Connect with us

IN-THE-NEWS

Дархан Жолшыбек некесіз туған қызымен кездескендегі әсерін бөлісті

Published

on

By

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызына не себепті барғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Бағдарламадан скрин 

Желі жұлдызы “Taboo” бағдарламасында қонақ болып, бүкпесіз баяндап берді. 

“Айшамен кездеспес бұрын, анасы Айданамен жолықтық. Баласыз бәрін асықпай отырып, шешіп алайық дедік. Содан кейін барып Айша әпкесімен келді. Мен бәрін шын жүрегіммен жасадым. Бірақ әпкесі: “Бізден саған не керек?!” деп сұрады. Сол сұрағы сүйектен өтіп кетті. Сол кезде мен бәрін ақтарып, айтып салдым. Инстаграм үшін жасап жатыр деп ойлаған сияқты. Халық шулап жатқанда мен де қатты қиналдым. Тіпті, қызым екенін мойындаған да жоқпын. Жағдайды шын қабылдамадым. Сол сәтте Европаға кетейін деп жүргем, соның тірліктерімен жүгіріп жүрдім. Сенсеңіз, ДНҚ -ны да әшейін тапсыра салған едім. Бірақ 100 пайыз менің биологиялық қызым болып шықты. Содан кейін барып, өзімнің не бүлдіргенімді білдім. Қызыма көлік сыйлап, баспана алып бергенім үшін мақтанбаймын. Болашақта да көмектесіп тұрамын. Ең алғаш кездескенде өзіме қатты ұқсаттым. Айша нағашы атасын “Папа” дейді екен. Мен сұрағанда: “Папа емессің” деді. Қазір бәрі жақсы. Мені қабылдамайды деген қорқыныш болған еді”, – деп ағынан жарылды блогер. 



Сондай-ақ әйелі Дариғаның қалай қабылдағанын да айтып, ел алдында алғыс білдірді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Тик-Токта Айшаның анасы шулатып жатқанда Дари да көрді. “Мына қызды шынымен танисың ба?” деп сұрадым. Жоқ, танымаймын деп жауаптан жалтарып кеттім. Екеуміз де ол жағдайға мән бермедік. Бірақ соттан қағаз келіп, ДНҚ тапсырғанда бәрі белгілі болды. Дари да: “ДНҚ тапсырасың ба, давай қызық болсын тапсырып көр” деді. Астанада жүріп тапсырдым. ДНҚ қорытындысын сотқа жетпей-ақ таныс адамдарға өтініш жасап, біліп алдым. Сол кезде-ақ менің қызым бар екенін түсіндім. Үйге жеткенше ойланып келдім. “Бұл сенің көзіңе шөп салу емес. Саған дейін болған жағдай. Менің биологиялық қызымның бары рас” дедім. Әйелімнің сол кездегі ішкі жан-сезімін айтып жеткізу мүмкін емес. Бірақ екеуміз де баланың кінәсі жоқ екенін біліп тұрдық”, – деді Дархан. 

Еске салайық, жезқазғандық Айдана есімді ару блогерді әке міндеттерін орындамайды деп кінәлайтынын жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Айгүл Орынбек Қазақстандағы барлық қорларды жабу керегін айтты

Published

on

By

Қайырымдылық қорларының айналасындағы дауға қатысты заңгер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек пікір білдірді. Ол күмәнді қорлардың барлығын жабу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

“Ниеті дұрыс емес адамдар жеке бас пайдасы үшін қор ашып, халыққа арзан үйлер алып беріп, қымбат үй сыйлап жатқандай көрсететін болған. Бұл дабыл қағатын дүние. Өйткені халыққа пайдасын тигізіп жатыр ма террористерді қаржяыай қамтамасыз етіп жатыр ма белгісіз. Себебі мұның есебі, сұрауы болмағаннан кейін осындай жағдайлар орын алып жатыр. Қорларды бұрыннан-ақ тексеру керек еді. Тіпті қорларды ашқызуға тыйым салу керек”, – дейді президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек.


