Connect with us

IN-THE-NEWS

Қырғызстанда сайлау күні бір топ адам билікті құлатпақ болды

Published

on

By

Қырғызстанда кеңестер сайлауы күні тұрғындар жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, үкіметті құлатпақ болғандар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Қырғызстан ІІМ

17 қарашада жергілікті кеңестер сайлауы күні жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, үкіметті құлатпақ болған.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі қылмыстық іздестіру бас басқармасының қызметкерлеріне белгілі бір топ жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалып жатқаны туралы ақпарат түсті. Бұл ұйымдасқан топ жаппай тәртіпсіздік пен билікті күшпен басып алу мақсатында құрылған.

“Бұл топ спорттық ойындарды, сондай-ақ басқа да жарыстарды Бішкек маңында өткізуді жоспарлаған. Олар ұлттық спорт ойындарының атын жамылып, көпті зорлық-зомбылыққа шақыруды көздеген, конституцияға қайшы келетін үндеулерді алға тартып, билікті күшпен басып алуға дайындалған”, – делінген хабарламада.

Осы факті бойынша Қырғызстанның  Қылмыстық кодексінің “Зорлық-зомбылық, мүлікті жою, атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолданып, мемлекеттік қызметкерлерге қарулы қарсылық көрсету арқылы жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалу” бабы бойынша іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың құрамында болған 7 адам ұсталды:

  1. 37 жастағы шетел азаматы, Ош облысының тумасы. Шет мемлекет аумағындағы соғыс қимылдарына қатысқаны. Ол дене шынықтыруға адам іріктеп, жұмысқа қабылдаған,алкогольдік ішімдіктер, азық-түлік және мал сатып алып, тәртіпсіздіктер ұйымдастырған. Оны ұстау кезінде граната, оқ-дәрі, үш квадрокоптер, тепловизор, қашықтық өлшегіші бар оптикалық көздеуіш табылып, тәркіленді.
  2. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

  3. Бұл да шетел азаматы. Ұйымдастырушыға көмектескен. Оны ұстау барысында нөмірлері өшірілген белгісіз маркалы тапанша мен патрондар, 5,7 келі гашиш табылып, тәркіленді.
  4. Қырғызстанға жоғарыда аталған адамдамен бірге келген шетелдік. Шет мемлекеттің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан. Жаппай тәртіпсіздіктерді өткізуге көмектескен, себебі ол дрондармен жұмыс істейтін маман, жарылғыш құрылғыларды жасау және пайдалану дағдылары бар.
  5. Ұйымдастырушы және үйлестіруші. Шу өңірінің тумасы. Бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол демеушілік көрсетіп, жаппай тәртіпсіздіктер жасауға тартылған, арандатушылық видео мен сілтемелер таратқан. Оның міндеттеріне деструктивті ағымдағы, бұрын сотталғандарды және осы заңсыз әрекеттерді қаржыландыруға дайын басқа адамдарды қаржыландыру және табу кірді.
  6. Қарақшылық шабуыл, заңсыз қару сақтау, есірткі заттарын ұрлау және өткізу үшін бірнеше рет сотталған. Оның міндеті – үгіт-насихат және қаржыландыру арқылы спорттық іс-шаралар деп қатысушыларды жинау және оларды үкіметке қарсы қою.
  7. Ұйымдастырушы және үйлестіруші. Адамдарға рөлдер бөлу, жұмысқа қабылданған тұлғаларға ақы төлеу және қалың топты арандату міндетін атқарды.
  8. Бас ұйымдастырушы – Қырғызстанның бас прокурорының бұрынғы орынбасары. Оның міндеттеріне қаржылық қолдау көрсету, құқық қорғау органдарымен байланыс орнату, олардың әрекеттері туралы ақпаратты беру, рөлдерді бөлу және жаппай тәртіпсіздіктер мен билікті басып алу кезінде үйлестіру.

Сондай-ақ бұл топтың қоймасынан мың бөтелке арақ, 2 мың бөтелке минералды су, 1 тонна күріш, 1 жылқы және бүлікшілерге палау дайындайтын азық-түлік табылды.

