Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстанда сақтандыру компаниялары жол апатында қаза тапқан адамдардың мұрагерлеріне өтемақы төлеуге міндеттемек

Published

on

By

Қазақстанда сақтандыру компаниялары жол апатында қаза тапқан қазақстандықтардың мұрагерлеріне өтемақы төлеуге міндеттемек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Депутаттар сақтандыру компанияларын жол-көлік оқиғаларында қаза тапқан қазақстандықтардың мұрагерлеріне сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттеуді, сондай-ақ көлікті міндетті сақтандыру төлемдерінің шекті мөлшерін арттыруды талап етті. 

Депутаттардың айтуынша, қазір егер адам жол апатында қайтыс болса, сақтандыру сомасы қайтыс болған адамның асырауында адамдар болған жағдайда ғана мұрагерлеріне төленеді. Сонымен қатар банк заңнамасының нормаларына сәйкес марқұмның несиелік қарыздары мұрагерлерден асырауындағылардың болуы ескерілмей өндіріп алынады.


Медициналық сақтандыру қоры төлейтін ең қымбат қызметтер белгілі болды


“Тіпті баланың жол апатында қайтыс болуының сақтандыру заңнамасында ешқандай құқықтық салдары жоқ. Бір қызығы, жол-көлік оқиғаларында өлген үй жануарлары үшін сақтандыру төлемдері қарастырылған. Бұл әділеттілік пен парасаттылық қағидасына қайшы келеді. Сақтандыру адамдарды қорғауы керек”, – дейді депутаттар.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сонымен қатар депутаттар көлікті міндетті сақтандыру төлемдерінің шекті сомасын 600 АЕК-тен (2,2 млн теңге) жоғарылатуды талап етті. Депутаттар бұл сома қазіргі жағдайда көлік жөндеу мен қалпына келтірудің нақты бағасына сәйкес келмейтінін айтады.

“Мысалы, қазір қымбат көліктің бір шамы бірнеше миллион теңге тұрады. Ал жөндеу жұмыстарының көлемі одан ондаған есе көп. Сонымен қатар, жол апатына кінәлі адам қымбат жөндеу жұмыстарына ақы төлей алмайды, бұл ақыр аяғында оның материалдық жағдайын нашарлатып қана қоймай, несие алып, мүлкін сатуға мәжбүр етеді”, – дейді депутаттар. 

Еске салсақ, бұған дейін жол ережесін жиі бұзатындар енді сақтандыру үшін көбірек төлейтіні туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жаңаөзенде бұрғылау компаниясының қызметкерлері жұмысты тоқтатып, ереуілге шықты

Published

on

By

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы “Бұрғылау жұмыстарын басқару” кәсіпорнының жұмысшылары ереуілге шығып, өндіріс жұмысын тоқтатты. Компания “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны “Өзенмұнайгаз” компаниясына қызмет көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Азаттық радиосына” сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ереуілге шыққан қызметкерлер “Өзенмұнайгаздағы” зейнеткерлердің балалары мен жұмыста денсаулығынан айырылған қызметкерлердің балаларын жұмысқа қабылдауды, Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесін шешуді, 2013 жылға дейін ұжымдық келісімде көрсетілген тәуелсіз еңбекақы жүйесіне және жүргізушілер мен операторлардың мәртебесін көтеру, оның ішінде ұжымдық шартта 30 пайыздық үстемеақыны есептеу тәртібіне оралуды талап етіп отыр. 

“Егер тәуелсіз еңбекақы жүйесіне көшсек, жалақымыз көтеріледі. Біздің жалақымыздан табыс салығы және басқа да салықтар ұсталады. Ал басқа жүйеге көшсек, ақша ұсталмайды және түсінгенімше, салық зейнетақы жүйесіне түсіп отырады”, – дейді ереуілге шыққандардың бірі Ғазиз Махамбетов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ғазиз Махамбетов ереуілшілерге дүйсенбі күні “Өзенмұнайгаздың” бас директоры, кадр бөлімінің бастығы және бас экономист келгенін айтады. Олар жұмысшылардың бұл талаптары заңсыз екенін айтады. 

Жұмысшылардың талап етіп жүргеніне 7 ай уақыт болған. Алайда олардың жанайқайы ескерусіз қалған. Олардың айтуынша, 13 қараша күні “Өзенмұнайгазбен” жұмыс істейтін тағы үш кәсіпорынның жұмысшылары ереуілшілерді қолдап, ауысымға шықпай қойған.

