Connect with us

IN-THE-NEWS

Роза Әлқожа марқұм Оразалы Досбосыновтың қызын ұзатты

Published

on

By

Танымал әнші Роза Әлқожа марқұм болған өнерлі жұп Оразалы Досбосынов пен әнші Ажар Түзелбекқызының қызын ұзатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Өнер иесі марқұмдарға көзінің тірісінде берген уәдесін орындағанын айтты. 

“Жүрегім парша-парша болып кетті. Ешқандай ұзатуда дәл бұлай егіліп, төгіліп жыламаппын. Егер анаң мен әкең бар болғанда сен дүркіреген той мен дүбірлі думанның кейіпкері болар ең. “Ешкімді әурелемей, ақырын ғана азаматымның қолынан ұстап кетем” деген екенсің. Оған жұртың көнбей, аз уақытта осылай ұзатуға бел буған. Айшатай, Нұр-Айша, жаным, сен тектінің тұяғысың. Асылдың сынығысың. Біздің досымыздың өзісің, ізісің! Барған жеріңде бақытты бол!

Сен соған лайықсың! Ботам, бағың ашылсын! Арманыңа жет! Нұрсұлтан мен Нұрайша – Оразалы мен Ажардың Алашқа аманаттап кеткен перзенттері. Сіздер де тілеулес болыңыздар! Жастар бақытты болсын!”, – деп жазды әнші. 



Еске салайық, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Оразалының ұлын жұмысқа тұрғызып, отау құрғанша өз қамқорлығына алғанын жазған едік.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біздің қор су жаңа телефон да алып беретін болды. Әкесі марқұм тірі болса осылай жаутаңдап жүрмес еді-ау деп бір жылап алдық… Біз сені сағындық, досым! Сенімен танысқанда 20-дағы қылшылдаған жігіт едің. Міне, жалындаған 20 жасында балаң келіп тұр алдымызға… Сені халқың сағынды, Ораз! Барлық атсалысқан ағайынның садақасын Алла еселеп қайтарсын…”, – деп жазған еді ақын. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Алматы облысындағы колония басшысының орынбасары ұсталды

Published

on

By

Алматы облысында арнайы прокурорлар мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері №14 түзеу мекемесі басшысының орынбасарын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Іске қатысты облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ресми түсінік берді.

“2024 жылдың 13 қарашасында Алматы қаласында Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеу басқармасы Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесі бастығының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады, – делінген баспасөз хабарламасында.

Мәліметтерге сенсек, қылмыстық іс шеңберінде барлық жағдайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес, басқа қосымша ақпарат берілмейді”, – деп қосты прокуратура.


Еске салайық, бұған дейін Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталғанын жаздық. Сотталушыға қатысты оң шешім шығару үшін сот төрағасы 1,5 миллион теңге пара алған. Руслан Жұмағұловпен бірге тағы екі адвокат ұсталды. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 1-1-бөлігіне сай, “Пара алу” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен Батыс Қазақстан бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларымен айналысып жатыр. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

АҚШ президенті Ақ үйде Джо Байденмен кездесті

Published

on

By

Президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Ақ үйде экс-президент Джо Байденмен жүздесті. Кездесу барысында Байден билікті президентке бейбіт жолмен беруге ниетті екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: APF

Трамп кездесудің мүмкіндігінше жайлы өтетініе сөз берді. 

“Жаңа сайланған және бұрынғы президент Дональд мырза, құттықтаймын! Біз билікті бейбіт түрде табыстағымыз келеді және сізде қажет нәрсенің бәрі болуы үшін барымызды саламыз. Бүгін біз осы мәселелердің кейбірін талқылаймыз. Қош келдіңіз, оралуыңызбен”, – деді Джо Байден.

Трамп өз сөзінде саясаттың қатал екенін атап өтті. 

“Саясат – Жалпы әлемді жағымды деп айтпас едім. Бірақ бүгін ерекше жағымды жағдай және мен мұны бағалаймын”, – деген Трамптың сөзінен кейін екі саясаткер қол алысты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Трамп пен Байден сайлау кезінде бір-бірін қатал сынға алған еді. Олар соңғы рет маусым айындағы пікірталас кезінде кездескен еді. Көп ұзамай Байден өзінің жасына және президенттік қызметке қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты жарыстан шығып қалды.



Жаңа сайланған президент пен бұрынғы президенттің бетпе-бет жүздесуі – америкалық саясаттың бұрыннан келе жатқан дәстүрі. Алайда 2020 жылғы Трамп жеңілген сайлаудан соң Джо Байден онымен кездесуден бас тартқан еді. 

Қазір Трамп белсенді түрде өз әкімшілігін құруды жалғастырып жатыр. 

Бұған дейін Трамптың тележүргізушіні қорғаныс министрі етіп, Маскты департамент басшысы етіп тағайындағалы жатқаны туралы жаздық.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Германияда балалар ойыншықтарының қорабынан жыландар табылды

Published

on

By

Германияның Лейпциг әуежайында кеден қызметі балаларға арналған ойыншық жүк машиналары салынған тапсырыстардан жыландар табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рresseportal.de порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: presseportal.de

Кеден қызметінің мәліметінше, сәлемдемелер Индонезиядан жіберілген және Германия арқылы Ұлыбританияға жеткізілуге тиіс болған. Сканерлеу кезінде ойыншық жүк машиналарының ішінде жыландардың шиырылып жатқаны анықталды.

Алғашқы тапсырыстан адамдар үшін аса қауіпті емес, бірақ улы саналатын тоғыз азиялық Ваглер моллюскаларын жегіш жылан табылды. Екінші сәлемдемеден ірілеу бес тынықмұхиттық жылан анықталды. Жыландарды тасымалдауға рұқсат болмағандықтан олар тәркіленді. Кеден қызметкерлері өрт сөндіру қызметіне хабарласып, жыландарды алып кетуді өтінді.

Бірінші топтағы жыландар қорғалмайтын түрге жататындықтан олар Лейпциг университетінің ветеринарлық медицина институтына жіберілді. Ал сирек кездесетін және қорғалатын жыландар Германияның табиғатты қорғау федералдық агенттігіне табысталды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Осы уақытта Индонезияда Google смартфондарын ел ішінде сатуға тыйым салынғаны туралы да хабарланды.



Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та Майами халықаралық әуежайында ер адам шалбарына жыландарды салып алып, рейске отырмақ болғанын жаздық. Көлік қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері белгісіз ер адамды шалбарында кішкентай рептилиялар салынған шағын сөмкемен ұстады. Жолаушы киімінің ішіне сөмке салып алған екен. Жыландар Флориданың балық пен жабайы табиғатты қорғау комиссиясына тапсырылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!