Connect with us

IN-THE-NEWS

Қытайда 62 жастағы қария 80-ге жуық адамды көлікпен жаншып өтті

Published

on

By

Қытайдың Чжухай қаласында жол талғамайтын көлік жүргізушісі жаттығу жасап тұрған адамдарды жаншып өтті. Салдарынан кем дегенде 35 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC.com порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Оxu.az

Мәліметтерге сенсек, жүргізуші ажырасу кезінде мүлік бөлінісіне көңілі толмаған. Қазіргі ер адам комада жатыр.

Оқиға 11 қараша күні кешке болған. Ол оқиға орнынан қашып кетуге тырысқанымен оны полицейлер ұстады.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Полиция Фанды ұстаған сәтте ол өзіне пышақпен жарақат салып үлгерді. Полиция оны дереу тоқтатып, ауруханаға жеткізді. Мойнына ауыр жарақат салған Фан қазір есін білмей жатыр. Оған әлі де шұғыл көмек беріліп жатыр. Сондықтан одан жауап алу мүмкін емес”, – делінген полицияның мәлімдемесінде.



Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда балмұздақ тиелген фургон 29 оқушыны қағып кеткені айтылды. Кейін зардап шеккендер саны 32 адамға дейін көбейді. Олардың ішінде тек біреуі мұғалім, қалғаны – оқушылар. Созақта мектеп оқушыларын соғып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол 48 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жүргізуші Hyundai Porter көлігін балалар мерекеге дайындалып жатқан жерге тоқтатқан. Іс-шара кезінде ол балаларға балмұздақ таратуы керек еді. Қойылым кезінде көлік төменге сырғып, көпшіліктің арасына қарай жүріп кетті. Жүргізуші көліктің артынан жүгірді, десе де тоқтата алмады. Апат болып, киіз үйге соқтығысқан соң көлік тоқтады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Баян Алагөзова “Қазақ аруы” байқауына қатысты пікір білдірді

Published

on

By

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы “Қазақ аруы” байқауы әділ өтпеді дегендерге жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Медиа маманы дауыс әділ саналмады деген пікірді жоққа шығарды. 

“Байқау біткеннен кейін түсінбеушілікке тап болдық. Адамдар әділ өтпеді, дауыс беру боты жұмыс істемеді деп жатыр. Дауыс берушілер саны өте көп болды. Telegram ресми парақшасының өзі бізге адамның көптігінен бот жүктеліп жатқанын хабарлады. Біз барлығын хаттамаға енгіздік. Дауыс беру ашық әрі өткені жайлы дәлел бар. Байқау өткен залда интернет дұрыс істемеді. Ондағы халық, яғни 700 адам дауыс бере алмады. Бірақ қалған 65 мың адам дауыс берді”, – деп түсіндірді продюсер. 



Сондай-ақ арулар төңірегіндегі байқаудың арты үнемі дауға ұласатынын да ажсырмады.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Осындай шараға қыруар ақша жұмсап, жеңісті біреуге алып беру бізге қызық емес. Ондаймен айналыспаймыз. Жеңімпаздарды сөкпейді. Адамдар неше түрлі пікір айтады. Байқаудың әділ өтпеуі бойынша жыл сайын маған айып тағылады. Бізде барлық дәлел, хаттама бар”, – деді Алагөзова. 

Еске салайық, “Қазақ аруы-2024” байқауының жеңімпазы анықталған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сицилияда толассыз жауған жаңбыр соңы су тасқынына айналып, үйлер мен көліктерді шайып әкетті (видео)

Published

on

By

Италияның оңтүстігіндегі Сицилия аралдарына қарасты Катания қаласында су тасқыны болды. Толассыз жауған жаңбырдан жиналған тасқын қала көшелерін өзен арнасына айналдырып, көліктерді басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Palermo.corriere басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Елдегі төтенше жағдайлар қызметкерлері көлігінде қысылып қалған жүргізушілерді сыртқа шығарды. Азаматтық қорғау қызметі көлік жүргізушілеріне қызыл кодпен белгіленген жолдармен жүруге тыйым салды. 



