Connect with us

IN-THE-NEWS

Жаркентте әскери бөлімше капитанының мәйіті табылды

Published

on

By

Жетісу облысы Жаркент қаласында 14 қарашаға қараған күні 74261 әскери бөлімінің инженерлік қызмет бастығы капитан Дархан Дәулет мерт болды. Әскеридің жақындары оны үш сарбаз майордың тапсырмасымен соққыға жығып өлтірді дейді. Ал қорғаныс министрлігі мұндай нұсқаны жоққа шығарып отыр. Марқұмның әпкесі Гүлмира Мәулетқызы істің әділ өтіп, толыққанды ақпараттың саралануын талап етеді. 

14 қараша сағат 01:00 шамасында 74261 әскери бөлімін бақылау тобының құрамында жетекшілік ететін 26 жастағы Дархан Дәулеттің мәйіті табылды. Желіде тараған ақпарат бойынша жігітті 3 сарбаз жабылып соққыға жыққан.

Әпкесі жігіттің Жаркенттегі әскери бөлімде қызмет еткеніне небәрі 3 ай болғанын айтады. Бұған дейін Отарда, Алматыға қызмет етіпті. Өзі жаркенттік болғандықтан, осы жерге ауысқысы келген. 

“Дәулет – үйінің тұңғышы. Сол үшін ата-анасының жанында оларға қолғабыс еткісі келіп жүрді. Сәті түсіп, қыркүйекте ауысты. “Енді жұмысың қалай, ұнап жатыр ма?” деп сұрағанымда, “болады, ақырындап” деп қысқа қайыратын. Тіпті үйленіп, отбасылы болып та үлгермеді”, – деді әпкесі.

Дәулет Дарханның жақындары істің қай баппен қозғалғаны, тергеу бойынша істің мән-жайынан хабарсыз. Қорғаныс министрлігі бәрін жасырын ұстап отыр дейді. Олар тек сот-медициналық сараптама қорытындысын күтіп отыр. Алайда оларға жеткен және желіде тараған ақпарат бойынша үш сарбаз Дәулетке тиісіп, араларында жанжал шыққан. Ал тағы бір нұсқа бойынша объектілердің диверсияға қарсы жоспардан тыс оқу-жаттығуларды өткізу кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылып, оқыс оқиға болды. 

“Қатардағы жауынгерлер Нұрман Әбсадық, Бақберген Рустамұлы, Аят Шәкір капитанға жабылған дейді. Содан соң аяқ-қолын байлап, 74261 әскери бөлімінің спорт қалашығына қарай апарып, оны сол жерде қалдырып кеткен. Дәулеттің ес-түссіз жатқанын спорт қалашығының жанынан өтіп бара жатқан аға лейтенант Сүйіндік байқаған. Ол наряд пен кезекші дәрігерді шақыртты. Жедел жәрдем келгенше ол мерт болып кетті. Сарбаздарға Дәулетті ұрсын деп әскери бөлімнің командирі майор Қазтай тапсырма берген дейді”, – деді Гүлмира Мәулетқызы. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Мәулетқызы аталмыш ақпарат сондағы әскерилер арасында тарап жатқанын айтады. 

“Өлімнің алдын ала себебі – қылқындыру дейді. Офицерлер чатында қауіпсіздік ережесі бұзылған деп жазылды. Сол кезде Дәулеттің аяқ-қолын байлап, сыртқа шығарып тастаған деп айтады. Шындық ашылмай қалады деп қорқамыз. “Абайсызда кісі өлімі” немесе “Қауіпсіздік шараларын бұзу” деп жалтарып кететін сияқты, бірақ ол қисынға сыймайды”, – деді марқұмның жақыны.

Stan.kz тілшісі қорғаныс министрлігінен жағдай бойынша пікір сұрады.

“14 қарашада диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу барысында қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан мерт болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді.      

