Connect with us

IN-THE-NEWS

Қуандық Бишімбаевтың жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды

Published

on

By

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын қайда өтеп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Айтбек Амангелдінің адвокаты Жанна Оразбақова желіде ҚАЖК-дан келген жауабын бөлісті. 

“Бұл хайуанаттар бағы емес”: Сенатор Қуандық Бишімбаевтың колониядағы фотосы неге жария етілмейтінін айтты Қуандық Бишімбаев балаларының тегін өзгертуге келісті READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бишімбаев Ақмола облысы бойынша Қылмыстық іздестіру департаментінің №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол Ақмола облысы Степногор қаласы, Пром. зона 7-ғимарат 14А көшесінде орналасқан”, – делінген хабарламада. 

Еске салайық, желіде әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаев өз жазасын өтеп жатқан жоқ деген ақпарат тараған еді. Бірақ кейін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті мұны жоққа шығарған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Атақты Майк Тайсон блогер-боксшымен болар жекпе-жек алдында көз түйістіру рәсімін жасады

Published

on

By

Супер ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон танымал америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полмен жекпе-жек алдында көз түйістірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Boxingscene.com

Майк Тайсон танымал америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полды көз түйістіру рәсімінде шапалақпен салып жіберді. 57 жастағы спортшы мен 27 жастағы блогердің бокс кеші 20 шілде күні, АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы “AT&T” аренасында өтуі керек еді. Бірақ белгісіз себептерге байланысты жекпе-жектің уақыты 16 қарашаға ауыстырылды. Қос спортшы бұл жолы да АҚШ-тың Арлингтон қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек 2 минуттан, 8 раундқа жоспарланған. Шетелдік БАҚ құралдарының мәліметіне сәйкес, “Темір” Тайсон бұл жекпе-жек үшін 20 млн АҚШ долларын иеленсе, Джейк Пол одан екі есе көп алады.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік,  Майк Тайсон соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылы Рой Джонсқа қарсы қойылым ретінде жекпе-жек өткізген. Ал Джейк Пол шаршы алаңда 10 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуде жеңіске жетсе, 1 рет жеңіліске ұшыраған. Ол Тайрон Вудли, Найт Диас, Бен Аскрен, Андерсон Сильва сияқты UFC-дің атақты спортшыларымен жұдырықтасып, жеңіске жеткен. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әлеуметтік желілердегі “әдемі өмірдің” жарнамасы жастарға зиянын тигізеді

Published

on

By

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілердегі “әдемі өмірдің” жарнамасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz

Президенттің айтуынша, әлеуметтік желілердегі әдемі өмір және “успешный успех” культі адамдарда бәріне оңай және қарапайым жолмен қол жеткізуге болады деген ой тудырады. Президент жастардың осыған сеніп, уақыттарын босқа өткізіп жатқанын атап өтті. 

“Бүгінде әлеуметтік желілердегі әдемі өмір мен “сәтті жетістік” деп аталатын агрессивті жарнама адамдарда бәріне қол жеткізу оңай және қарапайым деген ой тудырады. Кейбір жастар осыған сеніп, қымбат уақыттарын босқа өткізеді. Шыны керек, кез келген жетістіктің артында тынымсыз еңбек жатыр”, – деді Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбекерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде.

Президент еңбекқорлық пен жауапкершілік “ұлтымызға тән қасиетке” айналуы тиіс екенін атап өтті.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Мен еліміздің әрбір азаматының өмірлік мақсатының адал әрі жауапты еңбек арқылы табысқа жету болғанын қалаймын. “Жауапкершілігі мол азамат – адал еңбек – адал табыс” қағидасының мәні де осында”, – деді президент.

Президент жастарға сенетінін баса айтты. Сондай-ақ мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласы жастардың өзін-өзі дамытауына кең мүмкіндіктер аша алатынына сенім білдірді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жаркенттегі офицердің өліміне қатысты 4 адам қамауға алынды

Published

on

By

Жаркенттегі офицердің өліміне қатысты төрт адам қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Марқұмның жеке мұрағатынан

14 қараша күні Жетісу облысындағы 74261 әскери бөлімінде капитан Дархан Дәулеттің денесі табылғаны туралы жазған едік. Құрлық әскері қолбасшысының орынбасары қылмыстық іске қатысы бар 4 адамның ұсталғанын мәлімдеді. 

Марқұмның туыстарының айтуынша, ол 13 қараша күні түнгі кезекшілікке кетіп, түнгі 1-лер шамасында көз жұмған. Ал әскерилер офицердің өлімі туралы туыстарына таңғы сағат 7-де ғана хабарлапты. Марқұмды жуындырған ағасы оның қатты соққыға жығылғанын, қолдары мен аяқтарында арқан іздері, бас сүйегінде сызат барын айтады. 

“Істі тергеп жатқан құзырлы органдардан ең бірінші талап ететініміз – әділдік. Бауырымның, Дарханның өліміне қатысы бар адамдар заң алдында жауап беруін сұраймыз және талап етеміз. Бүгін жерлеуге жоғары шенді генералдар мен депутаттар қатысты. Олар кешірім сұрады. Генерал бұл істі әділ тергеп, оған қатысы барларды жазалайтынына уәде берді. Бірақ қандай бап бойынша іс қозғалып жатқанын білмейміз”, – дейді марқұмның бауыры Ермек Мұсаұлы Kazinform басылымына берген сұхбатында.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұған дейін құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі офицердің диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс оқу-жаттығу кезінде алған жарақатынан қайтыс болғанын хабарлаған еді. Алайда марқұмның жақындары мұнымен келіспейді. Олар ұлдарының жаттығу кезінде қайтыс болғанына күмәнмен қарайды.

“Оқиға дерегі бойынша қорғаныс министрінің бұйрығымен әскери бөлімге комиссия жіберілді. Іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға әскери бөлімнің ішінде болған. 4 күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл күні жеке жоспар бойынша жаттығулар болғанын растаймын. Бауырымызды ақтық сапарға шығарып салдық. Ата-анасы мен жақын туыстарына қорғаныс министрі мен барлық құрлық әскерлерінің атынан көңіл айтамыз”, – деді құрлық әскері қолбасшысының орынбасары, полковник Арынғали Ақышев.

Еске салсақ, бұған дейін Жаркенттегі әскери бөлімшеде капитанының мәйіті табылғаны туралы жазған едік. Мұрқұмның туыстары оны үш сарбаз майордың тапсырмасымен соққыға жығып өлтіргенін алға тартты. Қорғаныс министрлігі мұндай нұсқаны жоққа шығарды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!