“Қоңыраулар саны минут сайын артып келеді. Өрт сөндірушілер 70 құтқару жұмысын жүргізді. Төтенше жағдайға байланысты көмек көрсету үшін өрт сөндіру бөлімінің қосымша қызметкерлері шақырылды. Ал Сиракузадағы басшылық жергілікті құтқарушыларға көмек көрсету үшін сүңгуірлер мен құтқарушылар жіберді”, – делінген хабарламада. 

Алтарелло-ди-Рипосто өңірінде адамдар үйінен шыға алмай қалған. 4 адам тұратын тұрғын үйдің бірінші қабатын жаңбыр суы басып қалған. Тұрғындардың екеуі мүгедек болған. Оларды құтқарушылар амфибиялық көліктің көмегімен аман алып шықты. 

Катания және басқа да қалаларда сақтық шарасы ретінде мектептер жабылды. Өткен түні Сиракуза қаласында да қатты жаңбыр жауып, тұрғындардың үйін, жертөлесін, бақшалары мен террассаларын су басты. Су тасқыны көшелерді өзенге айналдырып, құлаған жапырақтар арықтар мен дренаждық арналардың торларын бітеп тастады.

“Біздің үй апатты жағдайға тап болды. Тура фильмдегі көрініс сияқты. Шкафтар суда қалқып жүр, қабырғалар дымқыл, есігіміз қирап, жиһаздарды лақтыруға тура келдң”, – деді тұрғындардың бірі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Италиялық БАҚ мәліметінше, алты сағат ішінде 350 мм жауын-шашын жауды. Соңғы бес күнде 700 мм, он күнде 1000 мм жауын түскен екен. 

Айта кетейік, бұған дейін 30 қазанда Испанияның Валенсия аймағында қатты жаңбыр жауып, су тасқыны болған еді. Салдарынан 200-ден аса адамның мәйіті табылған.

Ал 9 қарашада Испанияның Мадрид пен Валенсия қалаларында 130 мыңға жуық тұрғын су тасқынына байланысты үкіметке қарсы митингке шыққан. Олар провинция президенті Карлос Мейсонға қарсы шығып, су тасқынының жойқын зардаптарына байланысты оның отставкаға кетуін талап еткен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері қайта зерттеледі – Министр

Published

on

By

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің адам денсаулығына әсеріне қайта зерттелетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Фото: Freepik

Саясат Нұрбек зерттеу жұмыстарына еліміздегі жетекші ғалымдар атсалысатынын айтты.

“Бізге денсаулық сақтау министрлігінен жекелеген ғылыми зерттеу жүргізуге қатысты өтінім келіп түсті. Бұл жұмысқа жетекші институттарымызды жұмылдырамыз. Медицина бөлігінде денсаулық сақтау министрлігінің институттары да атсалысады. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия алдағы уақытта отырыс өткізеді. Бұл мәселені сонда шешеміз. Оң шешім табылған жағдайда бірден конкурс жариялап, зерттеуге кірісеміз”, – деді ведомство басшысы Саясат Нұрбек сенат отырысында. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ведомство басшысы зерттеу жұмыстарын жүргізуге қанша қаражат қажет болатынын нақты айтпады. Бірақ ол “өтініштер келіп түскенін және ары қарай қанша бөлінетіні туралы анықтайтынын атап өтті.

Қазақстандықтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін шығыста қараңғы қаншалықты ерте түсетінін көрсетті “Халық үзілді-кесілді қарсы болған”: Министр уақыт белдеуін ауыстыруды астананы көшірумен салыстырды

Еске салайық, бұған дейін депутаттар уақыт белдеуі мәселесі мәжіліс отырысында қаралатынын айтты. 1 наурызда Қазақстанның барлық аймағы бір уақыт белдеуіне ауысты. Алайда бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін қазақстандықтар жарыққа көп шығындалатын болды. Наурызда ел тұрғындары ақпан айымен салыстырғанда электр энергиясын 364 млн кВт/сағат артық пайдаланған. Бұдан бөлек бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың қол жинағаны туралы жазған едік. Ал министрлік бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қанағаттандырмай қойды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!