“Бұрғылау жұмыстары басқармасы” өз кезегінде болып жатқан жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартқан.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда әуе рейсін кешіктіргендерге жаза қатаңдатылып, айыппұл 2 есе артады

Published

on

By

Көлік министрлігі әуе рейсі кешігіп, кесте немесе бағыт өзгерген жағдайда айыппұлды екі есе арттыру қарастырылғанын жария етті. Министрлік бұл “Ашық НҚА” порталында талқыланып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фотоны Stan.kz тілшісі түсірген

Көлік министрлігінің дерегіне сенсек, қазіргі кезде рейс мәртебесінің өзгеруіне байланысты жолаушыларға қызмет көрсетпеу жағдайында әуекомпанияларды жауапқа тарту мүмкін емес екенін түсіндіреді. 

Сондықтан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 567-бабына сәйкес (Тасымалдаушының кінәсінен рейс кешіккенде немесе орындалмағанда жолаушыға қызмет көрсетуді тиісінше орындамау) қаралады.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылы рейстердің кешігуінің 16 666 оқиғасы тіркелген. Ал 2024 жылдың қыркүйегінде бұл көрсеткіш 17 827-ге жеткен. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Осылайша, рейс мәртебесі өзгерген жағдайда тасымалдаушының өз міндеттерін орындамауы немесе тиісті дәрежеде атқарылмағаны үшін айыппұлды 400 АЕК-ке дейін ұлғайту ұсынылды. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған бұзушылық үшін айыппұл көлемі 2000 АЕК мөлшерінде болуы керек. Қазір бұл көрсеткіштер екі есе аз.



Еске салайық, бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда рейсті кешіктіргені үшін басқалармен қатар әуе компаниялары мен әуежайлардың топ-менеджерлерін жазалауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.  Үкімет отырысында министр қазір рейстердің кешігуіне үш фактор әсер етіп отырғанын түсіндірді. Министрдің сөзінше, елдегі алты әуежайда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстары, ауа райы жағдайлары және адам факторы және пайдаланылған әуе кемелерінің санының артуына әсер еткен жолаушылар ағынының өсуіне компания басшылары жауап береді

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әйелдер күресінен Қазақстан кубогінің жеңімпаздары анықталды

Published

on

By

Таразда өтіп жатқан Қазақстан кубогі аясында әйелдер күресінен медалдар сарапқа салынып, жарыс жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан кубогінде әйелдер арасындағы жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды. Бозкілемде әйелдер күресінен барлық салмақтағы медаль иелері анықталды. Назарларыңызға жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін ұсынамыз: 

50 келіге дейін

1.Светлана Анкичева 

2.Марал Тәңірбергенова

3.Лаура Ғаниқызы 

3.Камила Әпекова

53 келіге дейін

1.Зейнеп Баянова 

2.Мадина Асан 

3.Балжан Шәкір 

3.Аяжан Марқашева

55 келіге дейін

1.Марина Седнева

2.Айнұр Әшімова 

3.Айымгүл Абылова 

3.Зульфия Яхьярова 

57 келіге дейін

1.Нилуфар Раймова 

2.Аида Әлжан

3.Шұғыла Өмірбек 

3.Асия Нұрбек

59 келіге дейін

1.Гүлдана Бекеш 

2.Ирина Кузнецова 

3.Мадина Аман 

3.Айжан Исмағұлова  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

62 келіге дейін

1.Виктория Хусаинова

2.Диана Каюмова 

3.Тыныс Дүбек

3.Софья Змазнева 

65 келіге дейін

1.Елена Шалыгина

2. Айзада Амангелді

3.Ақерке Жұмаділ 

3.Гаухар Мұқатай

68 келіге дейін

1.Ирина Казюлина 

2. Альбина Каиргельдинова 

3.Бейбіт Сейдуалы

3.Гүлдана Өсербай 

72 келіге дейін

1.Анастасия Панасович

2.Жібекжан Сабыржанова

3.Шәмшиябану Тастанбек 

3.Қымбат Абуова 

76 келіге дейін

1.Гүлмарал Еркебаева 

2.Алина Ертөстік

3.Арайлым Алтынбек 

4.Эльмира Сыздықова

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!