Connect with us

IN-THE-NEWS

Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер үйінде жарық, су және газсыз тұрып келген

Published

on

By

Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жарығы, газы мен суы жоқ үйде тұрып жатыр. Оның үстіне Валентина Бердинаның құжаттары жоқ болғандықтан, зейнетақы да алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Дегенмен көршілері зейнеткерді аш қалдырмайды екен. Ол тоңып қалмасын деп отын жинап, пеш жағып беретін көрінеді. 72 жастағы зейнеткер қыс жақындап қалғандықтан пешіндегі оты үзілмес үшін отынды балтамен өзі шабады екен. 

“Менің төлейтін ақшам болмады. Күйеуім қатерлі ісікпен ауырып, 22 жыл бұрын қайтыс болды. Сосын олар бәрін өшірді. Бір әйел үйге келіп, баламмен бірге тұратынын жеткізді. Ол жарық үшін ақша төлегенін айтады. Дегенмен маған түбіртектерді көрсетпеді. Мен оған сендім. Алайда ол төлемеген болып шықты”, – деді зейнеткер.  

Валентина Петровна осы үйде туып, отбасын құрып, екі баласын дүниеге әкелген екен. Бірақ қартайған шағында жалғыз қалыпты. Зейнеткер қызын көптен бері көрмеген. Ал ұлы анда-санда келіп тұрады екен. Бірақ әйел олардан көмек күтпейді.

Валентина Петровна зейнетақы алсам бәрі оңайырақ болар ма еді, дейді. Бірақ оның қолында тек туу туралы және неке туралы куәліктері бар. Сондықтан ол жәрдемақы немесе зейнетақы ала алмайды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Көршілерімнің бәрі қазақ. Олар мені аш қалдырмайды. Кеше қой сойылды. Олар маған соны әкеліп берді. Мен әлі де жер жыртып, өзім жұмыс істей аламын. Бірақ олар мені жұмысқа қабылдамайды”, – дейді зейнеткер. 

Жақында еріктілер зейнеткерге келіп, коммуналдық қарыздарын төлеп беріпті. Электр қуаты мен газбен жылыту кез келген күні қолжетімді болады. Бірақ зейнетақыны рәсімдеу қиынға түседі, дейді. 

“Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” кодекске сәйкес қалада еңбекке жарамды жастағы балалары болғандықтан, Бердинаның бізден көмек ала алмайды. Балалары ресми түрде бас тартқан жағдайда ғана мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Сонда Валентина Петровна жалғызбасты деп танылып, әлеуметтік қызметкермен қамтамасыз етілуі мүмкін”, – дейді Ақтөбе қалалық әлеуметтік көмек орталығының директоры Нәзия Шаяхметова.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстан мүфтияты “қалың мал” мен “мәһрды” ресми түрде біріктірді

Published

on

By

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы некеге тұрған қызға беретін “қаланың мал” мен мәһрды біріктірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы “әке еңбегі”, “ана сүті” сияқты қалыңдықтың ата-анасы мен отбасына дәстүрлі сыйлықтар мәһр болып саналмайтынын атап өтті.

“Қалың мал – бұл қазақ халқының дәстүрлі салт-дәстүрлері бойынша қалыңдық үшін берілетін ірі қара мал. Фикхтің кітаптарында күйеу жігіттің қызға жиһаз сатып алу үшін берген малы “дустиман” деп аталады”, – деді ол. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ғалымдар шариғатта “қалың малды” “мәһр” деп санауға қатысты бірнеше көзқарасы бар екенін атап өтті. 



Ағабек Қонарбайұлы мүфтияттың осы мәселе бойынша шешімін жариялады.

“Шешім бойынша күйеуі тарапынан берілген қалың малды қыз махр ретінде қабылдап, қолдана алады”, – деп жазды ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

"Досыма келдім": ресейлік әнші Леонид Агутин Батырхан Шүкеновтің зиратына барды

Published

on

By

Ресейлік танымал әнші, композитор Леонид Агутин Алматыға келіп, арнайы Батырхан Шүкеновтің зират басына барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

. Фото: https://www.instagram.com/agutinleonid

Өнер иесі желіде жазба жариялап, марқұм досына деген сағынышын жеткізді.

“Алматыда жүргенде досымның зират басына барып қайттым. Бармағаныма біраз болыпты. Тауда әсем жерде орналасқан, айналасының барлығы тап-таза. Батырды білетін, оны мақтан тұтатын, оған қамқор болып жүрген жандарға алғыс айтамын. Қызығы, мыңға жуық адам жерленген үлкен бейітке қарай бет алғанда ары қарай қалай жүру керегін білмедік. Жүргізуші бірінші кезіккен адамнан Батырдың зираты қайда деп сұрады. Ол қай Батыр екенін анықтамай-ақ, бірден жол көрсетті. Батыр, қымбаттым, қайталанбас тұлға. Сені қатты жақсы көреміз, сені сағындық”, – деп жазды Агутин. 

“Жалғыз ұрпағын көп көрмейміз, естімейміз”: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Батырхан Шүкеновтің анасының арманын айтты

“Қызылордада аман-саулық сұрасатын бір ғана жан бар”: Қайрат Әділгерей марқұм Батырхан Шүкеновтің анасына барды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, Ұлттық банк Батырхан Шүкеновтің туған күніне орай коллекциялық монеталар шығарғанын жазған едік. 

 

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Леонид Агутин (@agutinleonid)

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматы облысында отқа оранған үйдің иесі өрт сөндірушілерді сотқа беріп, 12 миллион теңге өндіріп алды

Published

on

By

Алматы облысында сот жергілікті өрт сөндіру қызметін тұрғын үйдің өртеніп кеткені үшін шамамен 12 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Құтқарушылар өрт туралы хабарламаны елемей қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Іс материалдарына сәйкес 2023 жылдың мамыр айында Елтай ауылында құрғақ шөп өртене бастаған. Сол ауылдың тұрғыны өрт үйіне жақындап келе жатқанын байқап, өрт сөндіру бөліміне сағат 17:30 шамасында қоңырау шалған. Алайда өрт сөндірушілер бұл шақыртуды назарсыз қалдырған.

Жоғарғы соттың хабарлауынша, өрт шыққан жерге әкімдік өкілі келіп, жергілікті тұрғындармен бірге қолда бар құралдармен өртті сөндіруге тырысқан. Алайда өрт сөндіру қызметі тек сағат 22:40-та, жалын жәбірленушінің үйіне жеткен кезде ғана келіп, өртті сөндіруге кіріскен.

Осылайша үй толығымен жанып кеткен. Үй иесі 11,9 миллион теңге шығынды өндіріп алу үшін сотқа талап арыз берген. Сонымен қатар жергілікті билік пен өрт сөндіру қызметінің әрекетсіздігін заңсыз деп тануды талап еткен. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Сот өрт сөндіру қызметінің әрекетсіздігін заңсыз деп танып, оларға келтірілген материалдық шығынды, яғни 11,9 миллион теңгені өтеуді міндеттеді”, – делінген сот хабарламасында.

Өрт сөндіру қызметі апелляция берді. Алайда Алматы облыстық соты бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.



Еске салайық, бұған дейін жедел жәрдем бригадасын жалған ақпаратпен шақырған Ақтау тұрғынына 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол осылайша әзілдемек болған. Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі жағдайды баяндап берді. Оқиға 14 қазанда болған. “103” пультіне көп дәрі-дәрмек қабылдағанын айтқан Ақтау қаласының тұрғынынан шақырту келген.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!