Connect with us

IN-THE-NEWS

Күдіктілердің туыстары Шерзаттың әкесін жауапқа тартуды сұрады (видео)

Published

on

By

Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты күдікті деп танылғандардың туыстары Шерзаттың әкесін жауапқа тартуды сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz 

Әлеуметтік желіде Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша күдіктілердің туысы екендерін айтқан бір топ адамның видеоүндеуі жарияланды. 

“Елімізден, халықымыздан кешірім сұраймыз. Балаларымыздың әрекеті үшін. Бірақ әділ болсын. Нұрқанат та (Шерзаттың ағасы), Қаржаубай да (Шерзаттың әкесі) жауапқа тартылсын. Біз соны тілейміз. Екі жақты бірдей қараңыздар”, – дейді күдіктілердің туыстары. 

Олардың айтуынша, қаруды алғашқы болып Шерзаттың ағасы Нұрқанат алып шыққан екен. Сондай-ақ олар Шерзаттың сол жердегі жігіттердің бірінің жағын сындырғанын айтады. 

“Қаруды бірінші Нұрқанат көлігінен алып шыққан. Балаларға қарай оқ атқан. Балалар тыныш тұрған жерінен Шерзат марқұм бір баланың жағын сындырды. Ойламаған жерден ұрып жіберген. Өздері мылтық пен пышақ алып шыққан. Содан жігіттер көтеріліп кеткен. Кешірім сұраймыз балаларымыз үшін. Біздікі дұрыс емес. Бірақ балаларды арандатпаса барлығы тыныш шешіліп, барлығы үйіне кететін еді. Олар Шерзатты өлтіреміз деп барған жоқ”, – дейді видеоүндеу жолдаған әйел. 


“Ұлым оқиға орнында болмаған”: Шерзат Болаттың өліміне қатысты ұсталғандардың бірінің анасы әділ тергеу жүргізуді сұрайды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Күдіктілердің туыстары барлығына Дархан есімді жігіттің кінәлі екенін айтады. Оқиға орнына жігіттерді Дархан деген жігіт жинаған көрінеді. 

“Кафеде өз бетімен отырған балалар. Барлығы бір қоңыраудан басталған. Барлығын Дархан деген бала бастаған, ол жерде Дарханды танымайтын балалар да бар. Ол қазір үндемей отыр. Ол Қаржаубай мен Нұрқанаттың танысы. біз де соңына дейін барамыз. Дархан да жауапқа тартылсын. Өйткені бәрін шақырған Дархан”, – дейді олар. 

Видеоүндеу жасағандар Шерзаттың әкесін халықты дүрліктіріп, жалған ақпарат таратты деп айыптайды. 

“Қаржаубай басынан бастап өтірік айтты. Қаржаубай пышақ алып келді ме, жігітше мойындасын. Біз баланың қырқына дейін үндемей отырдық. Қаржаубайды да қамасын. Қаржаубайдың әйелі ме, қарындасы ма Нұрқанат атқан оқтарды жерден теріп алған. Ол да жауапкершілікке тартылсын. Ашық сот болса бәріне бірдей болсын. Біз соны талап етіміз”, – дейді күдіктілердің туыстары.  

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмған еді. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Болаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. Ішкі істер министрлігі Шерзаттың өліміне қатысты 10 адам күдікті деп танылып, бес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік жасөспірімді өлтірді деп айыпталған күдіктілер арасында бұрын сотталғандар бар екенін де растады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Абхазияда шерушілер үкімет ғимараттарын басып алды

Published

on

By

Абхазияда шерушілер үкімет ғимараттарын басып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТАСС

Абхазия республикасында Ресеймен жасалған жаңа инвестициялық келісімге қарсы наразылықтар жалғасуда. Шерушілер үкіметтік ғимараттар кешенін қоршап алып, Грузиядан бөлініп шыққан республиканың парламентіне басып кірді.

Абхаз билігі келісімді парламенттен қайтарып алуға уәде берді.

