Connect with us

IN-THE-NEWS

Ауыл шаруашылығы министрі танымал “шайн мускат” жүзімінің дәмін көріп, тексерістен өткізетінін айтты

Published

on

By

Желіде қазақстандықтар арасында “шайн мускат” жүзімі қызу талқыға түсіп жатыр. Аталған жеміс-жидекке қатыысты Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: timeout.com

Кей ақпарат көздері жүзімде химиялық заттар көп екенін айтып отыр. Ал министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстанға жеткізілетін кез келген өнім зертханаға тапсырылуы тиіс.



“Сондықтан біз мұндағы зертханамызды жаңа құрал-жабдықтармен нығайтпақпыз. Ветеринарияға арналған тоғыз жабдықты сатып алып жатырмыз. Осылайша бізге өнімнің сапасын тексеру оңайырақ болады”, – деді министр.

Ол жүзімді өзі сынамағанын, бірақ шекарадан өткен болса, онда барлық қажетті сертификаттар бар екенін айтты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Жоқ, оны әлі сынап көрген жоқпын. “Корей” жүзімдерін тексеріп көрейік. Шекарадан өткен болса құжаттары, анықтамалары бар деп ойлаймын. Егер жер асты жолымен келсе, басқа мәселе. Бүгін комитет төрағасына тапсырма беремін. Ол үлгісін алып, тексеріп көрсін”, – деді Сапаров.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар дубай шоколадынан соң, жаппай жапон жүзімін алуға көшкені туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Әйел қызы жол апатынан қаза тапқан жерден оның елесін байқаған

Published

on

By

2018 жылдың 15 наурызында 16 жастағы Изабель Гонсалес үш досымен бірге Калифорния штатының Сан-Хосе қаласының көшесімен көлікпен келе жатқан. Марихуана шегіп, қатты алкогольдік мас күйінде болған олар жол апатына ұшырайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail.co.uk порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: 1. San Jose Police Department / 2. Мелинда Мартинестің жеке архивінен

Мәліметтерге сенсек, топтағы ең үлкені 22 жастағы Брэндон Гомес еді. Ол көлікті басқарған. Алайда көліктегі барлық жолаушы, тіпті, жүргізушінің өзі де, марихуана шегіп, қатты алкогольдік мас күйінде болған.

Сондықтан Брэндон бір сәтте рөлге ие бола алмай, көлік жол шетіндегі ағашқа соғылған. Брэндон мен Изабель оқиға орнында қаза тапты. Ал екі жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жол апаты болған жерді полицейлер суретке түсіріп, суреттер есепке енгізілген. Кейін Изабельдің анасы, 43 жастағы Мелинда Мартинес апат болған жерде түсірілген суреттер мен есепті көруге рұқсат сұрайды.

Фотосуреттердің бірінде ол ағаштың жанында, көлік қалдықтарының арасында тұрған, адамға ұқсас ақшыл, жартылай мөлдір пішіндерді байқайды.

“Мен оның не өткергенін, жақсы ма, әлде жаман ба – бәрін білгім келді. Олар маған бірнеше суретті берді. Соларды қарап отырып, “Құдайым-ай, бұл періштелер ғой” деп айттым. Менің қызымның ерекше болғаны соншалық, Құдай бізге осы сәтті көруді нәсіп етті деп ойлаймын. Егер бұл суреттерді көрмесем, қазір мұнда болмас едім. Өйткені қызыммен бірге болғым келетін”, – деді Мелинда. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Суреттің үлкейтілген фрагментінде, шынымен де, жақын тұрған екі-үш адамның бейнесіне ұқсайтын, ақ жамылғыдағы бұлдыр фигуралар көрінеді.

Желіде кейбіреулер мұны оптикалық иллюзия деп есептесе, басқалары періштелерге сенеді. Үшінші топ бұл фотода періштелер де, иллюзия да емес, қаза тапқан Изабель мен Брэндонның жандары деп ойлайды.



