Connect with us

IN-THE-NEWS

15 қараша – Ұлттық валюта күні: Теңгеміздің шығу тарихы қандай

Published

on

By

15 қараша – Ұлттық валюта күні! Еліміздің төл валютасына биыл 31 жыл болды. Бұл күнді еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлері кәсіби мереке ретінде тойлайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осыдан 30 жыл бұрын 1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге алғаш рет айналымға енгізілді.

Теңге тарихы

Ұлттық валютаны игеру бір жылда аяқталды. 1992 жылы ұлттық валютаны дамыту үшін мамандар тобы құрылды. Жұмыс Қазақстан мәдениетінің дамуының тарихи аспектілерін зерттеуден басталды. Ақша бірлігін “танга”, “доңға”, “тенга” нұсқалары бар тарихи түркі атауы “теңге” деп атау идеясы белгілі қазақстандық экономист Сауық Тәкежановқа тиесілі.

1993 жылы 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы” жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға енді. 

  • 1995 жылы 19 мамырда Ұлттық банктің банкнот фабрикасы ашылды;  
  • 1995 жылы 1 тамызда Қазақстан теңге сарайының коллекциялық монеталарының бірінші басылымы шығарылды. Сериал Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған еді;
  • 1996 жылы Қазақстан теңге сарайы алғашқы инвестициялық монеталарды – “Жібек жолы” сериясын шығарды;
  • 2006 жылы теңгенің дизайны жаңартылып, “Бәйтерек” монументі бейнеленген жаңа серия айналымға енді;
  • READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

  • 2011 жылы банкнот сериясы “Қазақ елі” монументі бейнеленген жаңа сериямен толықтырылды;
  • 2023 жылы 8 қарашада KÓKBÓRI инвестициялық монеталарының жаңа сериясы шықты;

  • 2023 жылы 15 қарашада “Сақ стилі” теңгелік банкноттардың жаңа сериясы таныстырылды.

Валютаны кімдер жасады?

Мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізу бойынша жұмыс тобын құрды. Топты Ұлттық банк төрағасы Дәулет Сембаев басқарды.

Алғашқы теңгенің дизайнына белгілі суретшілер мен дизайнерлер – Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Досбол Қасымов және Хайрулла Ғабжалилов жауапты болды.

1992 жылы Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының базасында Қазақстан теңге сарайы құрылды. 1993 жылы айналымдағы монеталардың бірінші өнеркәсіптік партиясы шығарылды.

Теңгеде қолданылатын қорғау элементтерінің қатарында банкноттарды және басқа да қорғалған баспа өнімдерін өндіруге арналған қорғаныш қағазы, бояулар, қорғаныс дәрежесі бар голографиялық фольга, полимерлі және пластик негізіндегі субстраттар бар. Мысалы, 20 000 теңгелік банкнотта 25 қорғау элементі бар.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Айсәуле Бақытбек “Қазақ аруына” қатысты ойын бөлісті

Published

on

By

Танымал блогер Айсәуле Бақытбек қызу талқыға түскен “Қазақ аруына”қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жеке парақшадан алынды

Желі жұлдызынан әлеуметтік желідегі оқырман “Қазақ аруы” байқауының қаншалықты шынайы өткенін сұраған. Айсәуле Бақытбек анасы байқауды әділ өткізгеніне сенімді екенін жеткізді.

“100 мың адам дауыс берді. Менің ойымша, таза жеңіс. Жеңімпазды әділетсіз таңдаудың маңызы жоқ. Байқауды жеке басының қамын ойлауы мүмкін дейтін “ағашка” емес, менің анам ұйымдастырды. Жеңімпаз қыздың біздің отбасыға ешқандай туыстық қатысы жоқ. Өзім кеше оны басқа қатысушы қыздармен бірге бірінші рет көрдім. Анама байқаудағы жеңіс үшін ұсынатын ақшаның қажеті де жоқ. Осыдан өздеріңіз қорытынды шығарсаңыздар болады”, – деді Айсәуле Бақытбек. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Еске салайық, Баян Мақсатқызы жыл сайын байқаудың арты үнемі дауға ұласатынын да жасырмаған еді. 

“Осындай шараға қыруар ақша жұмсап, жеңісті біреуге алып беру бізге қызық емес. Ондаймен айналыспаймыз. Жеңімпаздарды сөкпейді. Адамдар неше түрлі пікір айтады. Байқаудың әділ өтпеуі бойынша жыл сайын маған айып тағылады. Бізде барлық дәлел, хаттама бар”, – деген еді Алагөзова. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Оңтүстіккореялық мектеп түлектері 8 сағаттық тесттің маңызы туралы айтты

Published

on

By

Оңтүстік Кореяда 8 сағатқа созылатын Сунын деп аталатын тест елдегі мектеп түлектері үшін өте маңызды екен. Сынақтың маңыздылығын оқушылардың тестке дайындығы мен мемлекеттің тест күні түлектерге көрсететін қолдауынан-ақ білуге болады. Болашақ студенттер Сунын тапсыру үшін ішетін тамағы мен әжетханаға бару уақытын да бақылауға алып, дайыдалады екен.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: BBC/Getty Images

Түлектер үшін Сунын – 8 сағат, 5 тест, 4 үзіліс, бір күн және бір мүмкіндік. 14 қараша күні оңтүстіккореялық түлектер Сунын тестін тапсырады. Олардың айтуынша, бұл тест олардың жоғары оқу орнына түсер алдында білімі мен қабілетін тексеру ғана емес. Сунын нәтижелері оқушының тағдырын, болашақ жұмысын, табысы мен жеке өміріне әсер етеді.

