шыққан. Күдіктілердің сөзіне сеніп жәбірленушілер карта деректері мен CVV-кодтарын жіберген. Содан кейін алаяқтар қаражатты қолма-қол ақшаға алмастырған”, – дейді Қаратөбе полиция бөлімінің тәртіп сақшылары.



“Қате шығып тұр, мама. Басқа карта бар ма?”, “Хабарлама келді ме, мама?”, “Менің жаңа нөмірім, сақтап қойыңыз”, “Осы нөмірде боламын” деп жазған алаяқтар.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: Polisia.kz

Қазір алаяқтықтың 17 фактісі бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр. Алданғандар арасында басқа өңірдің тұрғындары да бар болып шықты. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгеге жеткен.

Полиция азаматтардан бөгде адамдармен телефонмен сөйлесу кезінде ғана емес, жалпы чаттарда хат алмасу кезінде де абай болуды ескертеді.

Бұған дейін ақшасын алмаз өндірісіне салған мыңдаған маңғыстаулықтар 9 миллиард теңгеге алданған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Cаясаткер 30 жастан асқан әйелдерге босануға тыйым салуды ұсынды

Published

on

By

Жапонияның консервативтік партиясының жетекшісі Наоки Хякута 30 жастан асқан әйелдерге босануға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: NDTV

Сондай-ақ саясаткер 25 жастан асқан жапондық әйелдерге тұрмысқа шығуға, ал 18 жастан асқан қыздарға университетке түсуге тыйым салуды ұсынды. Оның сөзінше, 30 жастан асқан әйелдердің жатырын алып тастау керек. 

“Бұл ұсыныс жас қыздарды ерте жаста ана болуға ынталандырады. Сондай-ақ Жапонияның демографиялық мәселесін шешуге көмектеседі. Ерте некеге тұру және ұзақ мерзімді білім беруден бас тарту әйелдерге отбасы құруға және бала тууға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді”, – дейді ол.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Саяси мансабына дейін жазушы болған Хякутаның бұл сөзі қоғамда да, БАҚ-та да қызу талқыға түсті. Көбі оның көзқарасын мизогинистік және радикалды деп санайды. Жұртшылықтың сынынан соң саясаткер өз сөздері үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Ол бұл тек “гипотетикалық болжамдар” екенін түсіндірді. 

Дегенмен саясаткердің ұсынысы қоғамда әлі талқыланып жатыр. Олардың басым көпшілігінің сөзінше, мұндай ұсыныс қоғамдағы әйелдерге қысымды күшейтуі мүмкін.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматы облысындағы колония басшысының орынбасары ұсталды

Published

on

By

Алматы облысында арнайы прокурорлар мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері №14 түзеу мекемесі басшысының орынбасарын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Іске қатысты облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ресми түсінік берді.

“2024 жылдың 13 қарашасында Алматы қаласында Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеу басқармасы Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесі бастығының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады, – делінген баспасөз хабарламасында.

Мәліметтерге сенсек, қылмыстық іс шеңберінде барлық жағдайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес, басқа қосымша ақпарат берілмейді”, – деп қосты прокуратура.


Еске салайық, бұған дейін Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталғанын жаздық. Сотталушыға қатысты оң шешім шығару үшін сот төрағасы 1,5 миллион теңге пара алған. Руслан Жұмағұловпен бірге тағы екі адвокат ұсталды. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 1-1-бөлігіне сай, “Пара алу” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен Батыс Қазақстан бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларымен айналысып жатыр. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!