Connect with us

IN-THE-NEWS

Антикор қызметкері Қытайдан келген қандастан 10 миллион теңге талап етіп, бопсалаған

Published

on

By

Желіде Қытайдан келген Уәли Ыбырай есімді азаматты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері бопсалады деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Halyqstan Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Halyqstan Telegram-арнасының мәліметінше, Қытайдан келген қандас агенттік қызметкері Бақжан Мүталиев пен оның досы Бекнар Аманбаевқа “қарыз” болып шыққан. Бекнар Аманбаев аралас жекпе-жектен Еуразия және ТМД елдерінің және джиу-джитсудан екі дүркін ел чемпионы болған. Сондай-ақ жаттықтырушылықпен де айналысқан.

Жәбірленуішінің досының айтуынша, Уәли Ыбырай 2013 жылы отбасын Қытайдан тарихи отанына көшіріп, өзі сол елде қалған. Арада 10 жыл өткен соң ол отбасымен қауышуы керек еді. Дегенмен Аспан асты елі билігі оның құжаттарын алып қойған. Сондықтан ол Қазақстанға заңсыз көшіп, баспана сұраған.

“Әйелінің шағын кәсібі бар еді. Ыбырай логистикамен, жүк тасымалымен айналысып, зауыттан ZEEKR маркалы автокөліктерді жеткізуші қызметін атқарды. Осы жұмыстарды істеп жүрген кезде, одан әлдекімдер 100 мың доллар (50 миллионға жуық) мен үш ZEEKR автокөлігін талап етіп бопсалады. Егер сұраған нәрсесін бермесе дене жарақатын саламыз деп қорқытқан. Ол өз өмірі үшін алаңдап, полицияға хабарласуымды өтінді. Құқық қорғау органдары істі қабылдап, тергеуді бастады. Бірақ біраз уақыт өткен соң тергеуші бопсалаушыларды босатқаны үшін пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бір қызығы, бопсалаушылар жазадан құтылып кетті”, – деді жәбірленушінің досы. 

Досының сөзінше, осы оқиғадан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Уәли Ыбырайды куәгер ретінде жауап алу үшін іздеген.

“Ыбырайды агенттік қызметкері Бақжан Мүталиев дереу жеткізуді тапсырыпты. Қытайға қайтарып жібере ме деп қорыққан Ыбырай үйіме келді. Мен оны тыныштандырып, оған көмектесетін адам барын айтып, Бекнар Аманбаевпен таныстырдым. Алайда мен Аманбаевтың Мүталиевтің ескі танысы екенін білмедім. Ол Ыбырайға тұруға ықтиярхат пен ЖСН алып беруге уәде еткен еді. Бірақ ол делдал болып, Мүталиевке одан ақша алуға көмектесті. Олар жасалмаған жұмыс үшін Уәли Ыбырайдан 50 мың доллар сұрады. Алайда досымда ондай ақша жоқ еді”, – деді жәбірленушінің досы.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Уәли Ыбырайдың досының сөзінше, ол кезде бұрынғы бопсалаушылар да Ыбырайдың ізіне түсіп, тұратын жерін тауып алған. Бопсалаушылардан қорыққан азамат Аманбаевты соманы 20 мың долларға (10 миллионға жуық) дейін азайтуға көндірген. Белгіленген күні ол бар болғаны 15 мың доллар (7 миллион 500 мыңға жуық) жинағанын хабарлаған. Аманбаев ақша үшін келіп, бірақ бар болғаны 10 мың долларды (5 миллион 500 мыңға жуық) алып, 5 мың долларды (2 миллион 500 мыңға жуық) Уәли Ыбырайға “саған керек болып қалады” деп қалдырып кеткен. Ақшаны алғаннан кейін Аманбаев пен оның сыбайласы ұсталды.

Сот мәліметінше, антикор қызметкері кінәсін жоққа шығарды. Ал спортшы кінәсін ішінара мойындады.