Абхазия парламенті Ресеймен жаңа инвестициялық келісімді қарастыруы керек еді.  Республикада ресейлік бизнестің кеңеюі жергілікті тұрғындарды туризмнен түсетін табысынан айырады дейді абхазиялықтар.

Абхазияда парламент ғимараты жанында шамамен 2,5 мың адам жиналған. Наразылық білдірушілер Ресей мен Абхазияның туларын әкеліп, бұл екі елдің достығын қолдау белгісі деп атады.

Артынша шерушілер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс басталды. Шерушілер жұмыртқа мен бөтелке лақтырып, парламент аумағына кіруге тырысты. Қауіпсіздік күштері көзден жас ағызатын газ қолданды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сегіз адам ауруханаға жеткізілді. Абхазия президентінің жеке қауіпсіздік басқармасының басшысы Аслан Бжания және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар шерушілердің талаптарын президентке жеткізуге уәде етті. Кейбір қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілерге қосылды. Жиналғандар “дезертир”, “отставкаға кет” және “Ресей” деп ұрандады. 

Наразылық білдірушілер парламент маңындағы, одан кейін президент әкімшілігінің жанындағы қоршауды толығымен бұзды. Нәтижесінде олар бүкіл үкіметтік ғимараттар кешенін қоршап алып, кейін парламентке басып кірді.

Президент әкімшілігі Ресеймен жаңа келісімді парламенттен қайтарып алу туралы құжат дайындап жатқанын хабарлады.

Абхазия егемендігін қорғау комитетінің басшысы оппозициядан президент отставкаға кеткенше Сухумдағы үкімет ғимараттарынан шықпауды сұрайды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда қыста ауа райы қандай болады: Синоптиктер айтып берді

Published

on

By

Синоптиктер Қазақстанда алдағы 2024-2025 жылғы қыс мезгіліне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

2024 жылдың желтоқсаны еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын, екпінді жел күтіледі. Оңтүстік облыстарда жауын-шашын жаңбыр мен бұрқасын түрінде жауады, таулы аймақтарда қалың қар жаууы мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі.

Солтүстік және орталықта айдың бірінші жартысында түнде -18, -23 градустан -7, -12 градусқа дейін, күндіз -4, +1 градустан -8, -13 градусқа дейін. Айдың екінші жартысында түнде -25, -37 градусқа дейін, күндіз -15, -25 градусқа дейін суық болады, дегенмен кей күндері аяз төмендейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде -10, -18 градустан 0, -5 градусқа дейін, күндіз 0, -5 градустан +3, +12 градусқа дейін болады. Желтоқсанның аяғында аяз түнде -15, -22, күндіз -5, -13 градусқа дейін күшейеді.

2025 жылғы қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады деп күтілуде. Қарлы күндер де, жауын-шашынсыз кезең де болуы мүмкін. Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы орташа деңгейден 1 градусқа жоғары болады.

“Жалпы, 2024-2025 жылдардағы қыста жауын-шашынның көпжылдық нормадан асатын температуралық режимі климаттық норма шегінде болады деп күтілуде, алайда жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының нормадан төмен болмайды”, – деп қорытындылады синоптиктер.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қайрат Сатыбалдының Дубайдағы қымбат көліктері сатылды: Ақша қайта кетеді

Published

on

By

Қайрат Сатыбалдының Дубайдағы қымбат көліктері сатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

. Коллаж Stan.kz

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания шамамен 31 жарым миллион теңгеге бағаланған Aston Martin Vantage көлігін сатты. Тағы бір люкс санаттағы көлік Rolls-Royce Cullinan көлігі 167 жарым миллион теңгеге бағаланды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұған дейін кәсіпкер мемлекетке Bentley, Lexus және Mercedes сияқты 29 көлікті қайтарған. Сатыбалдыға тиесілі Алматыдағы “Байсат” сауда орталығы қазан айында активтерді басқарушы компанияның балансына өткен. Қайтарылған активтердің жалпы сомасы шамамен 733 млрд теңгені құрайды. Түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылды. Ол арқылы қаржы мемлекеттік қажеттіліктерге жұмсалады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!