Connect with us

IN-THE-NEWS

Бектенов пен “Росатом” басшысы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Published

on

By

Олжас Бектенов “Росатом” корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Rosatom

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Атом энергетикасы, кванттық технологиялар, цифрландыру, сондай-ақ құзыреттер мен технологиялар алмасу, кадрлық әлеуетті дамыту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды”, – делінген хабарламада. 


Ресей Қазақстанда АЭС салу жөніндегі халықаралық консорциумға қосылуға дайын екенін мәлімдеді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Кездесуге қатысушылар аталған салалардағы заманауи технологияларға қатысты өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ салаларды одан әрі дамытуға бағытталған өзара іс-қимылы мәселелері талқыланған. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан ұкіметі елдегі АЭС құрылысын жүргізуі мүмкін компаниялармен келіссөздерді бастағаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Талғарда уақытша ұстау изоляторының басшысы күдіктінің қашуына байланысты қызметінен босатылды

Published

on

By

Талғардағы уақытша ұстау изоляторының басшысы мен қызметкері полиция қызметінен босатылды. Олар туыс қарындағыс зорлады деген күдікке ілінген Бекарыс Қалмырзаевтың қашуына жол бергені үшін жазаланды. Алматы облысының полициясы күдіктіні бірнеше күн бойы іздестірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы облысы полиция департаменті

Мәліметтерге сенсек, Талғар аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 371-бабы (“Мемлекеттік немесе құқық қорғау органының басшысының қызметтегі әрекетсіздігі”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Бұл қылмыстық іс аясында қызметкерлердің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, қызметтік тексеру нәтижесінде 12 қызметкер қатаң тәртіптік жауапқа тартылды. Оның ішінде уақытша ұстау изоляторының басшысы мен жауапты қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылды”, – делінген ішкі министрлігінің жауабында.

Бұдан бөлек, күдікті Бекарыс Қалмырзаевтың қашу фактісі бойынша да Қылмыстық кодекстің 426-бабы “Қамаудан, тұтқыннан немесе күзеттен қашу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: Алматы облысы полиция департаменті



Еске салайық, бұған дейін Талғарда 26 жастағы жігіт өз жиен қарындасын зорлағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қашқын күдікті Тереңқара ауылында тұрып, оның қашып кетуі 17:00-де тіркелген. Күдікті қашу кезінде қара киім мен аяқ киім киген. Оған қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұрын да осындай жағдайлар болған, бірақ полиция қашу мән-жайын түсіндіре алмай отыр.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сенат алдағы үш арналған бюджет жобасын мәжіліске қайтарып, Ұлттық қордан трансферт алу жөніндегі заңды қабылдады

Published

on

By

21 қарашада сенаттың жалпы отырысында депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған бюджет туралы заңын мәжіліске қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.соm

Құжатқа сәйкес 2025 жылы республикалық бюджеттің кірісі 15,6 триллион теңге, 2026 жылы 16,7 триллион теңге, 2027 жылы 18,2 триллион теңге болады деп болжанған. 2025 жылғы республикалық бюджет кірістерінде ең үлкен үлесті салмақ (97,2 %) салық түсімдеріне тиесілі.

Сонымен қатар алдағы үш жыл Ұлттық қордан жыл сайын 2 триллион теңге көлемінде трансферт алу жоспарланған. Сонымен қатар мұнай секторындағы кәсіпорындар есебінен Ұлттық қорға 2025 жылы 4,8 триллион теңге түседі деп жоспарланып отыр. Үш жылдық бюджет шеңберінде мемлекеттік шығындар көлемі 8,2 триллион теңге болады делінген. 

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов заңды талқылау барысында Сенат комитеттері мен депутаттарының ұсыныстарын ескере отырып, 2025 жылы шығыстарды 60 миллиард теңге сомаға ұлғайту қолдау тапқанын атап өтті. 

“Шығыстарды ұлғайтуды қаржыландыру Үкімет резерві есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдар арасында қаражат қайта бөлінді, сондай-ақ депутаттардың басқа да ұсыныстары қолдау тапты. Сенат комитеттері мен депутаттарының барлық ескертулері мен ұсыныстары салыстырма кестеге жинақталды”, – деді ол өз баяндамасында.  

Заңға сәйкес алдағы үш жылда келесі бағыттар бойынша қаржы жұмсалады деп көзделген:  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

  • сумен жабдықтауға және су бұруға жалпы сомасы 137,0 млрд. теңге, оның ішінде 2025 жылға – 110,0 млрд. теңге, бұл сумен жабдықтау қызметтеріне халықтың қолжетімділігін қалаларда 99,6%-ға, ауылдарда 98%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді; 
  • газ тасымалдау жүйесін дамытуға жалпы сомасы 93 млрд теңгеге, оның ішінде 2025 жылға – 66 млрд теңге, бұл газдандыру деңгейін 62%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді;
  • жылу, электр энергетикасын дамытуға жалпы сомасы 82,0 млрд. теңге, оның ішінде 2025 жылға – 70 млрд. теңге;
  • инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жалпы сомасы 234,0 млрд. теңге, оның ішінде 2025 жылға – 168,0 млрд. теңге;
  • көлік инфрақұрылымын дамытуға жалпы сомасы 1,7 трлн. теңге, оның ішінде 2025 жылға – 1,1 трлн. теңге. 

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар бюджет жайлы заңды мәжіліске қайтарды. Дегенмен Ұлттық қордан трансферт алу жөніндегі заңды президенттің қол қоюына жіберді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мақпал Исабекова әріптесі Дильназ Ахмадиевамен не үшін араласпай кеткенін айтты

Published

on

By

Танымал әнші Мақпал Исабекова әріптес-құрбысы Дильназ Ахмадиевамен не үшін араласпай кеткенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Өнер иесі оқырмандарының қойған сұрағына жауап берді. 

“Диля екеуміз ешқашан ұрысқан емеспіз. Өкінішке орай, өмірде мұндай жағдайлар болып тұрады. Адамдар түрлі себептермен бір-бірінен алыстап кетеді. Ол маған істеген жақсылығын ешқашан ұмытпаймын, алғысым шексіз. Мен өзім жеке әнші ретінде шыққанда оның қолдауы ерекше болды. Ол сөзімен ғана емес, ісімен де қолдады. Оның қолдауы мені алып қалды десем де болады. Ол өте жомарт жан. Менің жүрегім әрқашан да оны қолдайды. Бірақ қазір біздің жолымыз екіге айырылды. Бұл уақытша ма, мәңгіге ме білмеймін. Уақыт өзі бәрін реттейді”, – деп жазды Исабекова.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Алайда Дильназ Ахмадиева құрбысының сатқындық жасағанын айтқан болатын. 

“Араласпай кеткенімізге төрт жыл болды. Біз енді жақын құрбы емеспіз. Солай болып қалды. Жолымыз бөлек екен. Екеуміздің достыққа деген көзқарасымыз да әртүрлі екен. Жаман ештеңе болған жоқ. Көрген жерде амандасып тұрамыз. Бір-бірімізді көрместей болып кеткен жоқпыз. Маған манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Осының бәрін құрбыларым жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын”, – деп ағынан жарылған еді әнші. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!