Connect with us

IN-THE-NEWS

Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көрсетті

Published

on

By

Танымал әнші Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көпшілікке көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Өнер иесінің енесі “Айгүл” вокалды-аспапты ансамблінің құрамындағы әнші Ақжан Жайсанбаева болып шықты.

“Екі күн болды Алматыдан енем келіп, өзімнің келіндік міндетімді атқарып жатырмын. Құдайдың құдіретіне шек жоқ қой. Мамам 1968 жылы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған “Айгүл” вокалды-аспапты ансамблінің құрамында әнші болған Ақжан Жайсанбаева. Қазір жасы 76 да. Мен өмірге келген жылдары ансамбльдің дүркіреп жатқан кезі екен. Содан менің мамамның құрбысы менің атымды сол ансамбльдің құрметіне Айгүл деп қойған екен”, – деп жазды әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі өмірлік жар таңдауға қатысты кеңесін де бөлісті. 

“Тағдыр жолымда араға қаншама жыл салып, өмірлік жартымның анасы “Айгүл” ансамблінде әнші болғандығы кезедейсоқтық еместігі анық. Қадірлеймін. Ал бүгін менде “Хабар” арнасында таңғы эфир болды. Ал мамамды “Абай” арнасы “Айгүл” ансамблінің құрамымен түсірілімге Алматыдан алдырады.Таңертен екеуімізде әртіс болып айнаның алдында жиналғанымыз тіпті қызық болды. Шын сұрасаң жаратқан өз адамыңды кездестіреді. Басқа адамға шын жүрегіңмен тілекші болсаң,ол өзіңе мың есе жақсы нәрсе болып қайтады”, – деп жазды Иманбаева.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, “Балам – күшті, келінім – оңбаған” деген Айгүл Иманбаева енелерге үндеу жасаған еді. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Bereke Bank өз брендінің туған күнін атап өтуде! 

Published

on

By

Бір жыл бұрын Bereke Bank жаңа бренд бағытын және жаңартылған стилін ұсынған болатын. Осыған орай, Банк өз клиенттері арасында 1 миллион теңгені және 720 000 бонусты ұтысқа салады! 

Қаңтар айының соңына дейін 48 адам өз шотына 15 000 бонус алады. Ал бас жүлдені – 1 000 000 теңгені ұтып алған жеңімпаздың есімі осы жылдың 18 желтоқсанында белгілі болады. 

Ұтыс ойынға қатысу үшін сізге:

  1. Bereke Bank картасын ашып, оны Bereke Bank қосымшасындағы “B-Bonus+” бағдарламасын қосу қажет; 
  2. 15 қарашадан 31 қаңтарға дейін 5 000 теңгеден басталатын сомаға сауда жасау керек. Акция туралы толығырақ ақпарат berekebank.kz сайтында берілген.

Жеңімпаздар кездейсоқ сандар рандомайзерінің көмегімен Bereke Bank Instagram аккаунтының тікелей эфирінде анықталады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Банк өз брендінің туған күнін Ұлттық валюта күнінде атап өтуі символдық мән береді. Markswebb сарапшыларының пікірінше, биыл Bereke Bank мобильді қосымшасы ең үздік банктік қосымшалардың тізіміне енді. Ал, Similarweb сарапшылары Bereke Bank қосымшасын Google Play және App Store дүкендеріндегі банк секторының ең танымал мобильді қосымшаларының үштігіне енгізді.

Банк жеке тұлғалардың салымдары көлемінің серпінді өсімін көрсетуде және ЕДБ арасында  депозиттерінің өсімі бойынша рейтингтерде көш бастап тұр. Bereke Bank халық үшін де, бизнес үшін де, соның ішінде қаржылық емес қызметтер мен сыртқы экономикалық қызметтерін қоса алғанда, қызметтердің кең түрін ұсына отырып, әрбір клиентке ерекше қызметті ұсынуға ұмтылады.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының соңында Bereke Bank тарихында жаңа кезең басталды, Катарлық Lesha Bank LLC (Public) банктің жаңа акционері атанды. Bereke Bank қаржылық көрсеткіштері бойынша Қазақстанның ірі банктерінің қатарына кіреді және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жүйесінің қатысушысы болып табылады. Bereke Bank тұрақты өсімді көрсетіп келеді және жаңа акционермен бірге нарықта өз позицияларын одан әрі нығайтуды жоспарлап отыр. 

