Connect with us

IN-THE-NEWS

Škoda үлкен тәжірибеден өтіп, уақытпен тексерілген Škoda Octavia лифтбэгін Қазақстанда ұсынды

Published

on

By

Қазақстандық Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін әрі Škoda-ның ресми дистрибьюторы – Prague Auto компаниясы елімізде Škoda Octavia динамикалық лифтбэк көлігі сатыла бастағанын хабарлады.

Škoda Octavia – Чех брендінің басты бестселлері мен қолтаңбасына айналған көлік. Модельдің тарихында оның 7 миллионнан астам данасы әлемнің 100-ден астам елінде сатылған. Әрине, көліктің жаңа түрі ескінің орнын алмастырады. Дегенмен модельдің өзіндік ерекшелігі мен тұтынушылардың күткенінен де асып түсу қабілеті әлі күнге дейін сақталып отыр. Бұл ретте жаңа Škoda Octavia-ны да атай аламыз. Модель өзінің 4-буынында автокөлік иелеріне таныс әрі жақсы көретін лифтбэк жайлылық класын сақтап қалды. Сонымен қатар талғампаздық пен жоғары практикалық деңгейді біріктіреді. 

Қазақстанда Škoda Octavia үшін екі заманауи төрт цилиндрлі бензин қозғалтқышы ұсынылады:

  • Үнемді 1.4 TSI, 150 л.с. 8 сатылы жылдамдықты автоматты беріліс қорабы. Орташа шығыны 5,7 л/100 км және максималды айналу моментінің көрсеткіші 250 Нм 1500-ден 3500 айн/мин аралығында, үдеу жылдамдығы 100 км/сағ дейін 8,5 секунд;
  • Динамикалық 2.0 TSI, 190 л.с. және 7 жылдамдықты роботты DSG. Орташа отын шығыны 6,3 л/100 км және максималды айналу моменті 320 Нм 1500-ден 4180 айн/мин аралығында.

Octavia-ның жаңа буыны үлкен өлшемдерімен ерекшеленеді. Көліктің ұзындығы – 4689 мм, жалпы ені – 1 829 мм, ал биіктігі – 1 470 мм. Бұл артықшылық көлікке салон жайлылығын сыйлайды. Багаж бөлігінің көлемі 578 литр, ал дөңгелектің базалық аумағы 2686 мм. Жаңартылған дизайн сонымен қатар аэродинамикалық өнімділікті жақсартады. 0,24 аэродинамикалық кедергі коэффициенті Octavia-ны әлемдік деңгейде өз класындағы ең жеңілдетілген көліктердің біріне айналдырады.

Қазақстанда бұл модель Ambition, Style және Sportline үш жиынтығында ұсынылып отыр. Бағасы 14 690 000 теңгеден басталады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ambition жиынтығында KESSY Full кілтсіз кіру жүйесі, автоматты беріліс қорабы мен жылумен басқарылатын көп функциялы 3 спицті былғары руль кіреді. Сонымет қатар 16 немесе 17 дюймдік дөңгелектер, матадан жасалған орындық қаптамасы, 8 динамикті Swing мультимедиялық жүйесі, Maxi Dot көпфункциялы дисплейі, 2 аймақтық Climatronic климатты бақылау жүйесі, салқындатылған қорап, артқы тұрақ датчиктері бар.

Style және Sportline жиынтығында осылармен қатар, 8 динамикті Bolero мультимедиялық жүйесі, сандық бақылау тақтасы, Climatronic климаттық бақылау жүйесі, дауыспен басқару жүйесі, жады бар алдыңғы орындық жетегі, телефонды сымсыз қуаттау, проекциялық дисплей (Head-up), автоматты түрде тұраққа қою жүйесі, Lane Assist жолағы бойынша қозғалыс көмекшісі, көру қиын аймақтарда бақылау жүйесі және тұрақтан артқы жақпен шығу, жылдамдықты шектейтін круиздік бақылау, жаңбыр мен жарық сенсорлары бар.

  • Басты ерекшеліктері: матрицалық LED шам, Climatronic климаттық бақылау жүйесі (3 аймақта), автоматты тұрақ, проекциялық дисплей (Head-up)

Škoda Octavia көлігі жолаушыларды қорғау деңгейін растайтын Euro NCAP қауіпсіздік сынақтарында “5 жұлдызды” ең жоғары бағаға ие болды. Мұнда жүргізуші мен жолаушыларды жарақаттан қорғауға арналған құралдар кешені қамтамасыз етілген. Атап айтқанда 6 қауіпсіздік жастығы, барлық жолаушылар үшін бекітілмеген қауіпсіздік белдігінің индикаторы, жүргізушінің шаршау датчигі бар.

