Connect with us

IN-THE-NEWS

Қонаев қалалық сотының төрағасы 9 миллион теңге алғаны үшін сотталды

Published

on

By

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров Қонаев қалалық сотының төрағасы Жайық Жанболатовтың не үшін істі болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Агенттік өкілінің мәлемітенше Жанболатов 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. 

“Ол сотталушыға жазасын жеңілдету сылтауымен, аса ауыр қылмысты жеңілдету бойынша 9 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу арқылы, алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қосымша жазалау шарасы ретінде Жанболатов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ”, – деді Данияр Бигайдаров брифинг барысында.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, бұған дейін Антикор Шымкентте санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы пара алғаны үшін сотталғаны туралы айтқан еді.  

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды

Published

on

By

Қыз зорлады деп айыпталған танымал боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс жалғасып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж: Stan.kz

Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова боксшының тергеуге келмегенін айтты.

“Әнарудың ісіне келсек, тергеу органы жанын салып, істі жан-жақты зерттеп жатыр. Тергеуші де, полиция бөлімінің басшысы да жаңадан тағайындалған. Алайда Жанқош Тұраров кімге сеніп жатқанын білмейміз, күнде қырық сылтау айтып, шақырғанға келмейді. Біресе адвокаты қалада емес, біресе өзі “қатты ауырып жатыр-мыс”. Әйелі айтқандай, “аппақ” болса, келіп, өз уәждерін айтып, дәлелдерін ұсынбай ма? Оны мәжбүрлі түрде алдырту туралы талап қойдық”, –деп жазды Ахатова.



Еске салсақ, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Алайда боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды.

Ал Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлі есімді ару танымал композитордың қызы болып шықты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Одан кейін Алматы полиция департаменті боксшыға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың 20 қазанында тоқтатылғанын мәлімдеген еді. Бірақ жәбірленуші Әнару Құрманалиеваның адвокаты Ләззат Ахатова іс қайта қозғалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстық істің қысқартылғаны туралы қаулы жарты ай бойы берілмеген. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Міндетті чиптеуден кейін қазақстандықтар үй жануарларын далада қалдырып жатыр

Published

on

By

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қазақстандықтар міндетті чиптеу енгізілгеннен кейін үй жануарларын жаппай көшеде қалдырып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Мәжілісте “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заң жобасын талқылау барысында депутат Еділ Жаңбыршин елімізде қаңғыған үй жануарларға қатысты жағдайдың ушығып бара жатқанын айтты.

“2023 жылдың 1 қыркүйегінде үй жануарларының иелері өз жауапкершілігіне алу үшін чиптеу керек болды. Нәтижесінде статистика 28 мыңға жуық ит тіркелгенін көрсетті, бір жылдан кейін олардың саны 4 мыңға дейін азайды. Ал қазір 900-ге жуығы ғана қалды. Сөйтсек адамдар үй жануарларын далаға лақтырады екен”, – дейді Еділ Жаңбыршин. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Мәжілісменнің айтуынша, Қазақстан қалаларында қаңғыбас үй жануарлардың саны артып келеді.

“Үй жануарларының иелеріне жауапкершілік артылған соң олар ит-мысықты көшеге лақтыра бастады. Осылайша қаңғыған ит-мысықтардың саны көбейді. Сондықтан мұның да теріс тұстары бар. Мәжбүрлеп, жауапкершілік артсақ – адамдар жануарларды көшеге лақтырады, мұндай үрдіс бар, оған статистика дәлел”, – дейді депутат.

Осылайша ол чиптеу мәселесі тек жауапкершілікпен шешілмейтінін айтты.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ерке Есмахан жеке бизнеске бет бұрмақ

Published

on

By

Танымал әнші Ерке Есмахан жақсы жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/erke_esmakhan_official

Өнер иесі жақында жеке бизнесін қолға алмақшы. Өнер иесі алдағы уақытта оқырмандарына өзінің энергиясына толы затты ұсынатынын жеткізді. Алайда әнші оның нақты не екенін айтпай, құпия сақтап қалды.

“Қыздар бұл идеямды жақындарыма, құрбыларыма – әлі ешкімге айтпадым. Ешкіммен бөліспедім. Желіде де сіздерді қызықтырып, дайындап, көз бен құлақтарыңызды үйретуге тырыспадым. Өйткені бір ғана мақсатым болды. Реті келіп, бәрін өзім айтамын деп ойладым. Осы уақыт ішінде қазақ қыз-келіншектердің өзіне не қалайтынын зерттедім. Олардың қалауын бір жерге жинап, түйіндегім келді. Әйелдің жанын әйел түсінеді ғой. Мен сіздерді түсіндім. Әр әйелдің жүрек түбіндегі арманы ұқсас. Қыз бала түрлі сынақтардан өтеді. Әр ару бақытты ғұмыр кешу керек деп ойлаймын”, – деп жазды әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі су жаңа тауарын жақында сатылымға шығатынын хабарлады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Мен анамын, әншімін, жармын, қазақтың еркелеп жүрген қызымын. Алайда инстасаудагер емеспін. Осы заман талабына сай марафон, курс ойластырып, сатпадым. Сұраныс күн сайын болса да, келіспедім. Жақында мен сіздерге ұсынатын нәрсе өз өмірімнен, жүрегімнен, махаббатымнан, арманымнан туындаған зат. Осы затпен мен сіздерге бір қадам жақындаймын. Осы затты алған соң менің “Ерке Есмаханның бір бөлшегі” сіздермен бірге болады. Бұл затта менің энергиям бар. Өйткені бұл заттың авторы менмін. Дайын болыңыздар, жақын күндері көрсетемін”, – деп жазды мегажұлдыз. 

Еске салайық, “Сөмке емес, сауап жина” деп ақыл айтқан оқырманына Ерке Есмахан ашуланған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!