Сот қаулысымен жоғарыда аталған ұсталғандарға қатысты 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін №1 тергеу изоляторында ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Әмір Маймұратов Бүкіләлемдік жағажай ойындарының жеңімпазы атанды

Published

on

By

Спорттық жартасқа өрмелеуден Париж олимпиадасының қатысушысы Әмір Маймұратов Сауд Арабиясында өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Спорттық жартасқа өрмелеуден Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әмір Маймұратов Сауд Арабиясында өткен Бүкіләлемдік жағажай ойындарының чемпионы атанды.Әр бағдарлама бойынша әлемнің ең үздік 25 спортшысынан 100 споршы ғана шақырылған дүрмекте отандасымыз “жылдамдық” бағдарламасы бойынша үздік шықты. Әр бағдарламадан олимпиадағы ең үздік нәтиже көрсеткен 10 спортшы мен рейтинг бойынша 15 адам ғана жарысқа қатысуға мүмкіндік алған. Әмір финалда финалда корей, жапон, америкалық спортшы және қазақ жігітімен шыққан. Нәтижесінде ол әлем және олимпиада рекордын ұстайтын, америкалық Самуэль Уатсонды 0,05 секундқа жеңіп кетті. Әмір 5,09 уақытты көрсетсе, қарсыласы 5,14 секунд тіркеді.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, бұл Әмірдің олимпиададан кейінгі төртінші жарысы. Ол алдыңғы үш жарыстың үшеуінде де күміс жүлде жеңіп алса, маусымдағы соңғы жарысында алтыннан алқа тағып отыр.     

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Батыс Қазақстанда алаяқтар адамды сан соқтырды

Published

on

By

Батыс Қазақстан облысында үш адамнан құралған алаяқтық топ адамдарға өзін баласы деп таныстырып, бар ақшасын ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Polisia.kz

Күдіктілер WhatsApp қосымшасы арқылы педагогтердің іс-шарасын өткізу үшін құрылған жалпы чатқа кірген. Чаттың мазмұны мен хаттарды зерттегеннен кейін ол ондағы адамдардан ақша аударуды сұрап, жекелеріне шыққан.

“Олар өздерін адамдарға баласы ретінде таныстырған. Телефоны сөніп қалды деп сылтауратып басқа нөмірден шыққан. Күдіктілердің сөзіне сеніп жәбірленушілер карта деректері мен CVV-кодтарын жіберген. Содан кейін алаяқтар қаражатты қолма-қол ақшаға алмастырған”, – дейді Қаратөбе полиция бөлімінің тәртіп сақшылары.



“Қате шығып тұр, мама. Басқа карта бар ма?”, “Хабарлама келді ме, мама?”, “Менің жаңа нөмірім, сақтап қойыңыз”, “Осы нөмірде боламын” деп жазған алаяқтар.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: Polisia.kz

Қазір алаяқтықтың 17 фактісі бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр. Алданғандар арасында басқа өңірдің тұрғындары да бар болып шықты. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгеге жеткен.

Полиция азаматтардан бөгде адамдармен телефонмен сөйлесу кезінде ғана емес, жалпы чаттарда хат алмасу кезінде де абай болуды ескертеді.

Бұған дейін ақшасын алмаз өндірісіне салған мыңдаған маңғыстаулықтар 9 миллиард теңгеге алданған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Cаясаткер 30 жастан асқан әйелдерге босануға тыйым салуды ұсынды

Published

on

By

Жапонияның консервативтік партиясының жетекшісі Наоки Хякута 30 жастан асқан әйелдерге босануға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: NDTV

Сондай-ақ саясаткер 25 жастан асқан жапондық әйелдерге тұрмысқа шығуға, ал 18 жастан асқан қыздарға университетке түсуге тыйым салуды ұсынды. Оның сөзінше, 30 жастан асқан әйелдердің жатырын алып тастау керек. 

“Бұл ұсыныс жас қыздарды ерте жаста ана болуға ынталандырады. Сондай-ақ Жапонияның демографиялық мәселесін шешуге көмектеседі. Ерте некеге тұру және ұзақ мерзімді білім беруден бас тарту әйелдерге отбасы құруға және бала тууға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді”, – дейді ол.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Саяси мансабына дейін жазушы болған Хякутаның бұл сөзі қоғамда да, БАҚ-та да қызу талқыға түсті. Көбі оның көзқарасын мизогинистік және радикалды деп санайды. Жұртшылықтың сынынан соң саясаткер өз сөздері үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Ол бұл тек “гипотетикалық болжамдар” екенін түсіндірді. 

Дегенмен саясаткердің ұсынысы қоғамда әлі талқыланып жатыр. Олардың басым көпшілігінің сөзінше, мұндай ұсыныс қоғамдағы әйелдерге қысымды күшейтуі мүмкін.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!