Connect with us

IN-THE-NEWS

Айгүл Орынбек Қазақстандағы барлық қорларды жабу керегін айтты

Published

on

By

Қайырымдылық қорларының айналасындағы дауға қатысты заңгер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек пікір білдірді. Ол күмәнді қорлардың барлығын жабу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

“Ниеті дұрыс емес адамдар жеке бас пайдасы үшін қор ашып, халыққа арзан үйлер алып беріп, қымбат үй сыйлап жатқандай көрсететін болған. Бұл дабыл қағатын дүние. Өйткені халыққа пайдасын тигізіп жатыр ма террористерді қаржяыай қамтамасыз етіп жатыр ма белгісіз. Себебі мұның есебі, сұрауы болмағаннан кейін осындай жағдайлар орын алып жатыр. Қорларды бұрыннан-ақ тексеру керек еді. Тіпті қорларды ашқызуға тыйым салу керек”, – дейді президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек.


Қазақстандағы барлық қайырымдылық қорлары мемлекет бақылауына алынады


Ол халық әр тиынның есебін сұраған кезде ғана жағдайдың түзелетінін айтты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Барлық қорларды жабу керек. Тіпті әкімдік тарапынан ашып алып, арам ақшаны да қорларға аударып жатқандар бар. Тек қана мемлекеттің бақылауындағы қорларға ғана ақша аударыңыздар. Ал адамдарды қызықтыру арқылы біреудің қайғысын көрсетіп жатқандарға күмәнмен қарау керек. Халық әрбір тиынның есебін сұрауы қажет”, – дейді ол.

Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық белгілі қоғам белсенділері “Асар-Уме” қайырымдылық қорының жұмысына күмән келтірген еді.

Оған қоса ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінгенін жаздық. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол қайырымдылық ақшасын сән бұйымдары, автокөліктер, жылжымайтын мүлік сатып алуға және қымбат қонақүйлерде демалуға жұмсаған. Сонымен қатар ол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, достары мен туыстарына сыйақы берген. Перизат Қайрат ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ғылым министрі Саясат Нұрбек грантсыз қалғаны үшін өзін сотқа берген түлектер жөнінде айтты

Published

on

By

Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек грантсыз қалғаны үшін министрдің үстінен сотқа арызданған түлектер жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Журналистер Саясат Нұрбектен сенат кулуарында түлектердің арызына қатысты өткелі жатқан сот отырысы жайында сұрады. 

“Сот отырысы келесі аптаға қалдырылды, офлайн режимінде өтеді. Сот шешімі келесі апта талқыланады. Топ болғанда бір адам ғана арызданған. Қалған адамдардың сұрақтары шешіліп жатыр. Толыққанды бұл шағымдар сот деңгейінде қаралып, кейбірі (арыздар – ред.) қайтарылды”, – деді ол. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Саясат Нұрбек өз сөзінде түлектердің арызымен келіспейтінін айтты. 

“Арызбен келіспеймін. 20 адам сотқа берді. Әр жағдай егжей-тегжейлі қарастырылды. 15 адам грантқа ие болған. Бірақ соттың өзі олардың не үшін арызданғанын түсінбеді”, – деп қосты ғылым министрі.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ішкі істер министрі Талғардағы қылмыстан кейін Бауыржан Әленовтің жоғары лауазымға ауысқанына пікір білдірді

Published

on

By

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Талғардағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін Бауыржан Әленовтің жоғары лауазымға тағайындалуы жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Ішкі істер министрінің сөзінше, күштік құрылымдарда “кадрлық резерв” жүйесі бар. 

“Сіз айтып отырған азамат – тәжірибелі офицер, кадрлық резервте болған. Бір қылмыспен бағалауға болмайды, тағайындау туралы шешім бұрын қабылданған. Әрине, шешім бір күнде қабылданбайды. Дәл сол уақытта (Әленов басқа қызметке ауысқанда) қылмыс орын алды. Салдарынан адам өлді. Бірақ бізде мұндай қылмыстар үшін жауапкершілік бар. Қылмысты ашу үшін тергеу ұйымдастырылды, бұған өзі де қатысты. Процессуалдық мерзім екі ай. Тергеу кезеңінде барлық мән-жай анықталады деп ойлаймын”, – деді ол. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, Бауыржан Әленов 7 қазанда ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді. Бұған дейін ол Алматы облыстық полиция департаментін басқарған. 

Ал 4 қазанда Талғар қаласында төбелеа кезінде 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатын алып, көз жұмған еді.  

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Published

on

By

Париж олимпиадасының қатысушысы Айдос Сұлтанғали Арменияда өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Фото: UWW

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Айдос Сұлтанғали Армения астанасы Ереванда әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде үздік үштіктен көрінді. 60 келіде белдескен балуанымыз жартылай финалға дейін еркін жеткен. Бірақ ақтық сынға жолдама беретін белдесуде қарсыласына есе жіберіп, алтын үшін белдесу мүмкіндігінен айырылды. Дегенмен кіші финалда колумбиялық балуанды айқын басымдықпен жеңіп, “классиктер” қоржынына алғашқы жүлдені салды. 

. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Мейіржан Әшіровтің 70 келіде алтыннан алқа таққанын жазған едік. 

.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!