Еске салайық, бұған дейін колумбиялық Паола Флорес есімді әйел 20 жыл бойы елеспен жыныстық қатынасқа түскенін және оның азу тістері мен жүзі гаргойлға ұқсас түрін көргенде ғана тоқтатқанын айтты. Әйел оның қорқынышты жүзін көргеннен кейін қорқып кеткенін айтып, перімен қарым-қатынасын тоқтатуға бел буады. Психолог Мартиза Монтеалегре әйелдің бұл әрекеті көп адамда кездесе бермейтінін айтады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

“Гастроцентрдің” құрылтайшысы болған вице-министр Бишімбаевпен не байланыстырғанын айтты

Published

on

By

Цифрлық даму министрлігі басшысының бірінші орынбасары Қаныш Төлеушин Салтанат Нүкенованы өлтірген елордалық “Гастроцентрдің” құрылтайшылары құрамынан қалай шыққаны туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz, Жоғары сот

Вице-министрдің айтуынша, ол бизнеске мемлекеттік қызметтен бұрын келген.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Әртүрлі жобаларға, соның ішінде осы жобаларға да инвестиция салдым. Бұл жобада қазір құрылтайшы емеспін. Қуандық Бишімбаевпен қандай қарым-қатынаста болдым? “Болашақ” бағдарламасының барлық түлектері әркез өз жобаларымен бөлісетіндіктен, үнемі кездесіп жүреді. Сондықтан, “Болашақ” бағдарламасының барлық түлектері сияқты біз де үнемі сөйлесіп отыратынбыз. Бұл бізді байланыстыратын жалғыз нәрсе шығар. Сондықтан, тағы да қайталаймын, мен бұл нысанда қазір құрылтайшы ретінде жоқпын”, – деді Қаныш Төлеушин.



Оның айтуынша, ғимаратқа иелік ететін компаниядағы үлесін сатуды ол иемлекеттік қызметке ауысқан кезде Салтанат Нүкенованың қазасына дейін жоспарлаған. Төлеушин 2023 жылдың маусым айында цифрлық даму вице-министрі болды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Sax Invest қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды

Published

on

By

“Sax Invest” қаржы пирамидасының қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оған инвесторлар 1 миллиард теңгеден астам  қаржы құйған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚМА

Қаржы мониторингі агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мәліметінше, “Sax Invest” қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған бір топ адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.



Агенттік дерегінше, компания өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздардың, қаржы құралдарының және басқа да активтердің иесіміз деп таныстырған. Сондай-ақ Африкадағы алмаз өндіру жөніндегі жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде көрсеткен.

Ведомство “Sax Invest” тіркеуден өтпегенін және қаржы нарығында жұмыс істеуге лицензиясы жоқ екенін айтты. Сонда-ақ оның қызметі қаржылық пирамидаға тән белгілерге ие болған:

  • жылдық 24-36%-ға дейін жоғары кірістілік уәдесімен бұқаралық ақпарат құралдарында және интернетте агрессивті және жаппай жарнаманың болуы;
  • ұйымның қаржылық жағдайы, меншікті негізгі құралдары, басқа активтері туралы қандай да бір ақпараттың болмауы.

Агенттік мәліметінше, 2018-2022 жылдар аралығында пирамидаға мыңнан астам адам 1 миллиард теңгеден астам инвестиция салған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Облыстық прокуратураның келісімімен облыстағы пирамиданың құрылымдық бөлімшесін басқарған Қазақстан азаматы күдікті ретінде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында”, – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

“Филиалдары республика бойынша жұмыс істейтін Sax Invest қаржылық пирамидасының ұйымдастырушысы С.Меңдіғалиевқа халықаралық іздеу жарияланды”, – делінген агенттік хабарламасында. 

Агенттік қаржы пирамидасының алаяқтық әрекетіне тап болған азаматтардан тұрғылықты жері бойынша экономикалық тергеу бөліміне хабарласуды сұрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жұртшылық инвестиция арқылы қаражат табамыз деп қомақты ақша салған “Sax Invest” сайтының ұйымдастырушысы ұсталғаны хабарланған еді.  

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!