Қазақстандағы Škoda Octavia 5 жылға немесе 150 000 км жүріске зауыттық кепілдік береді. Octavia мен оның өзге де үлгілері туралы толығырақ ақпаратты Škoda ресми дилерлік орталықтарынан, сондай-ақ дистрибьютордың ресми сайтынан алуға болады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (видео)

Published

on

By

Астанада аспаннан жойғыш ұшақтар ұшып өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Куәгерлер ұшақты видеоға түсіріп алған. Желіде тараған кадрлардан ұшақтың соңынан түтінді байқауға болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі 23 және 24 қарашада Астанада қарулы күштер авиациясының жоспарлы ұшулары өтетінін мәлімдеген еді. Министрлік мәліметінше аталған іс-шара кезінде арнайы түтін қолданылады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Іс-шара Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ”, – дейді министрлік өкілдері. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ресейге соғысқа аттанған қазақстандық уәде етілген азаматтықты ала алмай жүргенін айтты (видео)

Published

on

By

Қазақстанның 50 жастағы тумасы Олег Соколов Украинаға соғысқа кетіп, уәде етілген Ресей азаматтығын алмағанына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ер адамның үндеуін журналист Лұқпан Ахмедьяров жариялады. Ресейге соғысуға кеткен қазақстандық бір жылдан бері уәде етілген Ресей төлқұжатын ала алмағанын айтты.



“Есімім Олег Георгиевич Соколов. 1974 жылы дүниеге келгенмін. Қазақстан азаматымын. Солтүстік әскери округте жүргеніме бір жыл болды. Әлі азаматтық ала алмай жүрмін”, – дейді ол.

Ер адам енді Қазақстанға орала алмайтынын, өйткені оған жалдамалылық бабы бойынша айып тағылатынын айтты.

“Ресей қауымдастығына өтініш білдіргім келеді. Өйткені мен Қазақстанға, өз үйіме орала алмаймын. Өйткені “Арнайы әскери операция” мүшесі ретінде жалдамалылығы үшін бірден түрмеге жабылады. Бірақ азаматтығым жоқ, Ресейде тұра алмаймын. 2023 жылы келісім шартқа отырғанымда, азаматтықты еш қиындықсыз алатынымды айтты. Біреуі үш айдан кейін аласың деді. Енді бірі мемлекеттік наградаларды алғаннан кейін беріледі деп айтты”, – деді ол.

Желіге ер адамның үндеуі жарияланған соң ол қатаң сынға ұшырады. Көпшілік бұған оның өзін жазғырды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қалай бермейді? Сен Ресейдің батырысың ғой”, “Елімізде біреуі болса да азайғаны жақсы!”, “Үйім Қазақстанда деп, өзі Ресей үшін соғысып жатыр ма? Болды досым, енді сенің үйің Ресей”, “Олар тарихи отанына кетсін. Бізге олардың қажеті жоқ!”, – деп жазды олар. 


Айта кетейік, бұған дейін Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасағаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сарапшылар Қазақстанда ең арзан пәтерлері бар қалаларды атады

Published

on

By

2024 жылдың қарашасында Қазақстанның төрт қаласында тұрғын үй құны еліміздің басқа елді мекендеріне қарағанда арзанырақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, бұл тізімде Қызылорда көш бастап тұр. Сонымен қатар бұл барлық форматтағы пәтерлерге қатысты, яғни бір бөлмелі пәтерлерден үш бөлмелі пәтерлерге дейін.

  • 1 бөлмелі – 7,5 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 12 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 16 миллион теңге.

Сондай-ақ ең қолжетімді жылжымайтын мүліктер Тараз, Талдықорған және Жезқазған қалаларына тиесілі.

“Бұл өңірлерде бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 9,5 миллионнан 10,5 миллионға дейін. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 21 миллионнан 23 миллионға дейін барады”, –делінген хабарламада.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сарапшылардың пікірінше, елде әртүрлі бөлмелі пәтерлердің бағасы 13-тен 25 миллионға дейін өзгереді.

  • 1 бөлмелі – 13 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 19 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 25 млиллион теңге.

Ал еліміздегі ең қымбат баспана Алматыға тиесілі. Онда бір бөлмелі пәтердің құны орта есеппен 24 миллион теңге. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 36 миллион және 44 миллион теңге. 

Тұрғын үй бағасының қымбаттығы бойынша Астана екінші орында. Ал Шымкент үшінші орында.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending