Connect with us

IN-THE-NEWS

Жоғалған затты тауып алған қазақстандықтар жаза арқалауы мүмкін

Published

on

By

Елімізде жоғалған затты тауып алған адам айыппұл арқалауы мүмкін. Олар енді күдікті ретінде ұрлық бабымен жауапқа тартылу қаупі бар. Сондықтан мамандар көшеде жатқан бөтеннің затын алмауға кеңес береді. Ал иесін табуға көмектесетін ниет болса, дәлел-дәйек жинау маңызды дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Freepik.com

Көшеде немесе қоғамдық орында ақша, әмиян, ұялы телефон тауып алған жағдайда оны қай жерден, қалай тапқанын видеоға түсіріп алу керек. Содан кейін полицияға хабарласып, тәртіп сақшыларының келгенін күту керек.

Жоғалған ақшаны тапқан адамға “ұрлық” бабымен іс қозғалуы мүмкін. Заңгерлер мұндай жағдайлар кездескенін айтады. Мамандар смартфон тауып алған жағдайда иесі табылғанша өзіңізде сақтай аласыз деп отыр. Бірақ телефонды қосуға болмайды. Өйткені оның ішінде адамның фото-суреттері, банк қосымшалары мен жеке мәліметтері сақталады. Ол азаматтың жеке өміріне қол сұғу болып саналады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Көшеде немесе қандай да бір мекемеде зат, мүлік тауып алса, міндетті түрде жергілікті атқарушы органдарға, полиция қызметкерлеріне хабарлауға міндетті. Ол затты өзіңіз пайдаланып кетсеңіз, полиция қызметкерлері сізден оны тапқан жағдайда айып тағуы мүмкін. Уақытында хабарламағаныңыз үшін күдіктіге айналасыз. Сізге сақтауға берсе, қолхатпен тапсырылады. Сонымен қатар, сақтау шығындарын да талап ете аласыз”, – деді заңгер Нұрболат Ибраев.

Егер тауып алған заттың иесі анықталса,  ол адамнан сыйақы сұрауға құқыңыз бар екен. Зат құнының 30%-ын қаражат түрінде ала аласыз. Азаматтық кодекске сәйкес полиция жоғалған заттың иесін жарты жыл іздейді. 6 айдан кейін табылмаса, тауып алған адам меншік құқығына ие болады. Яғни аталған затты өзіне қалдыра алады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Семсершілеріміз әлемдік рейтингте үздік үштіктің қатарында

Published

on

By

Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден әлемдік рейтингтің үздік үштігіне жақындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы FIE нұсқасы бойынша әлемдік рейтингте позициясын жақсартты. Швейцарияның Берн қаласында өткен Әлем кубогінің кезеңінде қазақстандық шпагашылар сәтті өнер көрсетті. Командалық сайыста біздің құрама 35 команданың ішінен жетінші орынды иеленді. Бұл нәтиже әлемдік топ рейтингінде жоғарылауға мүмкіндік берді. Қазақстан алтыншы орыннан төртінші орынға көтерілді.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Руслан Құрбанов бастаған семсершілеріміз  Швейцарияда өткен әлем кубогінің кезеңінде ширек финалға дейін жеткен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда квестерге қатысуға және ойыншық-құбыжықтарды алуға шектеу қоятын петиция шықты

Published

on

By

Қарағандылық қоғам белсендісі, психолог Татьяна Савицкая балаларға арналған қорқынышты ойыншықтар мен қызметтерге қатаң талап қоюды талап етті. Оның айтуынша, Хагги Вагги сияқты ойыншық-құбыжықтар және Хэллоуин мерекесі балаларға зиян келтіретінін ескеріп, ата-аналар оларға тыйым салу керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: vseodetyah.com

Психолог Савицкаяның бастамасына қолдау көрсеткен ата-аналар балалардың осындай қорқынышты квесттерге қатысқанын біліп, өз алаңдаушылығын білдірген. Мамандар полициямен бірге бір квестке барғанда олардың көргендерінен қатты шошынған: қанға оранған манекендер, ілулі және мүшеленген қуыршақтар, қанға толы ванналар, сәбилердің денелері. Мұндай квесттердің бірі Саран әкімдігінен грант ұтып алған.

