Connect with us

IN-THE-NEWS

Тоқаев Саран қаласы әкімінің қызметінен кетуі әкімдерге сабақ болу керегін айтты

Published

on

By

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымы өзінің ерекше бақылауында екенін айтты. Ол жақында Сауран қаласындағы жағдайды еске салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда/instagram.com/baulykov_yerkin

“Саран қаласы ауа-райының суытуына дайын болмай шықты. Мұндағы үйлер жақында ғана жылу жүйесіне қосылған еді. Кемшілікке жол берген жауапты тұлғалар тиісті жазасын алды. Бұл барлық әкімге сабақ болуы керек. Жылыту маусымына дайын болмау басшылардың өз қызметіне сай келмейтінін көрсетеді”, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Тоқаев биыл ел аумағында энергия көздері мен жылумен жабдықтау желілерін жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгенін және қоймалардағы отын қоры жеткілікті екенін атап өтті. Десе де жағдайды үнемі бақылауда ұстау керегін айтты.

“Жолдауда бюджет қаржысын тиімді пайдалануға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырғанымды білесіздер. Әлбетте, бюджет саясатында прагматизм қағидаты басты орында болуы керек. Бірақ әлеуметтік шығындардан, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысынан, зейнетақы мен жәрдемақыдан үнемдеуге болмайды. Бұл – менің берік ұстанымым”, – дейді президент. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Тоқаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды есте ұстау керегін ескертті.

“Зейнетақы жүйесінің әлеуетін арттырудың, оны жетілдірудің тәсілдерін табу керек. Дені сау, қажыр-қайраты мол зейнеткерлердің ел дамуына қосып жүрген үлесін ынталандыру маңызды. Орташа өмір сүру жасын біртіндеп ұлғайту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты жетістіктерінің бірі. Бұл көрсеткіш қазірдің өзінде 75 жастан асты. Осы тұрғыдан алғанда аталған мәселе өзекті бола түседі”, – дейді президент.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Заттыбек Көпбосынұлы 50 жасын дүркіретіп атап өтті

Published

on

By

Отандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Заттыбек Көпбосынұлы 50 жасын тойлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесі Шымкент қаласындағы ең қымбат мейрамханаға өнердегі әріптестерінің басын қосты. 

“Кеше қазақ өзі ардақтап, еркелеткен Заттыбек ағамыз елуге келген тойын атап өтті. Үлкен сахна да, перзент те ағамызға кештеу бұйырды. Бірақ, сынаққа дес бермей, сабырмен жеңе білген соң да басындағы бағы баянды болған шығар?!

Бихан ұлы әкесіне арнап ән шырқап, ағаның өзі қызы Айзеремен ән салды!

Бір тойда үш ақбоз ат мініп, ағайын мен дос-туыстың арасында шалқып жүрді.

Қарындасы ретінде адамдығын асқақ ұстап жүрген алтын ағамыз үшін қуандық. Бірге шаттандық. Алматыда есеп беру кешін өткізеді. Алла қуат берсін!

Өмірдің бақытын біздің буын енді ғана сезініп жатырмыз ғой, қалған ғұмыр тек қуанышқа толы болсын!, – деп жазды әнші.  



Еске салайық, Заттыбек Көпбосынұлы әйеліне көмектесіп, көпшіліктің ықыласына бөленген еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Жігіттер, әйелдеріңе көмектесіңдер!”, – деп үндеу тастаған еді әнші. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Елдос Сметовтің салмағындағы Қазақстан чемпионы белгілі болды

Published

on

By

Ақтөбеде дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Елдос Сметовтің салмағындағы жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Дзюдо федерациясы

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионатының басталып, республикалық турнирдің бірінші айналымында сенсациялық нәтижелер тіркелді. Елдос Сметов белдесетін 60 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрқанат Серікбаев алғашқы белдесуінде Талғат Орынбасардан ұтылып қалды. Дегенмен Орынбасар да келесі кезеңде ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Бұл салмақта финалға Мағжан Шамшаддин мен қостанайлық Нұрәділ Әлжан шығып, Сметовтің басты қарсыласы болған Мағжан Нұрәділге қосымша уақытта есе жіберді. Осылайша Нұрәділ – чемпион, Мағжан күміс жүлдегер атанса, қола жүлдені Нұргелді Қанат пен Алдияр Қарғұлов иеленді. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік,Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам дзюдошы қатысып жатыр. Чемпионат қорытындысы бойынша келесі маусымға Қазақстанның құрамы жасақталады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Баян Мақсатқызы “Қазақ аруына” қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Published

on

By

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы “Қазақ аруына” қатысты тың деректі бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Айта кетейік, продюсер байқаудағы дауыс беру жүйесі істен шыққанын мойындады.

Ол провайдерлердің жарты миллионға жуық дауыс берушілерді көтере алмай, Telegram ботының дауысты қабылдамай қалғанын айтты. Сол себепті де “Қазақ аруы-2024” байқауының жеңімпазы қайтадан анықталатын көрінеді. 

“Қазақ аруы” байқауына қатысты үлкен хабарлама жасағым келіп тұр. Біздің провайдерлер артылған жүкті көтере алмады. Бұл біздің кінәміз емес. Телеграм арна барлық дауыс берушілерді көтере алмады. Жарты миллионға жуық адам дауыс бергісі келген екен. Бұл байқаудың үлкен танымалдылыққа ие екенін білдіреді. Ұйымдастырушы ретінде провайдерлердің кінәсін мойнымызға алып, ертеңгі телеарнаға шығатын эфирде дауыс беруді қайта жасағымыз келіп отыр”, – деді жоба жетекшісі.  



Оның сөзінше, эфир қалай жазылды сол күйінде беріледі. Тек дауыс беру үшін 2,5 сағат беріліп, сілтеме жаңартылады. Телекөрермен тікелей эфир барысында қайтадан дауыс бере алады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Тарихта бірінші рет қайтадан дауыс беру болайын деп тұр. Біз қашан да әділдік үшін шырылдаймыз. Бұл атаққа қайтадан Ақкербез лайық болуы мүмкін немесе Ақкербез болмауы да мүмкін. Бәрі халықтың еншісінде”, – деді Баян Мақсатқызы.  

Еске салайық, “Қазақ аруы-2024” байқауының жеңімпазы қызылордалық ару Ақкербез Ысқаққызы атанған еді.

Алайда қатысушыларға дауыс беру кезінде техникалық ақаулар туындап, көпшілік өз таңдауларын жасай алмағандарына наразылығын білдірген.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!