Банк барлық клиенттеріне артқан сенімдері мен таңдауы үшін алғыс білдіреді! Бізбен бірге болғаныңызға рақмет! Бәрі Bereke-лі болады!

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22 ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда биыл жол апатынан зардап шеккендердің саны рекордтық деңгейге жетті

Published

on

By

Қазақстанда биыл жол апатының болуы жиілеп зардап шекендер көрсеткіші рекордтық деңгейге жеткен. Деректерге сүйенсек 96% жағдайда жол көлік оқиғасының кінәлілері жүргізушілер (олардың 83% – ы ер адамдар). Ал жолаушылар арасында жиі зардап шегетін әйелдер мен балалар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еnergyprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: freepik.com

Жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде әлемде жол апатының құрбандарын еске алады. Биыл атаулы күн 17 қарашаға келіп тұр. Бұл күні Қазақстанда да жол апаты мен өлім-жітім мәселелеріне назар аударатын іс-шаралар өтеді. 

Жол апатына байланысты статистикаға сүйенсек, 2024 жылы елімізде көрсеткіш нашарлаған. Апаттан зардап шеккендердің саны екі есеге, ал қаза тапқандар саны 9%-ға өскен. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында жол апатынан 29,5 мың адам зардап шеккен. Бұл соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш (2023 жылы 14,5 мың адам зардап шекті). Осы кезеңде қаза тапқандар саны 2,1 мың адамды құрады. Ал 2023 жылы 1,9 мың адам қаза тапқан.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Өліммен аяқталған жол көлік оқиғасының үлесі 2023 жылы 12,7%-дан 2024 жылы 6,9%- ға дейін төмендеді. Қаза тапқандардың ең көп саны (736 адам) Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында тіркелген. Бұл ел бойынша құрбандардың жалпы санының 35%-н құрайды. Алстанада мұндай оқиғалар аз болған.



Деректердегі талдаға сүйенсек жол апатынан көп жағдайда (86%) ер адамдар құрбан болды. Олардың 79%- ы 18-49 жас аралығындағы жүргізушілер. Ал жолаушылар арасында (61%) әйелдер жиі зардап шегеді. Жол апатынан зардап шеккендердің айтарлықтай үлесін балалар құрайды. 2024 жылдың он айында 2,4 мың бала зардап шеккен.

Жаяу жүргіншілер де апаттың құрбаны болуда. 2024 жылдың қаңтар–қазан айларында жаяу жүргіншілерге жасалған 8,3 мың соққы тіркелді. Оның 34%- ы балалар, ал 48%-ы 18 бен 49 жас аралығындағы ересектер. 96% жағдайда жол көлік оқиғасының кінәлілері жүргізушілер (олардың 83% – ы ер адамдар) болды. 8% жағдайда кінәлілер оқиға орнынан жасырынған. Апат жағдайларының 2,2% – ы мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен болған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Шәмші Қалдаяқовтың келіні театр директорларын сотқа бермек

Published

on

By

Аңызға айналған тұлға Шәмші Қалдыаяқовтың келіні театр директорларын сотқа тартылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/shamshi_alemy/

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде “Креативті индустрияны дамыту” тақырыбында өткен отырыста мәлімдеді.

“Еліміздің театрларында жиырма жылдан аса уақыт бойы “Сыған серенадасы” пьесасы қойылып жатыр, мұрагерлердің рұқсатынсыз. Мұрагерлер ол оқиға жайлы бірнеше рет айтылған, нақты айтқанда, Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты. Осы жерде отырған театр директорларына соңғы мүмкіндік беремін. Екі аптадан кейін оларды сотқа барамыз, – деді марқұм сазгердің келіні. 



Сөзінше, Шәмші Қалдаяқовтың мұрагерлері туындының желісін шындыққа сәйкес келмейді деп сынап, бірнеше рет наразылық білдірген. Пьесадағы композитордың сығандардан таяқ жегені туралы эпизодтың ойдан шығарылғаны және марқұм сазгердің беделіне нұқсан келтіретіні айтылған еді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, Шәмші Қалдаяқов пен Латифа Хамидидің ұрпақтары авторлық құқық үшін төленетін қаламақысыз қалғанын жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!