Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстанның опера әншісі Ғафиз Есімов қайтыс болды

Published

on

By

Отандық опера саласының көрнекті қайраткері  Ғафиз Есімов дүниеден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

. Фото: ашық дереккөз

Өнер иесі 12 қараша күні 78 жасында көз жұмды. 

Есімов Қазақстанның опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті өнер адамы, педагог және режиссер.

Ғафиз Есімовпен қоштасу рәсімі 14 қараша күні сағат 10:00-де Алматының Орталық мешітінде өтеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ғафиз Есімов 1947 жылы 9 мамырда Атырау облысында дүниеге келген. Бірінші геолог мамандығын бітірді. Бірақ кейін Алматы консерваториясына түсіп, музыка саласын таңдайды. 1975 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі болды.

Шымкентте Қамар сұлу операсы сахналанды

Соғысты өз көзімен көріп, даусымен жарты әлемді тамсандырған қазақ қызы: Роза Бағланованың өмір жолы

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Cаясаткер 30 жастан асқан әйелдерге босануға тыйым салуды ұсынды

Published

on

By

Жапонияның консервативтік партиясының жетекшісі Наоки Хякута 30 жастан асқан әйелдерге босануға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: NDTV

Сондай-ақ саясаткер 25 жастан асқан жапондық әйелдерге тұрмысқа шығуға, ал 18 жастан асқан қыздарға университетке түсуге тыйым салуды ұсынды. Оның сөзінше, 30 жастан асқан әйелдердің жатырын алып тастау керек. 

“Бұл ұсыныс жас қыздарды ерте жаста ана болуға ынталандырады. Сондай-ақ Жапонияның демографиялық мәселесін шешуге көмектеседі. Ерте некеге тұру және ұзақ мерзімді білім беруден бас тарту әйелдерге отбасы құруға және бала тууға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді”, – дейді ол.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Саяси мансабына дейін жазушы болған Хякутаның бұл сөзі қоғамда да, БАҚ-та да қызу талқыға түсті. Көбі оның көзқарасын мизогинистік және радикалды деп санайды. Жұртшылықтың сынынан соң саясаткер өз сөздері үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Ол бұл тек “гипотетикалық болжамдар” екенін түсіндірді. 

Дегенмен саясаткердің ұсынысы қоғамда әлі талқыланып жатыр. Олардың басым көпшілігінің сөзінше, мұндай ұсыныс қоғамдағы әйелдерге қысымды күшейтуі мүмкін.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматы облысындағы колония басшысының орынбасары ұсталды

Published

on

By

Алматы облысында арнайы прокурорлар мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері №14 түзеу мекемесі басшысының орынбасарын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Іске қатысты облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ресми түсінік берді.

“2024 жылдың 13 қарашасында Алматы қаласында Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеу басқармасы Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесі бастығының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады, – делінген баспасөз хабарламасында.

Мәліметтерге сенсек, қылмыстық іс шеңберінде барлық жағдайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес, басқа қосымша ақпарат берілмейді”, – деп қосты прокуратура.


Еске салайық, бұған дейін Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталғанын жаздық. Сотталушыға қатысты оң шешім шығару үшін сот төрағасы 1,5 миллион теңге пара алған. Руслан Жұмағұловпен бірге тағы екі адвокат ұсталды. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 1-1-бөлігіне сай, “Пара алу” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен Батыс Қазақстан бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларымен айналысып жатыр. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

АҚШ президенті Ақ үйде Джо Байденмен кездесті

Published

on

By

Президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Ақ үйде экс-президент Джо Байденмен жүздесті. Кездесу барысында Байден билікті президентке бейбіт жолмен беруге ниетті екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: APF

Трамп кездесудің мүмкіндігінше жайлы өтетініе сөз берді. 

“Жаңа сайланған және бұрынғы президент Дональд мырза, құттықтаймын! Біз билікті бейбіт түрде табыстағымыз келеді және сізде қажет нәрсенің бәрі болуы үшін барымызды саламыз. Бүгін біз осы мәселелердің кейбірін талқылаймыз. Қош келдіңіз, оралуыңызбен”, – деді Джо Байден.

Трамп өз сөзінде саясаттың қатал екенін атап өтті. 

“Саясат – Жалпы әлемді жағымды деп айтпас едім. Бірақ бүгін ерекше жағымды жағдай және мен мұны бағалаймын”, – деген Трамптың сөзінен кейін екі саясаткер қол алысты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Трамп пен Байден сайлау кезінде бір-бірін қатал сынға алған еді. Олар соңғы рет маусым айындағы пікірталас кезінде кездескен еді. Көп ұзамай Байден өзінің жасына және президенттік қызметке қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты жарыстан шығып қалды.



Жаңа сайланған президент пен бұрынғы президенттің бетпе-бет жүздесуі – америкалық саясаттың бұрыннан келе жатқан дәстүрі. Алайда 2020 жылғы Трамп жеңілген сайлаудан соң Джо Байден онымен кездесуден бас тартқан еді. 

Қазір Трамп белсенді түрде өз әкімшілігін құруды жалғастырып жатыр. 

Бұған дейін Трамптың тележүргізушіні қорғаныс министрі етіп, Маскты департамент басшысы етіп тағайындағалы жатқаны туралы жаздық.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!