Connect with us

IN-THE-NEWS

Жас теннисшілеріміз алғаш рет Дэвис кубогінің ширек финалына шықты

Published

on

By

Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дэвис кубогінде тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Анталияда (Түркия) Megasaray Tennis Academy ашық грунтты топырақта өтіп жатқан Juniors Davis Cup плей-оффына шыққан алғашқы қатысушылар анықталды. Топтық кезеңнің екінші күнінде теннистен Қазақстан командасы Гонконг құрамасын жеңді. Айта кетсек, мамыр айында Шымкентте өткен Азия іріктеу турнирінің жартылай финалында аталған командамен кездесу өткен еді. Сол ойында Қазақстан 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Қос команда арасындағы сайыстың алғашқы матчын Дамир Жалғасбай (#198 ITF Juniors) мен Николас Чэн (#298 ITF Juniors) бастады. Алғашқы сетте Дамир 6:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезеңде Гонконг құрамасының өкілі 6:4 есебімен айласын асырды. Шешуші сетте Дамир 6:3 есебімен жеңіп, мамыр айындағы іріктеуде Чэнге кеткен есені қайтарды.

Келесі ойында Заңғар Нұрланұлы (#77 ITF Juniors) Джек Чэнді (#205 ITF Juniors) жеңді. Бұл ойында тек алғашқы сетте ғана тартысты бәсеке болды, онда Заңғар 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Қазақстан теннисшісі қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай 6:0 есебімен басым түсті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет Juniors Davis Cup жарысының ширек финалына мерзімінен бұрын жолдама алды.

Айта кетейік, 13 қараша күні Қазақстан құрамасы Францияға қарсы ойнайды. Екі команда да әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Германияда балалар ойыншықтарының қорабынан жыландар табылды

Published

on

By

Германияның Лейпциг әуежайында кеден қызметі балаларға арналған ойыншық жүк машиналары салынған тапсырыстардан жыландар табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рresseportal.de порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: presseportal.de

Кеден қызметінің мәліметінше, сәлемдемелер Индонезиядан жіберілген және Германия арқылы Ұлыбританияға жеткізілуге тиіс болған. Сканерлеу кезінде ойыншық жүк машиналарының ішінде жыландардың шиырылып жатқаны анықталды.

Алғашқы тапсырыстан адамдар үшін аса қауіпті емес, бірақ улы саналатын тоғыз азиялық Ваглер моллюскаларын жегіш жылан табылды. Екінші сәлемдемеден ірілеу бес тынықмұхиттық жылан анықталды. Жыландарды тасымалдауға рұқсат болмағандықтан олар тәркіленді. Кеден қызметкерлері өрт сөндіру қызметіне хабарласып, жыландарды алып кетуді өтінді.

Бірінші топтағы жыландар қорғалмайтын түрге жататындықтан олар Лейпциг университетінің ветеринарлық медицина институтына жіберілді. Ал сирек кездесетін және қорғалатын жыландар Германияның табиғатты қорғау федералдық агенттігіне табысталды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Осы уақытта Индонезияда Google смартфондарын ел ішінде сатуға тыйым салынғаны туралы да хабарланды.



Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та Майами халықаралық әуежайында ер адам шалбарына жыландарды салып алып, рейске отырмақ болғанын жаздық. Көлік қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері белгісіз ер адамды шалбарында кішкентай рептилиялар салынған шағын сөмкемен ұстады. Жолаушы киімінің ішіне сөмке салып алған екен. Жыландар Флориданың балық пен жабайы табиғатты қорғау комиссиясына тапсырылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мақпал Жүнісова бала күніндегі ерекше қасиетін айтты

Published

on

By

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова бала кезіндегі әдетін айтып, елді күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/albums

Өнер иесі сахна алдындағы дайындығын көрсетіп, жанды дауыста ән айтты. 

“Әншілерден бұрын келіп, даусын жаттықтырып жатыр. Қанша жыл сахнада жүрсе де, өнерге деген адалдық осындай болса керек. Репетиция халық әртісіне дайындық қажет емес деп ойлаппын. Мақпалды ұйықтап жатқан жерінен оятып алып, ән айттыра беруге болады”, – деп жазды желі қолданушысы. 



Өз кезегінде эстрада жұлдызы бала кезіндегі ерекше қасиетін айтып берді. 

“Сөзіңіз рас. Одан зорын айтып берейін. Бала кезімде ұйықтап жатып, ән айтатын болғанмын. Анам талай қызықтарды айтып берген. Тіпті, ұйықтап жатып, ән айтады екенмін. Әнші болатыным сол кезде-ақ белгілі болды-ау”, – деп естелігін бөлісті өнер иесі.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, Мақпал Жүнісова домбыраны бортқа кіргізбеген әуе компаниясына шүйліккен еді. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстан мен Катар әуе кеңістігі мен әскери полигондарды бірлесіп қолданбақ

Published

on

By

14 қарашада сенат отырысындаа Қазақстан мен Қатар үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық келісімін ратификациялау туралызаң қаралды. Заңға сәйкес екі ел әуе кеңістігі мен әскери полигондарды бірлесіп қолданбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: bm.ge

Екі мемлекет үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім 2023 жылы 12 желтоқсанда Доха қаласында жасалған екен.

“Келісімді ратификациялау екі мемлекет арасындағы  әскери білім беруге, әскери қызметшілерді даярлауға, біліктілікті арттыруға, әскери медицина, ғылым, мәдени, спорт саласында ынтымақтастық іс-шараларын өткізуге, және өзге де салалаларда келісілген қызметтер мен жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді”, – деді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ қызметкерлерді тілге үйрету, ақпараттардың құпиялығын сақтау, кедендік рәсімдеу, дауларды шешу, тәжірибе алмасу, бірлескен оқу-жаттығу өткізу, бейбітшілік пен бітімгерлікті қолдау операцияларда консультациялар алу қарастырылған, заң мәселелері бойынша түзетулер енгізу тәртібі айқындалған.

“Келісім жауынгерлік даярлық іс-шараларын өткізу кезінде осы елдердің әуе кеңістігін және әскери полигондарын өзара келісілген мерзімдерде пайдалану, техникаларды тасымалдау мүмкіндігін көздейді. Осы Заңды орындау барысында туындайтын шығыстарды, егер әрбір нақты жағдайларда өзге тәртіп көзделмесе,  мемлекеттердің заңнамасы аясында тараптар көзделген қаражат шегінде өздері дербес көтеретін болады. Қазақстан және Қатар Мемлекеттері Үкіметтерінің  Заңды іске асыру жөніндегі уәкілетті органдары ретінде екі елдің Қорғаныс министрліктері белгіленген”, – деп қосты ол өз баяндамасында.  

Келісім 5 жыл мерзімге жасалды. Егер ағымдағы мерзім аяқталғанға дейін тараптар алты айдан кешіктірмей келісімнің қолданысын тоқтату туралы хабардар етпесе, уағдаластық келесі бес жылға автоматты түрде ұзартылады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!