Германия канцлері Олаф Шольц пен Ресей президенті Владимир Путин араға екі жыл салып, алғаш рет телефон арқылы сөйлесті. Шамамен бір сағатқа созылған әңгімеде Германия канцлері Путинге соғысты тоқтатуды талап етсе, Ресей өз тарапынан әрекетінің дұрыс екенін алға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Reuter/DPA
Қоңырау Германия тарапынан бастама ретінде ұйымдастырылды. Бұған дейін Ресей мен Германия басшылары 2022 жылдың желтоқсанында телефон арқылы сөйлескен.
Путин мен Шольцтің арасындағы әңгіме шамамен бір сағатқа созылған. Әңгіме барысында Германия канцлері Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын айыптап, бәрін тоқтатуды сұрады. Сонымен қатар, Шольц Германияның Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыратынын және оны барынша қолдайтынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ, “әділ және тұрақты бейбітшілік” орнату үшін келіссөздер жүргізуге шақырды.
Путин өз кезегінде Украинаға қатысты бұрынғы позицияларын сақтайтынын ашық айтты. Ол қазіргі жағдайды “НАТО-ның ұзақ жылдар бойы жүргізген агрессивті саясатының салдары” деп атады. Путин келіссөзді “жаңа аумақтық шындықтар” негізінде жүргізу керек деп мәлімдеді. Яғни Ресейдің жаулап алған аумақтарын өзінде қалдыруды талап етті.
Кремльдің хабарламасы бойынша, Путин Ресейдің келіссөздерге ашық екенін және Германиямен, әсіресе энергетика саласында, ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті. Ресейдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әңгіме Германия тарапынан басталғанын және диалогты жалғастырудың маңыздылығын баса айтты. Алайда пікірталастардың бар екенін де жоққа шығармады.
Батыс елдері Ресеймен ынтымақ орнатуға ұмтыла ма? Украинаға көмек ше?
Деректерге сүйенсек бұл әңгіме 2022 жылдан бері Ресей президентімен тікелей байланысқа шыққан бірінші батыс көшбасшысы болып табылатын Шольц үшін маңызды қадам болды. Одан бқлек бұл, Батыс елдерінің Ресеймен байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысын білдіреді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
New York Times газетінің мәліметінше, бұл әсіресе, АҚШ-тағы сайлаудың нәтижелерімен байланысты болып отыр. Енді Украинаға қолдау көрсеткен Батыс саясаты өзгеруі де мүмкін.
Бұл екі елдің президенттерінің бір-біріне қоңырауы Украина үшін қиын болды. Себебі онсыз да үшінші жыл қатарынан Ресейдің шабуылына қарсы тұрып келген ел энергетикалық инфрақұрылымның айтарлықтай бүлінуі жағдайында. Сонымен қатар, АҚШ-та Дональд Трамптың жеңісі Украинаға Батыс тарапынан көрсетілетін көмекке тағы да күман тудырды. Германия Украинаға қолдау көрсетіп отырған АҚШ-тан кейінгі екінші үлкен ел.
Дегенмен Шольц Путинге хабарласпас бұрын Украина президенті Владимир Зеленскиймен байланысқа шықты.
Зеленский Шольцтің Путинмен байланысқа шығатынына наразылық білдірді. Ол бұл оқиғадан кейін Путиннің көптен күтіп жүргеніндей басқа елдерден де қоңырау күтетінін мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, Путин “нақты бейбітшілікке” емес, “үзіліс алу” үшін уақыт ұтуға ұмтылып отыр.
Шольц бұған дейін Путинмен G20 саммитіне дейін тікелей сөйлесуді жоспарлағанын айтқан еді. АҚШ пен Еуропалық одақтың серіктестерімен тығыз байланыста болатынын да мәлімдеді.
Дегенмен Шольц өзінің парламенттегі сөзінде Германияның елде қанша дағдарыс болып жатса да Украинаға қолдау көрсетуін жалғастыратынын атап өтті.
Осылайша, Шольц пен Путиннің телефон әңгімесі Батыс дипломатиясы үшін маңызды қадам болды.