Антикор мәліметінше, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының төрағасы Айгүл Маликова іс бойынша жинақталған материалдар олардың кінәсін толық дәлелдеді деп есептеді.

“Қызметтік бабын пайдаланып аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Бақжан Мүталиев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа режимдегі түзеу колониясында өтейді. Қылмысқа қатысқаны, пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін Бегнар Аманбаев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу колониясында өтейді”, – делінген хабарламада. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ақтөбе облысында әйел туған анасын ұрып өлтірді

Published

on

By

Ақтөбе облысында әйел анасын ұрып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында 14 қараша күні 73 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің өліміне ішкі ағзалардың зақымдануы себеп болған.

Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның 48 жастағы қызын ұстады. Полицияның мәліметінше, бірге ішімдік ішіп отырған күдікті мен анасының арасында жанжал шыққан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


“Ұрып, алдыңғы тістерін сындырған”: СҚО-да анасын өлтірді деп күдікке ілінген ер адамға қатысты сот отырысы басталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Облыстық полиция департаменті “денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін өртеп жібермек болғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Атақты Майк Тайсон блогер-боксшымен болар жекпе-жек алдында көз түйістіру рәсімін жасады

Published

on

By

Супер ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон танымал америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полмен жекпе-жек алдында көз түйістірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Boxingscene.com

Майк Тайсон танымал америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полды көз түйістіру рәсімінде шапалақпен салып жіберді. 57 жастағы спортшы мен 27 жастағы блогердің бокс кеші 20 шілде күні, АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы “AT&T” аренасында өтуі керек еді. Бірақ белгісіз себептерге байланысты жекпе-жектің уақыты 16 қарашаға ауыстырылды. Қос спортшы бұл жолы да АҚШ-тың Арлингтон қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек 2 минуттан, 8 раундқа жоспарланған. Шетелдік БАҚ құралдарының мәліметіне сәйкес, “Темір” Тайсон бұл жекпе-жек үшін 20 млн АҚШ долларын иеленсе, Джейк Пол одан екі есе көп алады.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік,  Майк Тайсон соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылы Рой Джонсқа қарсы қойылым ретінде жекпе-жек өткізген. Ал Джейк Пол шаршы алаңда 10 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуде жеңіске жетсе, 1 рет жеңіліске ұшыраған. Ол Тайрон Вудли, Найт Диас, Бен Аскрен, Андерсон Сильва сияқты UFC-дің атақты спортшыларымен жұдырықтасып, жеңіске жеткен. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әлеуметтік желілердегі “әдемі өмірдің” жарнамасы жастарға зиянын тигізеді

Published

on

By

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілердегі “әдемі өмірдің” жарнамасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz

Президенттің айтуынша, әлеуметтік желілердегі әдемі өмір және “успешный успех” культі адамдарда бәріне оңай және қарапайым жолмен қол жеткізуге болады деген ой тудырады. Президент жастардың осыған сеніп, уақыттарын босқа өткізіп жатқанын атап өтті. 

“Бүгінде әлеуметтік желілердегі әдемі өмір мен “сәтті жетістік” деп аталатын агрессивті жарнама адамдарда бәріне қол жеткізу оңай және қарапайым деген ой тудырады. Кейбір жастар осыған сеніп, қымбат уақыттарын босқа өткізеді. Шыны керек, кез келген жетістіктің артында тынымсыз еңбек жатыр”, – деді Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбекерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде.

Президент еңбекқорлық пен жауапкершілік “ұлтымызға тән қасиетке” айналуы тиіс екенін атап өтті.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Мен еліміздің әрбір азаматының өмірлік мақсатының адал әрі жауапты еңбек арқылы табысқа жету болғанын қалаймын. “Жауапкершілігі мол азамат – адал еңбек – адал табыс” қағидасының мәні де осында”, – деді президент.

Президент жастарға сенетінін баса айтты. Сондай-ақ мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласы жастардың өзін-өзі дамытауына кең мүмкіндіктер аша алатынына сенім білдірді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!