Қазақстандағы барлық қайырымдылық қорлары мемлекет бақылауына алынады


Ол халық әр тиынның есебін сұраған кезде ғана жағдайдың түзелетінін айтты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Барлық қорларды жабу керек. Тіпті әкімдік тарапынан ашып алып, арам ақшаны да қорларға аударып жатқандар бар. Тек қана мемлекеттің бақылауындағы қорларға ғана ақша аударыңыздар. Ал адамдарды қызықтыру арқылы біреудің қайғысын көрсетіп жатқандарға күмәнмен қарау керек. Халық әрбір тиынның есебін сұрауы қажет”, – дейді ол.

Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық белгілі қоғам белсенділері “Асар-Уме” қайырымдылық қорының жұмысына күмән келтірген еді.

Оған қоса ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінгенін жаздық. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол қайырымдылық ақшасын сән бұйымдары, автокөліктер, жылжымайтын мүлік сатып алуға және қымбат қонақүйлерде демалуға жұмсаған. Сонымен қатар ол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, достары мен туыстарына сыйақы берген. Перизат Қайрат ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда электромобиль жүргізушілеріне талап күшейді

Published

on

By

Қазақстанда электромобиль жүргізушілеріне талап күшейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Электр қуатымен жүретін көліктердің жүргізушілері темір тұлпарларының электрокар екенін көрсететін арнайы белгі жабыстыруға міндетті. Заң сақтамағандарға алдымен ескерту беріледі, кейін 11 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ.

Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, бұл тәртіп тоқпен қуатталатын көліктерге арналған тұраққа қарапайым көліктердің тұруына жол бермеу үшін қажет. Сондықтан жасыл түсті арнайы жапсырманың болуы электромобиль жүргізушілерінің өздері үшін де ыңғайлы дейді министрлік өкілі.


Электромобильдердің жаяу жүргіншілер үшін қауіпті екені дәлелденді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Айта кетейік, шілде айында Қазақстанда енген заңға сәйкес электромобильдер тұрақ үшін ақша төлемейді.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде электромобильді көлігін үйінде қуаттайтын жүргізушілерге айыппұл салынатыны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада блогер жігіт алаяқтарға алданған қыздың ақшасын қайтаруға көмектесті

Published

on

By

Астанада блогер жігіт алаяқтарға алданған қыздың ақшасын қайтаруға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Алаяқтар туралы видео әлеуметтік желіде тараған.

“Бастапқыда мен ол жерге келген кезде сұлулық салоны екен деп ойладым. Макияж жасап, фотосессия жасаймын деп ойлағанмын. Сөйтсем ол жер косметолог қызметін ұсынды. Бірден келісім шартқа қол қойғызып, терімді тексерді. Артынша терімде әртүрлі сырқаттар бар екендігін айтты. 23 жаста болсам да терім 30 жастағы әйелдікі сияқты деді. Емімді 2 млн теңгеге шығады деді. Мен бетімді емдетемін деп те ойламағанмын”, – дейді алданған қыз. 

Алайда қызға алдап 400 мың теңгеге арнайы өнім сатқан. Артынша ол алған тауарын кері қайтармақ болған. Дегенмен қыздың бұл сұранысын компания қанағаттандырмаған көрінеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Астаналық блогер зардап шеккен қызбен бірге барып ақшасын кері қайтаруға көмектескен.

“Не себепті сіздер бірден ақшаны кері қайтаряп бермедіңіздер? Неге клиент ақшасын кері қайтару үшін қандайда бір бастықты күтуі керек? Неге тауарды кері қайтарамын деп тұрған сатып алушыны ойынан айнытуға күш салдыңыздар?” – дейді блогер жариялаған видеода. 

Блогер компания қызметкерлеріне заңға қайшы әрекет жасап жатқандарын айтып жүгінген және қыздың ақшасын қайтаруға көмектескен.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!