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі”, – деп мәлімдеді құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі Меруерт Мақашева. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Айгүл Орынбек Қазақстандағы барлық қорларды жабу керегін айтты

Published

on

By

Қайырымдылық қорларының айналасындағы дауға қатысты заңгер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек пікір білдірді. Ол күмәнді қорлардың барлығын жабу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

“Ниеті дұрыс емес адамдар жеке бас пайдасы үшін қор ашып, халыққа арзан үйлер алып беріп, қымбат үй сыйлап жатқандай көрсететін болған. Бұл дабыл қағатын дүние. Өйткені халыққа пайдасын тигізіп жатыр ма террористерді қаржяыай қамтамасыз етіп жатыр ма белгісіз. Себебі мұның есебі, сұрауы болмағаннан кейін осындай жағдайлар орын алып жатыр. Қорларды бұрыннан-ақ тексеру керек еді. Тіпті қорларды ашқызуға тыйым салу керек”, – дейді президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек.


Қазақстандағы барлық қайырымдылық қорлары мемлекет бақылауына алынады


Ол халық әр тиынның есебін сұраған кезде ғана жағдайдың түзелетінін айтты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Барлық қорларды жабу керек. Тіпті әкімдік тарапынан ашып алып, арам ақшаны да қорларға аударып жатқандар бар. Тек қана мемлекеттің бақылауындағы қорларға ғана ақша аударыңыздар. Ал адамдарды қызықтыру арқылы біреудің қайғысын көрсетіп жатқандарға күмәнмен қарау керек. Халық әрбір тиынның есебін сұрауы қажет”, – дейді ол.

Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық белгілі қоғам белсенділері “Асар-Уме” қайырымдылық қорының жұмысына күмән келтірген еді.

Оған қоса ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінгенін жаздық. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол қайырымдылық ақшасын сән бұйымдары, автокөліктер, жылжымайтын мүлік сатып алуға және қымбат қонақүйлерде демалуға жұмсаған. Сонымен қатар ол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, достары мен туыстарына сыйақы берген. Перизат Қайрат ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда электромобиль жүргізушілеріне талап күшейді

Published

on

By

Қазақстанда электромобиль жүргізушілеріне талап күшейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Электр қуатымен жүретін көліктердің жүргізушілері темір тұлпарларының электрокар екенін көрсететін арнайы белгі жабыстыруға міндетті. Заң сақтамағандарға алдымен ескерту беріледі, кейін 11 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ.

Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, бұл тәртіп тоқпен қуатталатын көліктерге арналған тұраққа қарапайым көліктердің тұруына жол бермеу үшін қажет. Сондықтан жасыл түсті арнайы жапсырманың болуы электромобиль жүргізушілерінің өздері үшін де ыңғайлы дейді министрлік өкілі.


Электромобильдердің жаяу жүргіншілер үшін қауіпті екені дәлелденді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Айта кетейік, шілде айында Қазақстанда енген заңға сәйкес электромобильдер тұрақ үшін ақша төлемейді.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде электромобильді көлігін үйінде қуаттайтын жүргізушілерге айыппұл салынатыны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада блогер жігіт алаяқтарға алданған қыздың ақшасын қайтаруға көмектесті

Published

on

By

Астанада блогер жігіт алаяқтарға алданған қыздың ақшасын қайтаруға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Алаяқтар туралы видео әлеуметтік желіде тараған.

“Бастапқыда мен ол жерге келген кезде сұлулық салоны екен деп ойладым. Макияж жасап, фотосессия жасаймын деп ойлағанмын. Сөйтсем ол жер косметолог қызметін ұсынды. Бірден келісім шартқа қол қойғызып, терімді тексерді. Артынша терімде әртүрлі сырқаттар бар екендігін айтты. 23 жаста болсам да терім 30 жастағы әйелдікі сияқты деді. Емімді 2 млн теңгеге шығады деді. Мен бетімді емдетемін деп те ойламағанмын”, – дейді алданған қыз. 

Алайда қызға алдап 400 мың теңгеге арнайы өнім сатқан. Артынша ол алған тауарын кері қайтармақ болған. Дегенмен қыздың бұл сұранысын компания қанағаттандырмаған көрінеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Астаналық блогер зардап шеккен қызбен бірге барып ақшасын кері қайтаруға көмектескен.

“Не себепті сіздер бірден ақшаны кері қайтаряп бермедіңіздер? Неге клиент ақшасын кері қайтару үшін қандайда бір бастықты күтуі керек? Неге тауарды кері қайтарамын деп тұрған сатып алушыны ойынан айнытуға күш салдыңыздар?” – дейді блогер жариялаған видеода. 

Блогер компания қызметкерлеріне заңға қайшы әрекет жасап жатқандарын айтып жүгінген және қыздың ақшасын қайтаруға көмектескен.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!