19 жастағы Хён Мин Хван кейбір достарының тест күні берілетін тағамның жақсы сіңіретініне көз жеткізу үшін емтиханға бірнеше күн қалғанда дәл сол тамақты жеп, өзін дайындайтынын айтады. Олар әдетте емтихан күні таңғы асты өзімен бірге әкеледі.

“Сунын сегіз сағатқа созылады, әр пән арасында 20 минуттық үзіліс және 50 минуттық түскі үзіліс бар. Әр пән бойынша тесттер 80-ден 107 минутқа дейін созылады. Бұл сынақ жоғары зейінді қажет етеді. Кейбір достарым сол күннің тәртібіне үйрену үшін белгілі бір уақытта ұйықтап, оянады. Зейінді жақсарту үшін денеңіз демалу керек. Сондай-ақ әжетханаға шыға беруге де болмайды”, – дейді Хён Мин Хван.

Бұл күні түлектер шикі, ащы тағамдардан және ұннан жасалған, кеспе сияқты крахмалды тағамдардан аулақ болуға тырысады. Керісінше, банан, алма сияқты жемістер жеуге кеңес береді. Мұнда ақуыз да маңызды рөл атқарады. Оқушыларға тест кезінде түскі асқа асылған күріш, көмештелген балық, тауықтың төс еті, көкөністер және жылы сорпа береді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сунын тапсыратындардың қатарында Кан Ю Чжон есімді мектеп түлегі бар. Ол “Оқу-білім – болашағыңды қамтамасыз етудің жалғыз жолы” деп санайды. 

“Көп нәрсе тесттің нәтижесіне байланысты. Оған қарап басқалар сіздің әлеуметтік жағдайыңызды, өзгелердің сізді қалай қабылдайтынын анықтайды. Тест нәтижесі тіпті романтикалық қарым-қатынаста да маңызды рөл атқарады. Жұбыңыз сізді лайықты адам көре ме, жоқ па? Бұл да Сунынның нәтижесіне байланысты”, – дейді Кан Ю Чжон.

Сунын бес міндетті пәнді қамтиды: корей тілі, математика, ағылшын тілі, Корея тарихы және қоғамтану немесе жаратылыстану. Француз, қытай, жапон, орыс немесе араб тілдерінен қосымша емтихан тапсырылады.

Түлектер емтихан тапсыратын күні оларға тұтас мемлекет қолдау көрсетеді. Таңертең полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем тестке кешігіп бара жатқан студенттерді емтихан өтетін орынға жеткізіп тастауға дайын тұрады. Жол қозғалысын жеңілдету үшін Кореядағы көптеген компаниялар жұмысшыларға тест күні әдеттегіден кеш келуге рұқсат береді, тіпті қор биржасы кеш ашылады. Ал ағылшын тілінен аудио тестілеу кезінде әуе қозғалысы 35 минутқа тоқтатылады.

Емтихан күні кейбір мектептер жабылып, емтихан тапсыратын орталық ретінде қызмет етеді. Төменгі сыныпта оқитын оқушылар таңертең жиналып, барабан соғып, ән айтып, емтихан тапсыратын түлектердің көңілін көтеруге тырысады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көрсетті

Published

on

By

Танымал әнші Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көпшілікке көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Өнер иесінің енесі “Айгүл” вокалды-аспапты ансамблінің құрамындағы әнші Ақжан Жайсанбаева болып шықты.

“Екі күн болды Алматыдан енем келіп, өзімнің келіндік міндетімді атқарып жатырмын. Құдайдың құдіретіне шек жоқ қой. Мамам 1968 жылы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған “Айгүл” вокалды-аспапты ансамблінің құрамында әнші болған Ақжан Жайсанбаева. Қазір жасы 76 да. Мен өмірге келген жылдары ансамбльдің дүркіреп жатқан кезі екен. Содан менің мамамның құрбысы менің атымды сол ансамбльдің құрметіне Айгүл деп қойған екен”, – деп жазды әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі өмірлік жар таңдауға қатысты кеңесін де бөлісті. 

“Тағдыр жолымда араға қаншама жыл салып, өмірлік жартымның анасы “Айгүл” ансамблінде әнші болғандығы кезедейсоқтық еместігі анық. Қадірлеймін. Ал бүгін менде “Хабар” арнасында таңғы эфир болды. Ал мамамды “Абай” арнасы “Айгүл” ансамблінің құрамымен түсірілімге Алматыдан алдырады.Таңертен екеуімізде әртіс болып айнаның алдында жиналғанымыз тіпті қызық болды. Шын сұрасаң жаратқан өз адамыңды кездестіреді. Басқа адамға шын жүрегіңмен тілекші болсаң,ол өзіңе мың есе жақсы нәрсе болып қайтады”, – деп жазды Иманбаева.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, “Балам – күшті, келінім – оңбаған” деген Айгүл Иманбаева енелерге үндеу жасаған еді. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!