Connect with us

IN-THE-NEWS

Сөз бостандығына қатысты мәселе жоқ – Министр Аида Балаева  

Published

on

By

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда сөз бостандығына қатысты ешқандай мәселе жоғын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Мәжіліс кулуарында журналистер Балаеваның франциялық әріптесімен кездесуі жайлы айтып, одан екі ел арасында сөз бостандығын салыстыруды сұраған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Әр елде бәлкім әлдекімдер жақсы немесе жаман деп бағалайды. Бірақ, меніңше, біздің елде сөз бостандығына қатысты ешқандай мәселе жоқ. Сіз ойыңызды еркін жеткізесіз, петиция жариялай аласыз. Тіпті аккредиттеу мәселесіне қатысты келіспеушіліктер болса да, біз мұны құқықтық жолмен шештік, бұл өркениетті диалог барын көрсетеді. Заң мен тәртіп принципі сақталады, бұл мені қуантады. Сондықтан сөз бостандығымен бізде барлығы жақсы”, – деді Балаева. 

Еске салайық, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәжіліс кулуарында уақыт белдеуін ауыстыруға қатысты пікір білдіріп, мұны астананы ауыстырумен салыстырған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Атырау әкімдігі жол бойындағы екі жарым мыңға жуық жасыл желекті отап тастады

Published

on

By

Атырау әкімдігі жол жиегінде өсіп тұрған екі жарым мыңға жуық ағашты отап тастаған. Белгілі болғандай оталған 2 гектар жер кәсіпкерге беріледі екен. Қоғам белсенділері жасыл желектің оталып кеткеніне наразы.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ағаштар оталған қала сыртындағы А-28 деп аталатын аумаққа жанармай бекеті салынайын деп жатыр. Қоғам белсенділері тал-теректі отап тастағандардың жауапкершілікке тартылуын талап етіп отыр.

“Атырау экологиясы нашар қалалардың қатарына кіреді. Тұрғындар жыл сайын зауыттардан шығатын жағымсыз иіске тұншығып отыр. Бұл әрекеті барып тұрған бассыздық деп санаймын. Масқара ғой. Мен ағашты кесуге қарсымын. Өйткені қаланың экологиясы өте нашар. Жол бойында жанармай бекеттері көп қой. Олардың санын көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, тал-терктерді отырғызып, табиғаты аялау керек”, – дейді қоғам белсендісі Нұрлан Жунасов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бір кездері жасыл желектен көрінбеген жер енді тегіс алаңқайға айналған. 2 гектар бос жер енді кәсіпкерге беріледі. Бұл аймаққа жанармай бекеті салынғалы жатқаны расталды. Шенеуніктер де құрылысқа рұқсат қағазы берілгенін айтады. Ал мамандар оталған ағаштар басқа жерге отырғызылатын айтты.

“Жерді әу баста архитектура бөлді. Бәрі заңды. Рұқсаттары бар. Сол орынға қағазын алды. Барлық оталған ағаштар қала аумағына қайта отырғызылды. Саябақ пен қоғамдық орындар әрі сауда ойын-сауық орталықтардың алдына отырғызылды”, – дейді Атырау облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясының бас маманы Ерболат Айтқалиев.

Кәсіп иесі өз кезегінде әкімдікке 300-ден аса тал-теректі сыйға берген. Сондай-ақ оған бекеттің айналасына ағаш егу міндеттелді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сот Майқайың кенішіндегі автобус апатында қаза тапқан құтқарушының отбасына берілетін өтемақы сомасын азайтты

Published

on

By

Сот Майқайың кенішінде жер астына түсіп кеткен автобустағы құтқарушының туыстарына берілетін  өтемақы мөлшерін азайтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қыркүйекте жәбірленушілердің бірінің анасы, қызы, ұлы және әпкесі әрқайсысы 30 миллионнан барлығы 120 миллион теңге моральдық шығынды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінген. Әскери жедел-құтқару қызметінің республикалық орталық штабы жауапкер болды. Екібастұз соты талап арызды қанағаттандырып, мекемені 120 миллион теңге төлеуге міндеттеген еді.

Алайда жауапкер апелляциялық шағым білдіріп, 13 қарашада облыстық соттың сот алқасы істі қарап, жаңа үкім шығарды. Енді әрқайсысына 30 миллион емес, барлығына 30 миллион төлейді.

“Ақылға қонымдылық, әділдік және жеткіліктілік критерийлерін басшылыққа ала отырып, алқа моральдық залалдың орнын толтыру сомасында талапкердің пайдасына өндірілуге ​​жатады деген қорытындыға келді. Әрқайсысының пайдасына 7 млн ​​500 мың теңгеден өндірілді”, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Агидель Ибраева. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткені туралы жазған едік. Екі адамның денесі табылды. Кейіннен жердің опырылу қаупіне байланысты іздеу тоқтатылды.

Содан кейін құтқарушының отбасы компаниядан 120 млн теңге өндіріп алғаны айтылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылуына жер сілкінісі себеп болуы мүмкін – АШМ

Published

on

By

Ауыл шаруашылығы министрлігі Каспий теңізіндегі Қызыл кітапқа енген итбалықтардың жаппай қырылуына су астындағы жер сілкінісі себеп болды деп санайды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

24 қазан мен 13 қараша аралығында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауынан 1034 итбалықтың өлексесін тапты.

“Балық шаруашылығы комитеті табиғи құбылыстар, соның ішінде су астындағы жер сілкінісі салдарынан табиғи газдар шығарындылары себеп болуы мүмкін деп болжайды. Итбалықтардың өлу себептері туралы түпкілікті тұжырымдар ғылыми ұйымдардың мәліметтері бойынша 3-4 айға созылатын зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін анықталады”, – делінген хабарламада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Балық инспекциясының мамандары итбалықтардың не себепті қырылғанын анықтау үшін аумақтық сулардың акваториясына тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр. Әзірге ауру туралы ешқандай ақпарат жоқ.



“Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қызметкерлері Астанадағы ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта жұқпалы аурулардың бар-жоғына зерттеу жүргізіліп жатқан патологиялық материалдың сынамаларын іріктеп алды. 2024 жылдың 13 қарашасында пастереллез, құс тұмауы, жыртқыш оба, сальмонеллез және листериозға арналған ПТР әдісімен зерттелген барлық сынамалар теріс нәтиже көрсетті”, – деп мәлімдеді министрлік.

Бұған дейін Маңғыстау облысында теңіз жағасынан 151 итбалықтың өлексесі табылған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!