Қарағандылық “Озарение” қоғамдық қорының жетекшісі, балалар мен отбасы құқықтарын қорғау бойынша Қарағанды әкімінің кеңесшісі Татьяна Савицкая балаларға арналған деструктивті контенті бар ойындар мен кітаптардың зиянын атады. Сонымен қатар осы мәселеге қоғам назарын аудартуға тырысып отыр.

Ол мұндай ойындар мен ойыншық-монстрлар балалар психикасына кері әсерін тигізіп, балалардың қорқыныш пен өлімге деген қатынасын өзгертуі мүмкін деп санайды. Оның айтуынша, балалар мұндай мазмұндағы ойындарға қатысқанда немесе осындай мазмұнды кітаптар оқығанда олардың санасында тежегіш процестер әлсіреп, оларды басқару қиынға соғады.

Савицкаяның пікірінше, балалар өлімге ересектер сияқты мән бермейді. Ал кейбіреулері суицидті батырлық деп қабылдауы да мүмкін. Осыған байланысты ол ойыншық-құбыжықтар мен осындай мазмұндағы ойындарды тыйым салуға шақырған петиция құрып, видеоүндеу жасады.

Алайда басқа психологтар мұндай тыйым салулардың нәтиже бермейтініне сенеді. Олардың айтуынша, егер бір ойынға тыйым салынса, балалар басқасын табады. Мысалы, 50 жыл бұрын Чебурашка мен көк күшіктің ешкімге зияны болмаған дейді мамандардың бірі Виктория Аншакова. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Психолог бұл мәселеде отбасы мен ата-ананың жауапкершілігін мемлекетке аудару идеясы қалыптасып жатқанын айтады. 

Виктория Аншакованың ойынша, бала тәрбиесіне саналы түрде көңіл бөлетін ата-ана баласының нені және неге қалайтынын түсініп, онымен өзі талқылап, оған ықпал ете алады. Баланың неліктен құбыжық ойыншыққа қызығатынын немесе қорқынышты квестке барғысы келетінін түсіну маңызды дейді ол.

Аншакова кейбір ата-аналар мұндай заттарға қатаң талап қою қажет деп есептейтінін атап өтті. Ол Хэллоуин сияқты Батыстан келген әсерлерді, сондай-ақ ЛГБТ насихаты сияқты көріністерді шектеуді қолдайтынын жеткізді.

Квесттерге келер болсақ, Аншакова оларды 18 жастан бастап қана қатысуға рұқсат беруді ұсынады. Оны тәрбиелеуде балаларға мейірімді, позитивті ойыншықтардан үлгі көрсеткен дұрыс деп санайды.

Сондай-ақ Аншакова кәсіпкерлердің әлемдік трендтер мен сұранысқа сүйене отырып кейіпкерлерді шығаруы заңдылық екенін айтты. Маманның сөзінше, балаларға таңдау еркіндігі беріліп, оларды қандай ойыншықпен ойнау керек екенін түсінуге үйрету маңызды.

Ал Татьяна Савицкая балаларға арналған тауарлар мен қызметтерге қатаң талап ету петициясын е-petition сайтында жариялап, сонымен қатар бейнеүндеумен бірге үкіметке жолдады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Дархан Жолшыбеков әйеліне көлік сыйлады

Published

on

By

Танымал блогер Дархан Жолшыбекова әйеліне көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Желі жұлдызы әйелі Дариғаға жұрт алдында алғыс білдірді. 

“Сен барлық жақсылыққа лайықсың! Менің өмірімде бар болғаныңа рақмет! 

Барлығыңызға жұғысты болсын! 150 миллион теңгеге алған сыйлығым осы. Әлемде 1000 ғана данасы бар. Mercedes-Benz G 63 AMG маркалы көлік. Даридың тосынсый жасайтын мекенжайға келуіне бір сағат қалды. Біз машинаны әдемі жерге орналастырып жатырмыз”, – деп жазды блогер. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, су жаңа көлік иесін құттықтап жатыр. 

“Қандай керемет көрініс?!”, “Осылар банк тонай ма екен, қалай байып жатыр?!”, “Дари сияқты әйел бәрімізге жұғысты болсын!”, “Қазақстанда жоқ көлік екен”, – деп жазды көпшілік.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, блогер некесіз қызына көлік пен пәтер сыйлаған еді. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!